Тест тапсырмасы 9 – сынып Қазақ алфавитіндегі әріп санын көрсетіңіз



Дата11.01.2017
өлшемі36,82 Kb.
#6591
Тест тапсырмасы

9 – сынып



1.Қазақ алфавитіндегі әріп санын көрсетіңіз.

А/36 В/40 С/33 Д/41 Е/42



2.Бірыңғай езулік дауысты сөзді ажыратыңыз.

А/дос В/ мектеп ішілік С/тұрғылықты Д/көмір Е/бұлбұл



3. Түйық буынды сөзді көрсетіңіз

А/дәптер,мектеп,гүл В/мереке,үлгі,аула С/сұлу,жұқа,кіші

Д/кісі,таза,үн Д/ән,ас,ал

4.Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу екенін көрсетіңіз

А/9 В/10 С/12 Д/7 Е/11



5.Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын септік атауын көрсетіңіз

А/Ілік В/Көмектес С/Шығыс Д/Атау Е/Жатыс



6.Омоним бола алатын сөзді көрсетіңіз

А/қыс В/әрине С/жеңеше Д/бүкіл

Е/анда-санда

7.Синоним сөздерді табыңыз

А/ бар,кет В/таза,лас С/жаман,жақсы Д/өмір,дүние Е/үлкен,кіші



8. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз

А/қалың кітап В/күзгі орман С/қара жұмыс Д/сары бояу Е/ескі үй



9.Лексика зерттейтін саланы көрсетіңіз

А/сөз таптарын В/сөйлем С/дыбыстар жүйесін Д/сөз

Е/сөз құрамын

10.Түбір сөзді табыңыз

А/ән В/әнқұмар С/әншіл Д/әнші-ақын Е/әнші



11.Қыстырма сөзді табыңыз

А/ой В/тоғыз С/сары Д/мүмкін Е/әкем



12.Жинақтық сан есімді көрсетіңіз

А/біреу В/екіден бір С/бірдеңе Д/бір-бірден Е/бірден



13.Демеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз

А/Сол жақта орталық дүкенді көресіз.

В/Бұрыштағы үлкен бес қабатты үй.

С/Абылай хан даңғылымен тура жүре беріңіз.

Д/Бір көше жоғары көтерілесіз және оңға бұрыласыз.

Е/Ол мені таба алмады-ау, қап!



14.Үтір мен леп белгісінің қойылу себебін белгілеңіз.

Ойпырмай,күннің суығын-ай!

А/одағай сөз В/оқшау сөз С/қаратпа сөз Д/еліктеуіш сөз Е/қыстырма сөз

15.Ұлттық валютамыз айналымға енгізілген жылды белгіліңіз

А/1991 в/1992 с/1995 д/1990 е/1993



16.Жалаң сөйлемді көрсетіңіз

А/Олардың әндерін бәріміз тыңдаймыз

В/Оның музыкалық мәдениетті өте бай.

С/Ол оқып жүр.

Д/Мен таңға дейін отырдым

Е/Олар қаржыны да мол табады.



17.Тұйық етістікті табыңыз

А/сүй В/ойлау С/көрген Д/жоқтады Е/тіле



18.Пысықтаушы бар сөйлемді анықтаңыз.

А/Балалар күліп жіберді.

В/Нәтиже өзгермеді

С/Жер қата бастады

Д/Көйлекті дұрыс пішті

Е/Жауап алу мақсатында айтылған сөз



19. «С.Мұқановтың Ботагөз романын оқымаған оқушы жоқ».Сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылмағанын көрсетіңіз

А/үтір В/қос нүкте С/сызықша Д/тырнақша Е/нүкте



20.Жақсыз сөйлемді табыңыз

А/ Таң да атты.

В/Әсел үйге кіріп келді.

С/Біз балабақшаға келе жатырмыз

Д/Бізге уақытты ұту керек

Е/Күлкілі әңгіме.



21.Көсемшені табыңыз

А/көрді В/қарап С/келді Д/барма Е/айтқан



22.Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.

Тыңдашы,балам,нағашыңды!

А/бірыңғай мүше В/қыстырма С/одағай Д/қаратпа Е/оқшау сөз

23.Сөздердің қайсысы мезгілдік мағынаны білдіретінін көрсетіңіз

А/көшеде В/жейде С/ мектептен Д/бүгінде Е/асханада



24.Сапалық сын есімді табыңыз

А/ сүтті сиыр В/түнгі аспан С/малды ауыл Д/еріншек бала Е/үлкен үй



25.Өзгелік етісте тұрған сөзді көрсетіңіз

а/айтты В/айтқызды С/айтылды Д/айтады Е/айтқан



26.Жалпылау есімдігін көрсетіңіз

А/күллі,барша В/бұл,анау С/ешкім,ешқайда Д/өз,өзің Е/біз,олар



27.Сөйлем мүшелері нешеу екенін белгілеңіз

А/5 В/2 С/3 Д/7 Е/6



28.Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.

А/заттың санын В/заттың атын С/қимылды,іс-әрекетті Д/заттың сапасын Е/заттың мөлшерін



29.Түбір сөзді табыңыз

А/оқушы В/тазалық С/балалық Д/сатушы Е/ауыл



30.Бұйрық райдағы етістікті табыңыз

А/ашсаң В/жасады С/әкелсін Д/шығу Е/ашты


КІЛТІ


1 Е 26 А

2 В 27 А


3 Д 28 С

4 А 29 Е


5 Е 30 С

6 А


7 Д

8 С


9 Д

10 А


11 А

12 А


13 Е

14 Е


15 Е

16 С


17 В

18 Д


19 Д

20 Д


21 В

22 Д


23 Д

24 Е


25 В


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет