Кәсіби қазақ тілі пәнінен



бет1/3
Дата27.05.2018
өлшемі1,06 Mb.
#40814
  1   2   3
Ж а м б ы л м е д и ц и н а л ы қ к о л л е д ж і

Кәсіби қазақ тілі пәнінен

« Емдеу ісі», «Акушер ісі» бөлімдерінің

ІІ курс білімгерлеріне арналған тест жинағы

Құрастырған: Жунисова Д.М.

Тараз қаласы.


Пікір жазған: Жамбыл гуманитарлық техникалық университетінің аға оқытушысы,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ордабаева Р.Б.

Д.М. Жунисова,

ІІ курс «Емдеу ісі», «Акушер ісі» бөлімінің білімгерлеріне арналған кәсіби қазақ тілінен тест жинағы – Тараз, - 58 бет.

«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша дайындалған тест жинағы «Емдеу ісі», «Акушер ісі» бөлімінің ІІ курс өзге ұлт өкілдері білімгерлеріне оқу жоспары бойынша барлық модульды қамтып жасалған.

Сұрақтары түсінікті, нақты, тапсырмалар грамматикалық та, лексикалық та тақырыптарды қамтиды. Тест жинағын білімгерлердің білімін бақылау кезінде кеңінен қолдануға болады.

Модуль № 1. Тіл және тарих.


  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тілдер тобына жатады?

а/ түркі тілдеріне

ә/ славян тілдеріне

б/ орхон тілдеріне

в/ көне грек тілдеріне




  1. Қазақ тілінде неше әріп бар?

а/ 40

ә/ 41


б/ 42

в/ 39



  1. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

а/ 38

ә/ 37


б/ 39

в/ 40



  1. Қазақстан Республикасының Елордасы қай қала?

а/ Ақтау

ә/ Алматы

б/ Атырау

в/ Астана




  1. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар тілдің қызметіне қарай қандай болып бөлінеді?

а/ қатаң, ұяң, үнді

ә/ еріндік, езулік

б/ жуан, жіңішке

в/ ашық, қысаң




  1. Үндестік заңының неше түрі бар?

а/ 2

ә/ 3


б/ 4

в/ 5



  1. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөздер қатарын көрсетіңіз?

а/ дәрі, білімгер, іні

ә/ даптер, дарігер, кітапы

б/ колледж, бөлім, дәріс

в/ сіңілі, жарыс, тәуелсіздік

1


  1. Қазақстан Республикасы қай жылы Тәуелсіздігін жариялады?

а/ 1993 жылы, 15 қарашада

ә/ 1991 жылы, 1 желтоқсанда

б/ 1992 жылы, 10 қаңтарда

в/ 1991 жылы, 16 желтоқсанда




  1. Жіңішке дауыстылардан тұрған сөздер қатарын көрсетіңіз?

а/ дәріс, тәжірибе, бөлім

ә/ колледж, аудитория, оқулық

б/ кітапхана, дәрісхана, семинар

в/ оқытушы, ұстаз, жолдас




  1. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?

а/ 23

ә/ 24


б/ 25

в/ 22



  1. Қатаң дауыссыз дыбыстарға басталатын сөздер қатарын көрсетіңіз?

а/ қалып, колледж, тарих

ә/ бөлім, заң, ғалым

б/ республика, лауазым, ру

в/ асхана, дәріхана, емхана




  1. Қазақстан Республикасының рәміздер қатарын көрсетіңіз?

а/ Жұлдыз, Ту, Шаңырақ

ә/ Ту, Елтаңба, Гимн

б/ Елтаңба, Теңге, Гимн

в/ Гимн, Шаңырақ, Жұлдыз




  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимннің сөзін жазғандар?

а/ О.Сүлейменов, Н.Назарбаев

ә/ М.Мақатаев, Н.Назарбаев

б/ М.Шаханов, Н.Назарбаев

в/ Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев




  1. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?

а/ 7

ә/ 8


б/ 9

в/ 6



  1. Қазақстан Республикасының ұлттық теңгесі қай жылы айналымға енді?

а/ 1992 жылы 15 мамырда

ә/ 1993 жылы 15 қарашада

б/ 1991 жылы 16 желтоқсанда

в/ 1992 жылы 1 қаңтарда




  1. Елордамызға Астана атауы қай жылы берілді?

а/ 2000 жылы

ә/ 1997 жылы

б/ 1999 жылы

в/ 1998 жылы


2


  1. Қазақ тіліне тән дыбыстарға басталған сөздер қатарын көрсетіңіз?

а/ ұлы, әсем, ғылым

ә/ улы, ажарлы, дәріс

б/ кітап, білімгер, дәрі

в/ шаң, көрші, науқас




  1. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?

а/ 2

ә/ 4


б/ 3

в/ 5



  1. Төрт буынды сөздер қатарын көрсетіңіз?

а/ мемлекет, оқулықтардың

ә/ дәрісхана, республика

б/ астана, қала

в/ емхана, науқас




  1. Тек ашық буыннан тұратын сөзді көрсетіңіз?

а/ жастар

ә/ мемлекет

б/ білімгер

в/ тазала




  1. Алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа әсерін қандай ықпал дейміз?

а/ ілгерінді ықпал

ә/ кейінді ықпал

б/ тоғыспалы ықпал

в/ ешқандай ықпал




  1. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

а/ 14

ә/ 13


б/ 12

в/ 16



  1. Дыбыстар, екпін, буын және үндестік заңы қай салада қарастырылады?

а/ Лексикада

ә/ Фонетикада

б/ Морфологияда

в/ Синтаксисте




  1. Үнді дауыссыздан басталған сөзді табыңыз.

а/ емхана

ә/дәрігер

б/ аурухана

в/мұғалім




  1. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз?

а/ б,в,г,ғ,д,ж,з

ә/ ы,і,и,ұ,ө

б/с,ц,т,ю,п,ш,щ

в/м,н,р,л,у,й,я


3


  1. Үндестік заңы бойынша сөздің дұрыс жазылмауын көрсетіңіз.

а/ бүйрекке, асқазанға, жүрекке

ә/ бүйрекім, жүрекім, құлақым

б/бүйрегім, жүрегім, құлағым

в/бүйрек, жүрек, құлақ




  1. Үнді дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

а/ б,в,г,ғ,д,ж,з

ә/ м,н,ң,р,л,у,й

б/ә,і,ұ,ү,о,ө,ю,я

в/қ,ш,щ,к,с,ф,п




  1. Тіл дыбыстарын қай сала зерттейді?

а/ Синтаксис

ә/Лексика

б/Морфология

в/Фонетика




  1. Қазақстан астаналарын көрсетіңіз.

а/Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана

ә/Жамбыл, Алматы, Астана

б/Ақтау, Атырау, Алматы, Астана

в/Ақтөбе, Қарағанды, Астана




  1. Дауысты дыбыстар ненің қатысына қарай жуан, жіңішке болып бөлінеді?

а/үннің қатысына қарай

ә/ еріннің қатысына қарай

б/жақтың қатысына қарай

в/салдырдың қатысына қарай




  1. Құрамында 4 дауысты дыбыс болып тұрған сөзді табыңыз.

а/дауыстап

ә/уылдырық

б/қарулану

в/тістеуік




  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - .... .

а/қос тіл

ә/орыс тілі

б/ағылшын тілі

в/қазақ тілі




  1. Тек ашық буындардан құралған сөздер қатарын көрсетіңіз.

а/ ғаламтор, ұлтты

ә/ тазала, мақала

б/тұңғыш, мемлекет

в/дыбыстар, тілдер




  1. Қазақ тілі қай жылы тілдік мәртебесін алды?

а/1992

ә/1990


б/1991

в/1989
4



  1. «Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» - кімнің сөзі?

а/Н.Назарбаев

ә/К.Мәсімов

б/Б.Жұмағұлов

в/И.Тасмағамбетов




  1. Үнді дауыссыздан басталған сөзді табыңыз.

а/аурухана

ә/дәрігер

б/ нарық

в/емхана



  1. Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз.

а/тұтқа

ә/майда

б/балдырған

в/жазғы



  1. ... арышкер, ... алым, ... имарат – көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қойыңыз?

а/ ғ

ә/ қ


б/ с

в/ ж



  1. Сөйлемді аяқтаңыз. – 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының .... .?

а/ Жеңіс мерекесі

ә/ Тілдер мерекесі

б/ Білім мерекесі

в/ Тәуелсіздік мерекесі




  1. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне неше жыл толды?

а/ 21 жыл

ә/ 19 жыл

б/ 20 жыл

в/ 22 жыл




  1. Қазақ батырларының қатарын көрсетіңіз?

а/ Қабанбай, Бөгенбай

ә/ Бұқар, Сүйінбай

б/ Кеңесары, Әбілқайыр

в/ Сәкен, Бейімбет




  1. «16 желтоқсан Қазақстан Республикасының – Тәуелсіздік күні» - мерекелердің қай түріне жатады?

а/ отбасылық мереке

ә/ діни мереке

б/ ұлттық мереке

в/ халықаралық мереке




  1. Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы бекітілді?

а/1992 жылы 10 қаңтарда

ә/1992 жылы 4 маусымда

б/ 1993 жылы 15 сәуірде

в/ 1993 жылы 15 қарашада

5


  1. «Мемлекеттік тіл» - дұрыс аудармасын көрсет?

а/ государственный язык

ә/ казахский язык

б/ родной язык

в/ мой язык




  1. Жаз айларын көрсетіңіз?

а/ наурыз, сәуір, мамыр

ә/ қыркүйек, қазан, қараша

б/ желтоқсан, қаңтар, ақпан

в/ маусым, шілде, тамыз





  1. «... – алтын сандық» – мақалды дұрыс оқыңыз?

а/ Сөз

ә/ Оқулық

б/ Кітап

в/ Білім



  1. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

а/кейуана

ә/күна


б/диюана

в/байағы



  1. Қазақ халқының ұлттық ойынын көрсетіңіз?

а/ дойбы

ә/ тоғызқұмалақ

б/ шахмат

в/ футбол




  1. Үш бәйтеректі атаңыз?

а/ С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров

ә/ С.Сейфуллин, Ш.Құдайбердиев, І.Жансүгіров

б/ Ш.Құдайбердиев, І.Жансүгіров, А.Байтұрсынов

в/ А.Байтұрсынов, Б.Майлин, С.Сейфуллин




  1. Қалалардың қайсысы Қазақстанның астанасы болған?

а/Ақтөбе

ә/Шымкент

б/Тараз

в/Қызылорда




  1. Астананың бұрынғы атауын белгілеңіз.

а/Көкшетау

ә/Атырау

б/Ақмола

в/Верный



  1. Тәуелсіздік монументі қай қалада орналасқан?

а/Астана

ә/Алматы

б/Атырау

в/Тараз
6




  1. Еріндік дауыстылардың қатарын табыңыз.

а/ о,ө,ұ,ү,у

ә/ а,о,ұ,у,ы

б/а,ә,о,ө,е

в/ә,ө,е,ү,і




  1. Қай сөзде қате бар?

а/халқы

ә/әріпі

б/ойна

в/оқу



  1. Тиісті дыбысты қойыңыз - «Қазақ тілін міндетті түрде ме...геру қажет».

а/й

ә/м


б/н

в/ң



  1. Қазақ билерін табыңыз.

а/Қазыбек, Төле, Әйтеке

ә/Тәуке, Абылай, Қабанбай

б/Қабанбай, Райымбек, Әйтеке

в/Төле, Райымбек, Қазыбек




  1. Тұйық буынды сөзді табыңыз.

а/денсаулық

ә/ халық

б/ұлт

в/елім



  1. Бірыңғай бітеу буыннан тұратын сөзді табыңыз.

а/сауатты

ә/дәрігер

б/науқас

в/емхана




  1. Қазақтың көне қаласын көрсетіңіз.

а/Атбасар

ә/Ақтау

б/Орал

в/Отырар



  1. Қазақстанның тәуелсіздігін білдіретін нышандар қатарын табыңыз.

а/Туы,Әнұраны,Елтаңбасы

ә/Әнұраны,Туы,Жұлдызы

б/Әнұраны,Теңгесі,Шаңырағы

в/ Елбасы,Әнұраны,Туы




  1. Қазақстан мемлекетінің ұлттық теңгесі қашан айналымға енді?

а/1992ж

ә/1993ж

б/1994ж

в/1991ж
7




  1. «Бәйтерек» Қазақстанның қай қаласында орналасқан?

а/Атырауда

ә/Алматыда

б/Оралда

в/Астанада




  1. Елтаңбаның екі жағында не бейнеленген?

а/пырақтар

ә/жұлдыз

б/ою

в/бес бұрыш




  1. Мақалға тән ерекшелікті табыңыз?

а/Ой тұжырымдалып, даналық түйінді пікір түрінде айтылады

ә/бір ғана сөзден тұрады

б/құрамындағы сөздер ауыстыруға келеді

в/авторы белгілі болады




  1. Мұсылман мәдениетінің орталығы саналатын қаланы белгілеңіз.

а/Астана

ә/Алматы


б/Түркістан

в/Тараз



  1. Әбу -Насыр Әл -Фараби қай жерде дүниеге келді?

а/Суябта

ә/Отырарда

б/Сығанақта

в/Баласағұнда




  1. Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстар қаншау?

а/6

ә/8


б/7

в/9



  1. Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарға басталып тұрған сөздер қатарын көрсетіңіз?

а/әдемі, қалың, ғалым, ұлы, үлкен

ә/адал, күрең, жоғарғы, шөп

б/көктем, дәріхана, сырқат, су

в/білімгер, кітапхана, дәріс, мықты




  1. ...алым, ...ылым, ...арышкер – көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қойыңыз.

а/ с

ә/ қ


б/ ғ

в/ ж



  1. «Ас адамның - ....». – мақалды дұрыс аяқтаңыз.

а/байлығы

ә/арқауы


б/тамағы

в/қазынасы


8


  1. Орфография дегеніміз ... ?

а/сөздің дұрыс жазылу ережесі

ә/сөздің дұрыс айтылу ережесі

б/сөздің қате жазылу ережесі

в/сөздің қате айтылу ережесі




  1. Орфографияға бағынып тұрған сөз.

а/парақым

ә/штапта

б/клупта

в/штабта



  1. Орфоэпия дегеніміз ...?

а/ сөздің қате жазылу ережесі

ә/сөздің дұрыс жазылу ережесі

б/ сөздің дұрыс айтылу ережесі

в/сөздің қате айтылу ережесі




  1. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.

а/білімгерлар

ә/білімгерлер

б/білімгерді

в/білімгердің




  1. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер қатарын табыңыз.

а/ жақсы, жаман, нашар

ә/ жүйе, бүйрек, мүше

б/ми, сауыт, ағза

в/ рахмет, қажет, ғанибет




  1. Жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер қатарын табыңыз.

а/ ми, жиналыс

ә/аялдама, дос

б/қас, дұшпан

в/ егу, дәке





  1. Қазақ тілінің неше төл дыбыстары бар?

а/8

ә/10


б/11

в/9



  1. Жуан дауысты дыбыстардан ғана тұратын сөздерді көрсетіңіз.

а/ тән, құрамы

ә/ереже, тіл

б/ тасымал, буын

в/жүйе, дыбыс




  1. «Адам тастан қатты, ... ... ». – мақалды дұрыс аяқтаңыз.

а/гүлден нәзік

ә/желден жүйрік

б/мақтадан жұмсақ

в/судан таза


9

  1. Тек жуан дауысты дыбыстардан құралған сөздердің қатарын көрсетіңіз.

а/қуық, омыртқа, жұлын, жасуша

ә/жүз, жүрек, шеміршек, тірек

б/несепағар, ағза, ересек

в/бауыр, бүйрек, ата-ана, іні




  1. Тараз қаласының қанша жылдан астам тарихы бар?

а/1000 жылдан

ә/2000 жылдан

б/1500 жылдан

в/3000 жылдан




  1. Қазақ әліпбиінде неше дыбыс бар?

а/39

ә/41


б/42

в/40



  1. «Атаңның баласы болма, ... ... ...» . – мақалды дұрыс аяқтаңыз.

а/ нағашыңның баласы бол

ә/ анаңның баласы бол

б/адамның баласы бол

в/әжеңнің баласы бол




  1. Ауру дегеніміз не? – сөйлемді дұрыс аударыңыз.

а/Что такое болезнь?

ә/Вы болеете?

б/Когда вы заболели?

в/Какие у вас жалобы?


Модуль № 2. Саламатты Қазақстан.

  1. «Енгізу» - сөзінің дұрыс аудармасын тап.

а/растворитель

ә/ввести

б/плотно

в/обезвредить




  1. «Саламатты Қазақстан» - бағдарламасын іске асыру кімнің ойы?

а/ С.Қайырбекова

ә/К.Мәсімов

б/Б.Жұмағұлов

в/ Н.Назарбаев




  1. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат ....» - тиісті сөзді қойыңыз.

а/құндылығы

ә/дүниесі

б/жемісі

в/ағзасы



  1. «Медицинаны дамыту» - дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

а/развивать медицину

ә/показать медицину

б/управлять медициной

в/помогать медицине

10


  1. «Тіл табысу» - сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз?

а/ показать язык

ә/ найти общий язык

б/ найти язык

в/ не понять друг-друга




  1. Қазақтың тұңғыш дәрігерлерін атаңыз.

а/С.Аспандияров, И.Қашқынбаев

ә/Ж.Айтқожин, Б.Сейдуалиев

б/А.Орманов, Д.Ақтамбаев

в/Б.Молдағұлов, С.Сералин




  1. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер?

а/ фразеологизмдер

ә/ синонимдер

б/ антонимдер

в/ омонимдер




  1. Дыбысталуы әртүрлі, мағынасы бірдей сөздер?

а/ антонимдер

ә/ омонимдер

б/ синонимдер

в/ фразеологизмдер




  1. Мағыналары қарама-қарсы сөздер?

а/ синонимдер

ә/ омонимдер

б/ антонимдер

в/ фразеологизмдер




  1. Синонимдес қатарды көрсетіңіз?

а/ сұлу, көрікті, ажарлы

ә/ ыстық, суық, жылы

б/ көлем, салмақ, бойы

в/ жақсы, жаман, орташа




  1. Бір-біріне қарама-қарсы сөздердің қатарын көрсетіңіз?

а/ мүгедек адам, науқас адам, ауру адам

ә/ сау адам,науқас адам; ыстық жел,суық жел

б/ жақсы ауа-райы, тамаша ауа-райы

в/ биік ғимарат, үлкен ғимарат




  1. Омоним сөзі бар сөйлемді табыңыз?

а/ Жалғас ат үстінде отырып қасқырды ата алмады

ә/ Майра өте сұлу әрі көрікті қыз

б/ Жанар ауруханадан кейін емханаға кіріп анықтама қағазын алып шықты

в/ Қайталаңызшы, өтінемін




  1. «Аққу көлін аңсайды, ... туған жерін аңсайды» – мақалды дұрыс айтыңыз?

а/ бала

ә/ қыз


б/ ер

в/ адам
11




  1. «Туған жердің ... да ем» – мақалды дұрыс оқыңыз?

а/ наны

ә/ тауы


б/ суы

в/ ауасы



  1. «Адам ағзасы» - дұрыс аудармасын табыңыз?

а/ организм человека

ә/ скелет человека

б/ органы человека

в/ кости человека




  1. « ... – адамның арқауы» - мақалды дұрыс оқыңыз.

а/Тамақ

ә/Ас


б/Денсаулық

в/Су



  1. Шайды тамақтан кейін ... - ... сағаттан соң ішу – дұрыс жауабын көрсетіңіз.

а/3-4

ә/2-3


б/1-2

в/4-5



  1. Сөздің мағынасы, шығу тегі, қолданылуын зерттейтін сала?

а/ синтаксис

ә/ фонетика

б/ морфология

в/ лексика




  1. «Дұрыс тамақтану» - дұрыс аудармасын тап.

а/правильное питание

ә/здоровое питание

б/питание

в/неправильное питание




  1. Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің неше түрі бар?

а/400 түрі

ә/200 түрі

б/300 түрі

в/500 түрі




  1. «Ақ көңіл» - фразеологиялық тіркестің дұрыс мағынасын табыңыз?

а/ чистая душа

ә/ простодушный

б/ белая душа

в/ белое настроение




  1. «Ананың сүті - ..., баланың тілі - ...» . – мақалды дұрыс оқыңыз?

а/ керемет

ә/ тәтті


б/ бал

в/ тамаша


12



  1. «Дәрумендер» - сөзінің аудармасын табыңыз.

а/витамины

ә/добавки

б/белки

в/ткани



  1. "Дұшпан" сөзінің антонимін табыңыз.

а/жау

ә/ер


б/адам

в/дос



  1. «Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан ...» . – тиісті сөзді қойыңыз.

а/сұлу

ә/жуан


б/нәзік

в/ескі



  1. «Тез» - сөзінің синонимін табыңыз.

а/ қатты

ә/жылдам

б/ баяу

в/жай



  1. «Жоғалтпау» - сөзінің дұрыс аудармасы?

а/не терять

ә/потерять

б/отделять

в/впитать




  1. «... кірді, әлек кірді». – мақалды дұрыс оқыңыз.

а/Ауру

ә/Ақша


б/Қонақ

в/Көрші



  1. «Тер шықпаған кісіден, ... шықпайды». – тиісті сөзді қойыңыз.

а/ тер

ә/ шаң


б/жас

в/дерт



  1. «Дерт» - сөзінің синонимін табыңыз.

а/жара

ә/ауру


б/жүрек

в/ем



  1. «Халық» - сөзінің синонимін табыңыз.

а/жауынгер

ә/мемлекет

б/жұрт

в/кәсіби


13


  1. «Ердің сәні – білім, жердің сәні - ...» . – мақалды дұрыс аяқтаңыз.

а/топырақ

ә/су


б/егін

в/жануар



  1. «Оңаша» - сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

а/уединенно

ә/ввести

б/наблюдать

в/порождать




  1. Фразеологизмді табыңыз.

а/ Ат - ер қанаты

ә/Күлме досыңа, келер басыңа

б/Алматы өңірінде тұрады

в/ Қой аузынан шөп алмас




  1. Антоним сөздердің жұбын көрсетіңіз.

а/жасуша-дәрумен

ә/ қосу-алу

б/нарық-кеден

в/жарлық-үкімет




  1. Синонимдерді табыңыз.

а/ кітап - дәптер

ә/үлкен – кіші

б/ ұстаз - мұғалім

в/ әке – ата




  1. «Оқу - білім бұлағы, ...». – мақалды дұрыс аяқтаңыз.

а/Білім - өмір шырағы

ә/Еңбек - ырыстың бұлағы

б/Еңбек - бақыттың шырағы

в/Ел - ердің тұрағы




  1. Өкіну мәніндегі фразеологизмді табыңыз.

а/ төбе шашы тік тұру

ә/мұзға отырғызып кету

б/аузына құм құйылу

в/ салы суға кету




  1. Қай тұрақты тіркес әділ деген мағынаны береді?

а/тонның ішкі бауындай

ә/ ала жіпті аттамау

б/ мұрнынан шаншылу

в/ он саусағынан бал тамған




  1. "Ит терісін басына қаптау" тіркесінің мағынасын табыңыз?

а/ жек көру

ә/ ұрысу, балағаттау

б/ іске жарау

в/ашулану


14



  1. Қақырық түсіргіш дәрілердің неше пайызы дәрілік шөптерден жасалады?

а/95%

ә/80%


б/90%

в/73%



  1. Қан тоқтататын дәрілердің неше пайызы дәрілік шөптерден жасалады?

а/90%

ә/70%


б/80%

в/60%



  1. «Витамин» - сөзі қай тілден шыққан сөз?

а/латын тілінен

ә/грек тілінен

б/орыс тілінен

в/ағылшын тілінен




  1. «Дәрумендер» - сөзінің дұрыс аудармасы.

а/лекарства

ә/добавки

б/витамины

в/белки



  1. А дәрумені қайда кездеседі?

а/балық майында, сүтте, жұмыртқаның сары уызында

ә/ашытқыда, бауырда, күріштің, қара бидайдың ұрығында

б/сәбізде, қырыққабатта, пиязда, қызанақта, лимонда

в/етте, тауық етінде, жұмыртқаның ақ уызында




  1. В дәрумені қайда кездеседі?

а/ ашытқыда, бауырда, күріштің, қара бидайдың ұрығында

ә/ балық майында, сүтте, жұмыртқаның сары уызында

б/сәбізде, қырыққабатта, пиязда, қызанақта, лимонда

в/етте, тауық етінде, жұмыртқаның ақ уызында




  1. С дәрумені қайда кездеседі?

а/ сәбізде, қырыққабатта, пиязда, қызанақта, лимонда

ә/ балық майында, сүтте, жұмыртқаның сары уызында

б/ ашытқыда, бауырда, күріштің, қара бидайдың ұрығында

в/етте, тауық етінде, жұмыртқаның ақ уызында




  1. Берілген сөз тіркестеренің дұрысын анықтаңыз?

а/ менің уақытыңыз

ә/ менің бос уақытың

б/ менің бос уақыты

в/ менің бос уақытым





  1. Антоним сөздерді көрсетіңіз?

а/ көрші-қолаң

ә/ соғыс-бейбітшілік

б/әдет-ғұрып

в/ салт-дәстүр


15


  1. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз - «Ас - адамның арқауы».

а/ адамгершілік

ә/ өнер - білім

б/ денсаулық

в/ достық




  1. «Мықты» - сөзінің синонимдік қатарын көрсетіңіз.

а/ қысқа, шолақ

ә/ берік, күшті

б/сирек, селдір

в/кәрі, қарт




  1. «Жақсы» - сөзінің антонимін табыңыз.

а/ таза

ә/сұлу


б/ көне

в/жаман



  1. «Аш адамнан ... сұрама». – тиісті сөзді қойып, мақалды дұрыс аяқтаңыз.

а/жағдай

ә/жол


б/ақша

в/ақыл



  1. «Ертеңгі асты тастама, ... асқа қарама». – мақалды дұрыс аяқтаңыз.

а/кешкі

ә/түскі


б/түнгі

в/ азанғы




  1. «Аласа» - сөзінің антонимін табыңыз.

а/жаман

ә/үлкен


б/биік

в/қызық



  1. Вы часто болеете ангиной? – сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсет.

а/Сіз баспамен жиі ауырасыз ба?

ә/Сіз баспаны қалай емдейсіз?

б/Баспа қалай басталды?

в/Баспа қандай ауру?




  1. «Жалоба» - сөзінің дұрыс аудармасын табыңыз.

а/тән

ә/шағым


б/тұрмыс

в/ кәсіби




  1. «Қыздырады» - сөзінің синонимін табыңыз.

а/сауықтырады

ә/айналдырады

б/суытады

в/ жылытады

16


  1. Как и чем лечат ангину? – сөйлемді дұрыс аударыңыз.

а/Баспаны немен, қалай емдейді?

ә/Баспа қандай ауру?

б/Сіз баспамен жиі ауырасыз ба?

в/Ауру қалай басталады?




  1. «Қарт» - сөзінің синонимін табыңыз.

а/ балғын

ә/жеткіншек

б/қария

в/жас


Каталог: uploads -> doc -> 0996
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0996 -> 264 мектеп-лицей директордың тәрбие ісі жөніндегі директоры Ежетаева. К. Т орынбасары Жекенов Б. Т


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет