СӨЗ СӨЙЛЕУ ӨНЕРІН ҮЙРЕНІҢІЗ
Қандай адам болмасын, оның ой-өрісінің, білімінің, мәдениетінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалды. Адамның сөйлеу мәдениеті жоғары болса, ол адам мәдениетті әрі ақылды. Сөз сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді.
Жоғары буын басшылары, менеджерлер, заңгерлер, әкімшілік қызметкерлеріне көпшілік алдында сөз сөйлей білу аса қажет.
Көпшілік алдында сөйлеу үшін тәжірибе керек.
Атақты шешендердің айтуынша, сөз бәріне түсінікті, қарапайым, қызықты болуы шарт. Сөйлеуші сөйлегенде тыңдаушыларын қаншалықты қызықтыра алса, соншалықты табысқа жетеді. Сөйлеуші шешен бүкіл аудиторияның назарын өзіне аудару керек, әсіресе тыңдағысы келмегендердің көңілін жаулап алу керек. Сөйлеуші шешен кіріспені қызықты мысалдармен, мақал-мәтелдер, нақыл сөздермен немесе тыңдаушыларды ойландыратын дәйек сөздермен бастағаны жөн. Тыңдаушылардың көңілін аударатын тәсілдердің бірі – оларға сұрақ қою арқылы да назарын аудару. Кейде аудиторияны қызықтыратын тақырыпқа қатысты оқиғаларды әңгімелеу де ұтымды болып щығады.
Негізгі бөлімге енген материалдар жүйелі орналасу қажет. Сөйлеушінің соңғы сөзі әсерлі болуы керек. Аудиторияны бақылаудан шығармай, нәтижеге қолыңыз жеткенін байқаған бойда сөзіңізді аяқтаған дұрыс. Сөздің аяғы басталуы секілді есте қаларлық болуы керек: ерекше сөз орамы, ұран, жарқ ететін мысал, эмоция әсер ететін цитата т.б.
Әрбір адамға табыс биігіне жету, мансап сатысымен жоғарлау үшін әсерлі де сенімді сөйлеудің тигізер септігі мол. Әдемі сөзге ие, бұлтарпас дәлел келтіре алатын, оқиғаны дәл суреттеп жеткізе білетін, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін сөзбен түйе алатын адам қай кезде де бәсекелестікке қабілетті болады.
А.Аймағанбетова
Мәтіннің сөз қисындылығы талаптарына сай немесе қайшы жазылғанын дәлелдеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |