«Ұстаздық ету- уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау»



бет1/4
Дата13.09.2020
өлшемі83 Kb.
#78501
  1   2   3   4
Байланысты:
1516623120 (1)


«Ұстаздық ету- уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау»

 Жан Жак Руссо.

Елімізде орта білім беру және бастауыш сынып пәндерінің мазмұны жаңару шеңберінде білім беру үдерісінің  құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Бүгінгі таңдағы жас бүлдіршіндердің жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті. Сол себепті де біз жаңартылған білім беру бағдарламасының табысты іске асырылуына өз үлесімізді қосуда өлшеусіз уақытымызды сарп етуіміз керек.

Жаңа оқулықтарда берілген тапсырмалар мәтінді оқу, оның мазмұнын айтумен ғана шектелмей, мәтінге қатысты өзі сұрақтар құрастыруына, себебін анықтауына, болжам жасау мен өзіндік бағалауына, сұраққа жауап болатын ақпаратты дереккөздерден табу ретін білуіне жетелейді.Жаңартылған білім берудегі өзгеріс пен дағдарыстың бірі Эссе жаза білу баршамызға мәлім. Алайда, оның мақсаты мен маңыздылығын терең түсініп, тәжірибеге енгізгеннен соң ғана қалыпты жағдайға енеміз. Алдымен, жаңартылған білім берудегі қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін жете меңгеруіміз керек Бүгінде біліміді бағалау үшін ЭССЕ көп жазылады. Ал батыс елдерінде оқуға құжат тапсырылғанда ерекше көңіл тағы да ЭССЕге бөлінеді. Азғантай тәжірбиеммен бөліссем деп едім….

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.

Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет