«Бухгалтердің міндеттері мен оған қойылатын талаптар» деген тақырыпта реферат дайындаңыз.
СӨЖ
Іскерлік қатынастағы құжаттадың бірнеше түрін жазыңыз.
Университетте өтілетін мемлекеттік тілді дамыту мақсатындағы олимпиадаға байланысты басқа оқу орнына жіберілетін жеделхаттың мәтінін құрастырыңыз.
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ. ОРФОЭПИЯ. СӨЗ БАЙЛЫҒЫ .
ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУЛЕР
Сабақтың мақсаты. Мәтіндер арқылы, сөйлеу мәдениеті заңдылықтарын меңгерту, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту. Тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауды насихаттау.
Тірек сөздер: серіктестік, іскерлік, іскерлік кездесу, іскерлік орта, іскер адам, іскерлік қарым-қатынас, іскерлік байланыс, күнделікті байланыс,
сөйлеу мәнері, сөз байлығы, тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, сөз әдебі, әдеп ережелері, кішіпейілділік, сыпайылық, ынтымақтастық, келісім,
бухгалтерлік есеп, қаржы, төлеу-есептесу, өлшеу, бақылау.
Сөйлеу мәдениеті өспейінше жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды.
Мәтінмен жұмыс. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап беріңіз.
Сөйлеу мәдениеті
Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:
Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.
Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.
Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.
Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.
Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек.
Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек.
Аристотель: «Күллі адам баласы белгілі дәрежеде шешендіктану іліміне қатысты. Демек, іскер, бизнесмен, заңгер, мұғалім, агроном, әлеууметтік сала қызметкері, дін саласын уағыздаушы өз кәсібінің шарықтау шегіне жеткісі келсе, сөйлеу өнерін жетік меңгеруі тиіс. Себебі оларға адамдармен үнемі қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, кеңес беруге, ұстаздық етуге, ресми ретте шаршы топ алдында сөйлеуге тура келеді. Ал шаршы топ алдында сөйлеу үшін не айтатыныңды білу аздық етеді, бұған қоса қалай айту керектігін білген жөн. Іскер маман өзі сөйлерде «Кімдерге сөйлеймін?»,
«Оларға не айтамын?», «Оларға мұны не үшін айтамын?» деген сауалдарды ойлануы тиіс.
Жинақтай айтсақ, іскер маманның жоғары дәрежедегі сөйлеу мәдениетінің болуына қойылар талаптар мынандай: тыңдаушыны қадірлей білу, сөйленген сөздің анық, дәл, айқын естілетін болуы, сөз сөйлеуде бет-аузыңның, қолыңның қимылын қатыстыру. Тыңдаушыға көз қырын салу, сөзді тыңдаушы ығыр болған сөзден бастамау, сөздің қысқа әрә тұжырымды болуын қадағалау. Адамның қалай сөйлегеніне қарап, оның рухани және парасаттылық өрісін, ішкі мәдениетінің дәрежесін анықтауға болады.
(Ғалия Абилбакиева «Шаршы топта сөйлеу
мәдениеті»)
Сөйлеу әдебінің жағдаяттары: назар аудару және назарды өзіне аударту,
амандасу, тыңдау, шақыру, өтініш айту, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, өошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу, т.б. түрлерді атауға болады.
Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз. Іскерлік әңгіменің мазмұнына назар аударыңыз. Сөз орамдары қалай қолданылған?. Өзіңіз сұхбат құрыңыз.
Сәлеметсіз бе?
Сәлеметсіз бе! Сізге қандай көмек көрсете аламын?
Уақытыңызды алғаныма ғапу етіңіз. Маған «Кең дала» компаниясының директоры Әли Ахметұлы керек еді.
Мына кабинетке кіріңіз.
Рақмет.
Сәлеметсіз бе?
Сәлеметсіз бе! Мен – «Эльдар» компаниясының директоры Әдемі Оспанқызы боламын.
Төрлетіңіз. Танысқаныма қуаныштымын. Сізге қандай көмек қажет?
Біздің компания Қазақстанның барлық облыстарына өнімдерін шығарып, елімізді сүт тағамдарымен қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан сіздердің компанияларыңызбен бірлесе отырып, сүт өнімдерін ТМД елдеріне экспорттасақ деген ұсыныспен келіп отырмын. Бұл мәселе туралы не ойлайсыз?
Жақсы. Ол үшін өнімнің сапасын жоғарылатып, жылдық есеппен санын көбейту керек. Біздің компания ТМД елдеріне өнімін он жылдан астам уақыт экспорттап келеді. Егер мүмкіндіктеріңіз болса, өнімді өндіру сапасын жақсартайық.
Тіптен тамаша болды ғой. Керекті құжаттарды қашан толтыра аламыз?
Онда бір жеті ішінде барлығы дайын болады.
Сізге көп рақмет. Уақытыңызды алғаныма кешіріңіз.
Сау болыңыз!
Көріскенше.
Сөйлеу әдептілігіне байланысты айтылған ойға назар аударыңыз, тәрбиелік мәнін талдаңыз.
Тым қатты, тым ақырын не тістеніп сөйлемеңіз.
Тіл тигізіп, сөз жүргізбеңіз.
Біреудің сөзін бөлмеңіз.
Біреу жаңылысса, сөкпей, жаймен түсіндіріңіз.
Қателессеңіз, мойындаудан ұялмаңыз.
Ата-бабаңыздың артықшылығын айтып мақтанбаңыз.
Ант ішіп сөйлеген – өтірікшінің әдеті.
Үш кісі отырып, екі кісі сыбырласпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |