Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал



бет20/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

ӨЛЕҢ ЖАТТАЙЫҚ!!!


.. Менің анкетам
Туған жерің?

  • Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

  • Туған жылың?

  • 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

  • Жынысың кім?

  • Еркекпін ғой, еркекпін! Және - дағы тәуірмін...

  • Партияда барсың ба?

  • Жоқпын.

Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.

  • Шыққан тегің?

  • Шаруамын.

Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

  • Білімің ше?

  • Орташа ғой.

Алайда өзім жоғарыға балаймын.

  • Ана тілің?

  • Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.

  • Қайда істедің?

  • Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.

Жанын қиған Мәскеуге.

  • Сөгіс алып көрдің бе?

  • Ол жағынан періште едім дей алмаймын. Мен мүлде. Ойлы - қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...

  • Шетелдерде болдың ба?

  • Болғаным жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,

Осы отырған орнымда - ақ.

  • Мекен - жәйің?

  • Мекен - жәйім – жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін! М. Мақатаев

    1. Өтініш жазып үйреніңіз.


Талдықорған қаласының №15 орта мектебінің директоры Г.Ж.Алмасоваға Абылайхан даңғ., 24 -үйдің тұрғыны
А. А. Жақановадан т.42 –42- 19 Өтініш
Мені №35 орта мектепке қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі ретінде қызметке қабылдауыңызды өтінімін.
Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырамын:

  1. Жоғары білім туралы диплом;

  2. Төлқұжаттың көшірмесі;

  3. Өмірбаян;

  4. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс қағазы;

  5. Медициналық кітапша.

25.08.18ж
Қолы / А. А. Жақанова/




6
6.



  1. Бұйрық жеке тұлға ісқағаздарына жата ма?

  2. Түйіндемеге телефон номері жазылуы керек пе?

  3. Мекеме басшыларына жазылған қатынас хат, өтініш т.б. «мырза», «ханым» тәрізді этикеттік сөздерді аты-жөндерімен қоса қолдануға бола ма?

  4. Іс қағаздар қалыптасқан үлгідегі баяндау тәсілімен жазыла ма?

  5. Мәлімет, ақпарат тәрізді ісқағаздарында іс әрекеттің баяндалуы келер шақ формасында жұмсала ма?

  6. Ресми ісқағаздары ырықсыз етіс формасында бола ма?

  7. Басқару, ұйымдастыру құжаттары да ресми ісқағаздар стиліне жата ма?

  8. Ресми ісқағаздарында тұрақты сөз тіркестерін қолдануға бола ма?

  9. Заңдылық күші бар іскерлік қағазды құжат деп атай ма?

  10. «Батырлар жыры» іскерлік құжаттың көне үлгісі ме?

  11. Өтінішке мекеменің мөрі басыла ма?

  12. Ісқағаздарын жүргізу үшін мемлекеттік тілді білу қажет пе?

  13. Ресми—іскерлік қатынаста факс, электронды почта қызметтерін пайдалануға бола ма?




  1. Пайдалы кеңесті қолданып, сұхбат құрыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет