Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал



бет6/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС. ( Әр топ мәтінді оқып, оны өз ойларымен әрі қарай жалғастырады).



  1. Кәсіпкерлік іскерлердің ғана қолынан келеді. Олай болса, төмендегі мәтінді оқыңыз да, есіңізде сақтаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз, СӨЗ ДӘЛДІГІН есте сақтаңыз. Қарамен жазылған сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрыңыз.



І. Жәрмеңкелер. Қазақстанның экономикалық дамуының айқындаушы факторлардың бірі жәрмеңкелер болды. Қазақстанда ең бірінші жәрмеңке 1832 ж. Бөкей ордасында ашылды. XIX ғасырдың 40-жылдарында пайда болған жәрмеңкелік сауда кеңінен дамып, XIX ғасырдың 80-90-жылдары Қазақстандағы сауданың басты түріне айналды. Ірі жаздық жәрмеңкелерден бөлек ұсақ күздік жәрмеңкелер де болды.. Жәрмеңкелерде қазақтар саудаға шығарған ең басты өнімдері: ірі қара мал, қой, жылқы, ешкі, түйе, тері, тоң май, жүн, қыл, ішек өнімдері, сонымен қатар мал шаруашылығы өнімдері: киіз, шекпен, ер тоқым, жергілікті аяқ киімдер және т.б. заттар болды. Жәрмеңкелерге сонымен қатар нан тауарлары да түсті. Ресейден жәрмеңкелерге негізінен фабрика-заводтан шыққан тауарларды – мақта, шұға және жүннен тоқылған маталар, галантереялық, москательді тауарлар, металл, былғары және ағаштан жасалған бұйымдар, шишадан және фарфордан жасалған ыдыстар, шай, құмшекерді әкеліп сатты. Жәрмеңкелерде сонымен қатар, Орта Азиядан әкелінген, азиялық деп аталатын тауарлар да болды – халат, көрпе, кілем, мақтадан және жібектен тоқылған маталар, кептірілген жемістер және т.б. Осылайша, жәрмеңкелерде, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауданың отарлы сипаты көрініс берді – Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері ресейлік өнеркәсіптік бұйымдарға айырбасталды.
ІІ. Қазақ көпестерінің арасында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығымен қоса саудамен айналысқан ірі байлар да болды. Мысалы, Жарасбаев (Перовск уезі) мыңғыртып мал айдаған, дәулетті адам еді. Оның ұлдары Қызылорда және Қостанай болыстарын басқарды. Олардың әрқайсысы 500-1000 түйе, 1500-2000 бас қойға ие болды. Жалданбалы жұмысшылардан өзге, олармен бірге тұрақты түрде 15-20-дан астам тәуелді кедей шаруалар көшіп-қонып жүрді. Жарасбаевтар бір мезгілде ірі саудамен және өсімқорлықпен айналысты. Олар малмен сауда жасаушы бай кәсіпкерлер болып саналды .
ІІІ. Қазақстанның оңтүстігінде сауда ісімен айналысқан әйгілі көпестердің бірі Н.И. Иванов болды. Н.И. Иванов Түркістан аймағында «Орыс сауда және өнеркәсіптің алғашқы пионері» деген атқа ие болды. А.И. Добросмысловтың мәліметінше, Н.И. Иванов Қазалыға 1865 ж. небары 3-4 мың теңгемен келген. Ол мұнда астық, арақ сатып, шенеуніктер мен орыс қоныстанушыларын қамтамасыз етті және жергілікті әскери бөлімге қажетті тауарларды тасымалдады. 1879 ж. Жетісуға қоныс аударып, сауда-саттығын жалғастырып, нәтижесінде үлкен
байлыққа ие болды. Н.И. Иванов Қазақстанның оңтүстік аймағының қалаларында және Түркістанда өзінің кәсіпкерлігін кеңейтті. Оның Қазалы қ.-да

  • 15 мың шелек, Перовскіде – 25 мың шелек, Әулиеатада – 25 мың шелек, Верныйда- 70 мың, Тургеньде – 10 мың шелек сыра қайнататын заводтары болды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет