Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал



бет107/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

СӨЖ тапсырмасы


  1. Қазақтың би-шешендері туралы тұсаукесер жасаңыз.

  2. «Біз қалай сөйлейміз?» шығарма жазу



15. БАЯНДАМА, ЕСЕП БЕРУ ҮЛГІЛЕРІ. СӨЗДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ




Сабақтың мақсаты. Мәтіндерді оқып, әдеби тіл нормаларын сақтап сөйлесім құрастыру арқылы сауатты сөйлеуге және жазуға үйрету, сөздік қорын молайту, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.


Тірек сөздер: тіл тазалығы, бөгде сөз, тілді шұбарлау, диалектизм, неологизм, варваризм, жаргонизм, профессионализм, баяндама, мәлімет, дереккөз, интеллектуалдық еңбек, ғылыми пікір, лауазым, баяндау хат.



  1. Мәтінді оқып, сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.



БАЯНДАМА – ЕСЕП БЕРУ


Баяндама – белгілі бір тақырып төңірегіндегі барынша кең ашылған, көпшілік алдында баяндалатын, ресми түрдегі көп жағдайда ауызша
баяндалатын хабарлама немесе есеп беру.
Есеп – бірдеңенің болуын анықтау, оның заттай және ақшалай тұлғада өлшенуі, сандық және сапалық жағынан тіркелуі. ; Есеп шаруашылық қызмет пен қоғамдық өмірдің түрлі аялары туралы тұрақты ақпаратты қамтамасыз етеді.Баяндамалардың (есеп берудің) төмендегідей түрлері бар:бухгалтерлік есеп, аудиторлық есеп, ғылыми есеп, ағалау есебі, әскери есеп, бюджеттiк есептер, іс сапар есебі, демографиялық есеп.
Есеп беру -бухгалтерлік есеп — кәсіпорынның ресурстарын және қаржы- шаруашылық қызметінің нәтижелерін есептеу жүйесі. 1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатыр. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық
бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отырады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.



  1. Мәтінді қазақшаға аударыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет