Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал


М. ШОҚАЙ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?



бет22/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

М. ШОҚАЙ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?


Қазақ ойшылы, ғалым, мемлекеттік және қоғам қайраткері. Ол Ақмешіт қаласында дүниеге келген. Мұстафа бастауыш білімді өзінің ата-анасынан алды, сосын Ташкентте орыс гимназиясын және Петербург университетінің заң факультетін үздік бағамен аяқтады.
Санкт-Петербург қаласының тарихи мұрағатыңдағы Санкт-Перербург университетнің қорында М.Шоқайдың жеке ісі сақталған. Оның алғашқы парағы Мұстафаның университет ректоры атына оқуға қабылдауды сұраған өтінішпен басталады. Құжат жиегіне 1910 жылдың 30 масымында құжат қаралғанын, осы жылдың 6 шілдесінде студент қатарына қаблданғаны туралы жазылған. Іске М.Шоқайдың сынақ кітапшасы, университетте оқығаң кездег
төлеген жарналарның түбіртектері қоса жалғанған. 1914 жылғы 15 қыркүйектегі заң факультеті деканына Санкт-Петербург университетінің толық курсын аяқтағаны, соған байланысты оқу бітіргені туралы куәлікті сұраған өтінішінде өзі тұратын мекенжайын көрсетеді: «петроград. Провиантская 10, кв. 25». Өтініш арнайы бланкіде жазылған, онда оқу бітірген жөніндегі куәлікті арыз берген соң екі апта ішінде алу керектігі және куәлік алған соң Санкт- Петербург қаласында тұруға берілген рұқсат қағазды қайтару тиістігі ескертілген. Сондай-ақ бұл істе ташкент ерлер гимназиясын бітіргені туралы кәмелетік атестат, сол қалада түсірілген М.Шоқайдың екі фотосуреті сақталған. Жалпы таусылмайтын мол қазына талай елдің тілін білген, телегей теңіз білім иесі, әрі қаламы қолынан түспей күн сайын өнімді еңбек еткен Мұстафа Шоқайдың жеке құжаттары тарихымыздың талай ақ таңдақтарын қайта қарауға, таным-түсінігімізге тағы да тыңнан арналар салуға көмектесері анық. Оның мұрасы тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарына ортақ құндылық екені мойындалда.
М.Шоқайдың өзімен пікірлес, мұраттас замандастарымен, әзірбайжан, башқұрт, грузин, т.б. халықтардың эмиграциядағы өкілдерімен хат жазысып тұрған:.әзірбайжан ұлттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Кавказ федерация- сының ұйымдастырушысы алимардан Топчибашы, социалист-революционер вадим Афанасьевич Чайкин, уфалық қайраткер Омер Тенерекұлы, археолог, этнограф Жозеф Кастанье, әзірбайжандық қайраткер Мұстафа Векилли, грузин эмиграциясы жетекшлерінін бірі Акакий Чхенкели, эмиграциядағы грузин қайраткерлерінін бірі Николай Имнайшвили, грузин меньшевиктері жетекшілерінің бірі Евгений Петрович Гегечкори, Гувер институтынын қызметкері Н.Н.Головинмен жазысқан хатары талай тарихтың бетін аша түсері тағы хақ. Мұстафа Шоқайдың мұрағаты мұнымен бітпейді, ол – әрмен қарай да жалғаса беретін іс.
https://egemen.kz/article/shokaydyn-songy-kuzhattary
Egemen.kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет