Қарапайым тілмен айтқанда, сіздің қандай да бір тақыпырқа өзіңіздің көзқарасыңыз, ойтолғауыңыз...мини шығарма десе де болатын
Эссенің құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Маңызды ережелерінің бірі – тезис қою. Тезис – эссенің кілті. Кілті табылмаса, эссенің негізгі мақсатына жетуі де қиындыққа ұшыратады. Тезис – автор ұстанымы, негізгі бөлімде дәлелденетін ойға сілтеуші негізгі идея. Тезис кіріспе бөлімде қойылады. Кіріспе бөлім нені қамту керек? Кіріспе бөлімде эссе жазушы эссе тақырыбына түсінік береді. Осы арқылы жазушының эссе тақырыбын түсінгенін анықтай аламыз. Бұл тақырып неліктен өзекті екендігі жазылады. Тақырып және оның өзектілігі туралы жазылғаннан кейін тезис қойылады. Тезистен кейін негізгі бөлімге көшуші сөйлем жазылады. Тезис нақты әрі анық берілсе, жазбауға да болады. Кіріспе бөлім бойынша мысалға назар аударайық.
–
Негізгі бөлімнің соңғы абзацында басқа абзацқа өтуші сөйлем орнына, негізгі бөлімнен қорытынды бөлімге өтуші сөйлем жазылады.
Қорытынды бөлімде логика бойынша кіріспе бөлімдегі тезиске қайта оралады. Тезисте қандай идея, қандай ұстаным айтылып еді. Негізгі бөлімде негізгі идея талданды ма? Осы екі сұрақ бойынша ойланып, негізгі бөлімдегі абзацтардың түйінін шығарып, қорытынды бөлім жазылады. Бұл – эссенің негізгі құрылымы. Эссе құрылымының бөліктері бір-бірінен ажырамайтын, спираль іспеттес болады. Сөз оралымдары, яғни абзацтан абзацқа өтуші сөйлемдер, шылаулар, қаратпа сөздер эссе құрылымын байланыстырады. Шылаулар абзацтарда айтылатын пікір мағынасына қарай қолданылады. Қаратпа сөздер эссе жазушының ойына байланысты қойылады.
Эссе тақырыптары эссе түрлеріне қарай әртүрлі құрылады. Аргументтік, дәлелдемелік, әдеби, сыни, синтез эсселердің өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған сәйкес тақырыптарында да өзгешілік бар.
Эссе жазу адамды үздіксіз оқуға итермелейді. Идея айтып, пікір білдіргенмен, аргументтермен бекіте алмау – аяқталмаған эссе. Толық эссе жазылу үшін қоғамда болып жатқан жаңалықтар, әртүрлі саладағы өзге-
рістер, тың ойлар, оқиғалар, жаһандық мәселелер назардан тыс қалмау керек. Нашар аргументтен нашар эссе жазылады. Эссе – білім алушыны үздіксіз оқуға жетелейтін жазба жұмыс түрі.
Мазмұндау стилі: эссеге эмоционалдылық, экспрессивтілік, көркемдік тән. Мамандар қысқа, ұғынықты, екпіні бойынша әртүрлі сөйлемдер мен сәнге айналған заманауи тыныс белгісі – сызықшаның қойылуын эссе жазудың тиімді құралы деп санайды, яғни айқындауыш мүше, сөйлемдердің көп болуын айтады. Жалпы, стиль тұлғаның ерекшелігін танытып тұруы шарт екенін есте ұстаған жөн.
Ал эссе тақырыбы әрқашан нақты. Оның көп тақырыбы және идеясы болуы мүмкін емес. Онда бір ғана нұсқа, бір ғана ой беріледі және сол әрі қарай өрбітіледі. Бұл – бір ғана сұрақ жауабы.
Ерк ін композицияға құрылуы – эссенің маңызды ерекшелігі. Зерттеушілердің айтуына қарағанда жақсы эссені тақырыпты жақсы білетін, оны әр қырынан көре алатын, оқушысына түрлі идеялар ұсынып, оның ойлануына түрткі жасай алатын адам ғана жаза алатын көрінеді.
Эссе оқушысын таң қалдыруы тиіс. Адамды ой салатын шығармадағы кейбір пікірлер көбінесе афоризмге айналып кетеді. Эсседе, міне, осындай белгілер және оғаш пікірлер болуы тиіс. Сөйтіп, оқушысын ойландырып, жаңа идея тудырып отыруы абзал.
Бұл жанр оғаштығының бірі болуы ықтимал. Себебі, еркін композицияға құрылған, автордың субъективті көзқарасына құрылған эссе ішкі мағыналық бірлікті талап етеді. Ол дегеніміз негізгі тезистер мен дәлелдемелер, фактілер мен ассоциациясының үйлесімділігі барлығы ішкі бірлікте болуы тиіс.
Эсседе қалыптасқан шаблондарды, сөздерді қысқартуды, жеңіл-желпі ой қорытуларды қолданудан аулақ болған жөн. Эссе тілі байсалдылықты талап етеді. Сонымен: эссе тақырыбын нақтылау, көлемін және оны жазудағы мақсатты анықтап алу басты мәселе болып табылады.
Негізгі идеядан немесе қанық фразалардан басталғаны дұрыс. Мұндағы міндет – оқырман назарын бірден аудару.
Эссе жазудағы қателер деп мыналарды айтуға болады:
- тексеру жұмысын дұрыс жүргізбеу;
- емле қателерін тексерумен шектеліп қалу ;
- екіұшты ойлар, сәтсіз алынған фразалардың жоқтығына көз жеткізбеу.
- кіріспе сөздің тым ұзақтығы. Детальдардың жетіспей тұруы. Мысалы, негізсіз деректерді келтіре беру;
- көпсөзділік.
Эссе белгілі сөз көлемімен шектелгендіктен, ойыңды сол көлемге сыйдыра білу керек. Кейбір кезде кейбір идеялардан, тәптіштеп түсіндірулерден бас тартуға тура келеді, әсіресе, ондай ойлар бір рет айтылып кетсе, оны әрі қарай айта берудің қажеті шамалы.
Ұзақ фразалардан гөрі қысқа сөйлемдер көп болғаны жөн. Кейде ұзақ фразалар мен қысқа сөйлемдердің ауысып келіп отырғаны да ұтымды шығуы мүмкін. Эссені қайта-қайта оқыңыз. Сосын оқуға ыңғайлы абзацтарға бөліңіз.
Энциклопедия, кітаптардан алынған дұрыс қолданылып тұрмаған фразалар, мәліметтермен сықитып қойсаңыз эссенің көркемдігі, нанымдылығы азаяды.
Эссе жаза отырып та, адам өзінің әрекетіне есеп беріп, алдына жоспар құрады. Сондықтан, оны рефлексия түрінде қарауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |