Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал



бет29/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ!!!


      1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Мейрамханадағы іскерлік кездесуге байланысты әріптесіңізбен сұхбат құрыңыз.

  1. Іскерлік кездесуге мейрамханаға ешқашан аш келмеңіз. Дұрысы, алдын ала бір жерден тамақтанып алу керек. Сіз мейрамханаға тамақ ішу үшін емес, іскерлік байланыс орнатуға және қызмет бабындағы мәселелерді талқылауға бара жатырсыз.

  2. Дастарқан басында өзіңіздің диеталық талғамыңыз бен денсаулығыңыздың ақаулары туралы айтуға болмайды. Егер ұсынылған тағамды жегіңіз келмесе, аллергияңыздың бар екенін немесе асқазаныңызға жақпайтынын түсіндіріп жатпай-ақ, тағамды ысырып қоя салыңыз.

  3. Қол алысқанда іскерлік серіктесіңіздің қолын қатты қысуға болмайды, бірақ қол алысу жігерлі нығыз болуы тиіс. Қол алғанда қолды екіден артық сілкілемеу керек. Кездесушіге мұздай суық қолды ұсына салу да ағаттық. Егер күн суық болса, қолыңызға қолғап киіп жүріңіз.



      1. ТОПТЫҚ ЖҰМЫС.


  1. топ. Мақалды жалғастырып айтыңыздар.

  2. топ. Берілген мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер. Ол мақалдардың сөйлеу әдебіне қандай қатысы бар?

  3. топ. Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді оқып, шығарма жазыңыздар.

  1. Тіл – адам ойының ... 7. Көп сөз – күміс, аз сөз ...

  2. Аңдамай сөйлеген ... ... 8. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде ... .

  3. Ойнап сөйлесең де, ... ... 9. Таза сөйлеу – биік ...

  4. Тисе терекке, тимесе ... 10. Көңілсіз ойға олақ.

  5. Айтылған сөз - ... оқпен тең. 11. Тіл тас жарады, ... .

  6. Бал тамған тілден ... тамар. 12. Тіліңмен жүгірме, ... .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет