ІІ.Сәкен: Бізде келісімшартқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігі туды.
Асқар: Бұл неге байланысты туды?
Сәкен: Бізде өндіріс жағдайлары өзгерді.
Асқар: Сіздер келісімшартқа енгізілетін өзгерістердің жобасын дайындап та қойдыңыздар ма?
Сәкен:Иә, біз келісімшартқа енгізілетін тиісті толықтыруларды дайындап та қойдық.
Асқар: Келісімшартқа енгізілетін өзгерістердің (толықтырулардың) сипаты қандай?
Сәкен: Біз төлем сомасын өзгерткіміз келеді. Келісімшартқа енгізілетін өзгерістерді өте қажет деп санаймыз. Келісімшартқа өзгерістерді екі
тілде әзірледік, орыс және қазақ тілдерінде. Сіздерге келісімшартқа енгізілген өзгерістердің көшірмесін береміз.
Асқар: Бұл келіссөз ойдағыдай аяқталады және таяу уақытта келісімшартқа қол қойылады деген үміттеміз.
А. Кәсіпорынның барлық қаржысын есептейді. Ә. Қызметкердердің жалақысын есептейді.
Б. Операцияларды тіркейді.
В. Ұйымның қаржылық- ақпараттық мәліметтерін өңдейді және сақтайды. Г. Кәсіпорын жұмысын жарнамалайды.