Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал


Келіссөз және оны жүргізу әдебі



бет36/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

Келіссөз және оны жүргізу әдебі


Келіссөздерді дайындау. Келіссөздер мұқият дайындауды қажет етеді.
Келіссөздерге неғұрлым көңіл бөлсең (әр түрлі қорытындылар, экономикалық,
статистикалың мәліметтер мен талдаулар, т.б.), соғұрлым табысты болуына мүмкіндік бар.
Дайындық барысында қонақтарды қабылдау бағдарламасы да анықталады. Онда қонақтарды қарсы алу тәртібі, қарсы алушылар, құттықтау сөздер, қонақ үйге жайғастыру, бағдарламаның іскерлік бөлімі (кездесулер, әңгімелер,
келіссөздер), қабылдаулар, таңертеңгі ас, түстік, т.б. әр түрлі объектілерге бару, мәдени іс-шаралар, елді аралау, шығарып салу, т.б. қамтылады. Болар кездесудің мазмүнына ерекше назар аудару қажет:
Келіссөз құжаттарын дайындауға аса мұқият қараған жөн. Іскердің мәліметі мол болса, жоспары жақсы болса, шеберлігі жоғары болса, ұсыныстары толық дәлелденсе, сол ұтады.
Әріптестерге таныстыру үшін дайын анықтама материалдар салған папканы немесе жобаны ала барған жөн.
Құжаттар сауатты жазылуы тиіс. Белгілі бір мекемеде қызмет барысында пікірлесу, құжаттар алмасу, келіссөз жүргізу, келісім-шарт жасау, жиналыстар, дөңгелек үстел өткізу үшін ауызша сөйлеу тілінің сауаттылығы да өте маңызды.
Келіссөз жүргізу әдебі. Кәсіпкер өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде, сәлемдесу, жұмысының жоспарын қысқаша түсіндіру барысында әдеп пен мәдениет деңгейін сақтау қажет. Келіссөздің әсерлілігі, сөйлеушінің дауыс ырғағы, сөйлеу әдебі жұмыстың нәтижеге жетуіне өз әсерін тигізеді. Нақты ұсынысты, жоспарды талқылауда басқа адамдардың көзқарастарымен санаспай, дауыс көтере сөйлеу, тек өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік қарым- қатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіреді. Пікірталасушылардың бір- біріне құрметпен қарауы, асыра сөйлемеуі – әдептіліктің бір белгісі. Осындай жағдайда сөйлеушілер бірінің сөзін бірі бөлмей аяғына дейін тыңдап, өз ризашылықтарын білдіруі тиіс.
Сөз әдебі – адамдық қасиеттерді сақтау, орнымен сөйлеп, салмақты жауап беру. Екі тараптың әңгімелесу кезінде келісімге келмеу белгілері байқалса, тақырыпты аздап басқа бағытқа бұруға болады. Бұл да – әдеп белгісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет