Математика 2,3-сыныптар Өтілген күні: 3-сабақ Тақырыбы: «Өткенді пысықтау» Сілтеме: жоспар, презентация. Мақсаты: дөңгелектеу арқылы тиімді есептеуді, екі таңбалы сандарды жазбаша ондықтан аттап қосу және азайтуды меңгеруі, екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептерді пысықтауы; көбейтудің көрсетілген түрін орындау тәсілдерін үйренуге сөз есептерді, теңдеулерді шешуге көмек көрсетіледі. Жылдам ойлайды, уақытты үнемді пайдаланады. Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: дөңгелектеу арқылы тиімді есептеуді, екі таңбалы сандарды жазбаша ондықтан аттап қосу және азайтуды меңгереді, екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептерді пысықтайды; көбейтудің көрсетілген түрін орындау тәсілдерін үйренуге сөз есептерді, теңдеулерді шешуге көмек көрсетілді. Жылдам ойлайды, уақытты үнемді пайдаланды. Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сабақтың көрнекілігі: презентация, әншілердің суреті, әндері Дереккөз: ғаламтор, оқулық, оқыту әдістемесі, Сабақ барысы:
|
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Тренинг
|
3 мин
|
«Арман- адамға қанат »
Әр оқушы өз армандарын айтады.
|
Оқушылар өз армандарын айту.
|
Қызығушылықты ояту
|
5 мин
|
Бағалау парақшасына критерий құрастырып, жазу.
Жетістік баспалдағына смайлик жапсыру
Төреғали Төреәлінің суреті.
-Балалар, бұл әншінің аты-жөнін біле-міз бе?
-Қандай әндерін білесіңдер?
-Олай болса Төреғали Төреәлінің бізге мынадай тапсырмасы бар екен, осы тапсырманы ойдағыдай орында-сақ, әнін тыңдауымызға болады.
3-сынып: Өрнектер құрастырып, олардың мәнін тап.
20 30 40 50 10 5 8 9 20 80
10
150 800 81 810 360 1000 250 25
2 3 8 4 6 9 50 10
2-сынып
Тез есепте:
17
17
14
+ - + - +
25
34
37
|
Оқушылар әнші жайлы білетіндерін айтады.
Оқушылар тапсырманы жұптасып орындайды.
Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.
|
|
|
Тапсырманы орындап болсақ, ән тыңдайық.
Төреғали Төреәлінің «Алло» тыңдайық.
|
Ән тыңдайды.
|
Мағынаны тану
|
14 мин
|
Қайрат Нұртас жайлы не білеміз?
-Қайрат Нұртас бізге мынадай хат жолдапты? Хаттағы тапсырманы орындасақ біз ол әншінің сыйлығына ие боламыз.
2-сынып:
Есептерге өрнек құрастырып жаз:
Құралай:
а)Өткен аптада теледидар арқылы с балалар хабары, осы аптада өткен аптаға қарағанда в балалар хабары артық көрсетілді. Екі аптада барлығы неше рет балалар хабары көрсетілді?
Гүлнұр:
ә) Өткен аптада теледидар арқылы 26 балалар хабары, осы аптада өткен аптаға қарағанда х балалар хабары кем көрсетілді. Екі аптада барлығы неше рет балалар хабары көрсетілді?
Құралай:
б)Теледидар арқылы осы аптада балалар ға арналған 17 танымдық хабар, өткен аптада 9танымдық хабар көрсетілді. Талғат оның 13-ін көрді. Талғат неше хабарды көре алмады?
Гүлнұр:
в) Теледидар арқылы осы аптада балалар ға арналған 17 танымдық хабар, өткен аптада осы аптада қанша болса, сонша танымдық хабар көрсетілді. Талғат оның 13-ін көрді. Талғат неше хабарды көре алмады?
3-сынып
Ауызша түсіндіре отырып есепте.
Айдос: 93х3 130х3 (300+20)х2
Аружан: 59х2 150х3 (8+7)х20
Гүлжан: 7х32 120х5 (24+19)х2
Зылиха: 240х2 40х(5+2) (2+6)х30
Жансая: 12х2 (17+3)х3 7х(100+20)
Қайрат Нұртастың әнін тыңдату.
-Суреттегі әншіні танимыз ба?
-Серік Ибрагимовтың тағы қандай әндерін білесіздер?
-Ендеше, ол әншінің бізге арнаған тәттілері бар, тәттілерде тапсырма берілген соны орындауға кірісейік.
Уақытқа орындау
3-сынып
Көбейту тәсіліне қарап, қорытынды жаса. Есептеуді жалғастыр.
11х2=(10+1)х2=10х2+1х2=20+2=22
11х3=
11х4=
11х5=
11х6=
11х7=
2-сынып:
37+13 100-21
60-18 98-36
45-37 57+39
25+67 36+47
|
Оқушылар әнші жайлы білетіндерін айтады.
Тапсырмаларды жеке-жеке орындайды.
|
|
3 мин
|
Сергіту сәті С. Ибрагимов «Жаяу» әніне билеу
|
Оқушылар билейді.
|
|
5мин
|
Үй тапсырмасын тексеру
Оқулықпен жұмыс
-Балалар берілген тапсырманы жақсы орындасақ тағы да жақсы ән тыңдауға мүмкіндік туады.
2-сынып
а) «2 кг артық» сөзін пайдаланып, есеп құрастыр және оны шығар.
ә) Есептің сұрағын сызбаға сәйкес келетіндей өзгерт.
3-сынып
Кестені пайдаланып, өрнектерді оқы, олардың мәнін тап.
100х3
|
+
|
60х7
|
14х10
|
80х5
|
5х10
|
5х30
|
Жастық шақ әнін тыңдау?
|
|
Ой толғаныс
|
11 мин
|
-Балалар бағанадан бері сіздердің жақсы көретін әншілеріңіздің әндерін тыңдадық, олай болса мен қандай әншінің әнін жақсы көретінімді білгілеріңіз келе ме?
-Ендеше ол үшін мына тапсырманы орындауымыз керек.
2-сынып (жеке жұмыс)
Бұрыштардың атауын жаз. Үшбұрышты сызғышты пайдалан.
3-сынып
Сүйір бұрышы бар фигуралардың периметрін тап. Жауаптарды миллиметрмен өрнекте.
2-сынып:
Сексен санының дұрыс жазылуын көрсет
А) 88 Ә) 80 Б) 8
2. 3 ондығы бар санды көрсет
А) 300 Ә) 3 Б) 30
3. 7+3=10 теңдігіндегі 7 қалай аталады?
А) қосылғыш
Ә) қосынды
Б) айырма
4. Х - тың мәні қаншаға тең? Х+20=70
А) 50 Ә) 90 Б) 60
5. Үшбұрыштың қабырғалары қандай фигуралардан тұрады?
А) сәулелер
Ә) кесінділер
Б) сызықтар
6. Көп нүктенің орнына қажет таңбаны орналастыр 8... 1 = 7
А) – Ә) + Б) =
7. Жоқ санды жаз 30, 40, 50, 60,... 80
А) 90 Ә) 70 Б) 100
8. Заттың салмағы қалай өлшенеді?
А) см Ә) кг Б) м
9. Есептің дұрыс жауабын көрсет:
Ілгіште 5 пальто болып еді, оның 4 - еуін алып кетті, ілгіште қанша пальто қалды?
А) 1 Ә) 5 Б) 13
3-сынып:
5ондықты 3есе арттыр
2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан
6ондықтан 2 есе артық сан
1дм-де неше см бар?
30 бен 50-дің қосындысы
3 ондықты 2 есе арттыр
93-тің алдында келетін сан
1 сағатта неше минут бар?
90 мен 40-тың қосындысы?
7 ондықты 2 есе арттыр
«Жүрегім қазақ» әнін тыңдау
|
Тапсырманы жеке-жеке орындайды.
|
Бағалау
|
2 мин
|
Бағалау парақшасы арқылы өзін-өзі бағалау
|
Өз-өздерін бағалайды.
|
Рефлексия (кері байланыс)
|
1 мин
|
Жетістік баспалдағы
|
Әр бала өзінің сабақ басындағы және соңындағы білімде-рін баспалдаққа смайлик жапсыру арқылы белгілеу.
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
2-сынып есеп 2,7 128-бет
3-сынып есеп 3,7 36-37-беттер
|
|
Бүгінгі сабақта мен:
Үйрендім......
Қызықты болды......
Қиындау болды.....
Өмірге керегін алдым....
Ұнаған тапсырмалар......
7.Сандық ақпараттар.
1941, 1945, 70 –осы сандар туралы не білеміз? Сандарға қарап ,оқушылар өз ойларын айтады.
Қайталау сабағы
Жарияланды 4-04-2014, 06:28 Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 4 - сынып
Тақырыбы: Қайталау сабағы
Мақсаты: а) Үш таңбалы санға көбейту, бөлуге есептер шығару арқылы білімднрін кеңейту.
ә) Адамгершілікке табиғатты қорғауға, тазалыққа тәрбиелеу.
б) Ауызша есептеу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Жемсауыт, машина, көктем суреті, таңғажайып алаң, карта, микрофон.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, табиғаттану, ән.
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Жүрісі:
І. Арна теле ақпарат бағдарламасы.
ІІ. Есептеуді үйренейік.
ІІІ. Кітап – сенің досың
ІҮ. Табиғатты қорғайық.
Ү. Таза қала.
ҮІ. Таңғажайып алаң.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Диктор: Саламатсыздар ма теледидар көрермендері! Бүгінгі бағдарламамен таныс болыңыздар.
8 - 00 Арна теле ақпарат бағдарламасы.
8 - 10 Есептеуді үйренейік.
8 - 15Кітап – сенің досың
8 - 30 Табиғатты қорғайық.
8 - 35 Таза қала.
8 - 40 Таңғажайып алаң.
