Кәсіпкер – бұл кез келген мүмкіндікті ең жоғары тиімділікпен
қолданады. Г.Друкер Кәсіпкер – жаңашыл, жаңа технологияны жасайды. И.Шумпетер Кәсіпкер өз қызығушылығын ойлайды, өзінің жеке табысын іздейді.
А. Смит Кәсіпкер – бұл бастама көтеруші адам . А.Шапиро
2.
Кәсіпкердің бір-бірімен байланысты іскерлік (тапқырлық) 4 қызметі қандай?
Кәсіпкер деп қандай адамды айтады?
Белгілі кәсіпкерлерді атаңыз.
Өзіңіз жүрген жерде сіз танитын кәсіпкер бар ма? Ол туралы не білесіз? Әңгімелеңіз.
Өз ісіңізді ашқыңыз келе ме?
Қандай іспен айналысу тиімді деп ойлайсыз?
Кәсіпкерлік теориясының негізін салған кімдер?
СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
Мамания мектебін ашып, халықты сауаттандырған Тұрысбек Маманұлы ХХ ғ. Жетісудағы ірі байлардың бірі еді. Бұқараға кіре тартып, саудамен айналысқан. "Мамания оқу қалашығын" салып, халықты жаппай сауаттандырған. Алаш қайраткерлеріне қаржылай демеушілік жасаған. Алғашқы қазақша романға бәйге тіккен. Шет елде оқыған қазақ жастарына степендия беріп тұрған. Тіпті, артылғанын Швейцария банкасында жинаған.
«СӨЗ ДӘЛДІГІН САҚТА» – ПІКІРЛЕСУ.
Тұрысбек Маманұлы қандай кәсіпкер?
Оның кәсіпшілігі туралы тағы не айтуға болады?
Ежелгі кәсіпкерлерден тағы кімді білесіздер? Ғаламтор желісін пайдаланып, сұраққа жауап іздеңіздер.
Қазіргі заман кәсіпкерлерін салыстырып көріңіздер.
Сіздің отбасыңызда кәсіпкер бар ма? Болса ол қандай кәсіппен шұғылданады.