Хабар соңында келесі күнгі бағдарламамен таныс боласыздар және ауа - райы туралы мәліметтер.
Қазір Арна теле ақпарат бағдарламасы болады.
ІІ. Арна
Саламатсыздар ма. Бүгінгі хабарымызда 4 сынып оқушыларының үй тапсырмасын тамашалайық.
№815амалдарды орында
1. 9700
2. 1538
3. 4806
4. 6378
5. 72500
6. 5537
7. 41376
8. 18300
9. 10362
10. 23868
Амалдарды орындалу тәртібіне байланысты сұрақтарды қою.
Қаламызда көптеген жеке кәсіпкерлер ашылып, жұмыссыздық саны азаюда. Азаттық көшесінде тігін фабрикасы ашылды. Мұнда қолдарынан майы тамған шеберлер жұмыс жасайды. Бір шебер 2 метр матадан бір бала көйлегін тігеді, 46 метрден қанша бала көйлегін тігеді?
46: 2=23көйлек
Әр жұмыс орнында бір қиыншылық болады. Бұл фабриканың тігін машинасы ескі болғандықтан май құю керек. Олар қазіргі мезгілде 6 ыдыста 48 л май бар, 8 ыдыста қанша май бар?
48: 6*8=64л
Сіздер бүгінгі жаңалықтарымызбен таныс болдыңыздар.
ІІІ. Есептеуді үйренейік.
Бүл хабарымызда жас бүлдіршіндердің есепке жүйріктігін байқаймыз. Оқулығымыздағы № 818 мысалды шығарамыз:
149040: 345=432
307360: 452=680
175040: 547=320
679070: 763=890
Есепті өте жақсы шығардыңыздар. Ал енді ауызша есептерді қалай шығарасыңдар:
14*5, 27*4, 26*3, 70*50,
Хабарымыз аяқталды.
ІҮ. Кітап - сенің досың.
Кітап – кез - келген адамның рухани байлығы. Кез - келген адамның бітпейтін сұрағына жауапты кітап беттерінен табуға болады. Кітап бізге білім береді. Эстетикалық адамгершілік қасиет дамытады.
Біздің мектеп кітапханасында көптеген әдеби кітаптар бар. Соның ішінде мынадай жаңа кітаптар келіпті. Алып оқыңыздар. Өте қызықты кітаптар. Ал енді осы дәптер, кітаптар біздің алдымызға келгенше көптеген еңбекпен келеді. Біз кітапты қадірлеп, күтіп ұстауымыз керек. Кітап, дәптер салмағы үнемдеуі туралы тілшіміздің репортажын тамашалаңыздар.
№820
А) бір кітаптың салмағы 300 грамм. 3 тонна қағаздан осындай қанша кітап жасалынады?
3 т = 3000000 г: 300г= 10000кітап
Ә) бір кг қағаз қалдықтарынан 20 дәптер шығады. Бір дәптерге қанша қағаз қажет?
1кг=1000г 1000: 20=50г
Б) 1ц қағаз қалдықтарынан 2100 дәптер шығады. 300кг қағаздан қанша дәптер дайындауға болады?
1ц=100кг 2100: 100=21
21*300=6300 дәптер.
В) 1т қағаздан 20000 дәптер дайындалады. 350г қағаздан неше дәптер дайындалады?
1т=1000000г
1000000: 20000=50г
350: 50=7 дәптер
Осындай еңбекпен келген кітапты таза, ұқыпты ұстаңдар.
Ү. Табиғатты қорғайық.
Біз өткен хабарымызда көктем мезгілінің керемет сұлулығын, ауа - райын айтып суреттеп, мынадай сурет салған болатынбыз. Көктем мезгілін әнге қосып жырлайық:
Сергіту сәті:
Осы көктем мезгілінде құстар ұшып келетінін айтып, оларға ұя салған болатынбыз. Ал бүгін жемсауыт жасайық. Ол үшін №823 есепті шығарамыз.
Осындай жемсауыт жасап, ауладағы талға іліп құстарға жем салып, көмек көрсетіңіздер. Бүгінгі табиғатты қорғайық хабарымыз аяқталды.
ҮІ. Таза қала
Атырау облысының әкімі Атырау өңірін тазалау мақсатында төтенше жағдай жариялап, жер жерлерге тазалау айлығын ұйымдастыруда.
Міне, осындай айлық біздің ауламызда да өтіп жатыр. Бізге №3367 қоқыс тасушы машинасын бөлді. 3367 машинасы 33 рет рейс жасағанда 111111 кг қоқыс қалдығын тасыпты.
Міне, қанша қалдық қаламызды ластайды. Әр адам өз ауламызды ауыл, қаламызды таза ұстауымыз қажет.
ҮІІ. Таңғажайып алаң
№824 Амалдарды тест ретінде әріптерді табу арқылы табады, соңында жарайсыңдар деген сөзі шығады.
ҮІІІ. Ауа райы
Картадан ауа райын айта отырып, оқушыларды бағалайды
Достарыңызбен бөлісу: |