Байланысты: Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
- қоштасу – ата-анадан, достарынан, қадірлі азаматтардан айрылғанда жырланады; - сыңсу – ұзатылған қыз жылап, ән-жырмен туған-туыстарын аралап олармен қоштасу барысында айтылады; - көрісу – сүйіктісімен, туғандарымен, достарымен, қаділі адаммен кездескенде туысқандарымен қауышқанда және т.б. жағдайларда жырланады; - жоқтау – жеке бастың немесе қоғам алдында еңбегі сіңген адамның қайтыс болған кезінде айтылады; - айтыс – қазақ арасындағы жеке адамдар бәсекесі, сөз жарысы. Айтыс кезінде қарсыластар, кезекпен суырып салып, бір-біріне жауаптасады. Ойын-сауықта, тойда т.б. жастардың бас қосуында әсіресе, қыз бен жігіт арасындағы өлең мен жыр сөз жарысуына ұласады» Х. Досмұхамедұлы ұсынған бұл этнопедагогикалық ұғымдар педагогика ғылымында мәні зор. Себебі бұл ұлттық педагогика ғылымында қолданыс тапқан тұңғыш терминдік атаулар.
Ғалым - қазақ фольклористикасы арқылы бала тәрбиесіне әсер ететін негізгі ғылыми принциптерді жүйелеп көрсетті. Қазақ елінің тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры, ертегілер мен аңыздар, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар нәтижесінде жас ұрпақты адамгершілік, имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәбиесіне баулиды. Автордың лиро-эпос, тұрмыс-салт жырларында қазақтың ұлттық өнеріне жасаған талдауларының да ғылыми педагогикалық мәні жоғары.
Х. Досмұхамедұлының халық-ағарту саласындағы еңбегінің бір саласы – күні бүгінге дейін өз бағасын алмай жүрген, сол кезеңінің сұранысын өтеген, медицина, жаратылыстану, ана тілі мен әдебиеттану ғылымы саласындағы қазақ тілінде тұңғыш жазылған 1928 жылы Қызылорда, Мәскеу қалаларында басылып шыққан оқу құралдары мен ғылыми-көпшілік қолдануына ие болған «Табиғаттану», «Жануарлар», «Сүйектілер» атты кітаптары.
«Табиғаттану», «Жануартану» пәндерінің аталуын тұнғыш рет ғылыми терминалогиямызға еңгізген ғалым педагог Х. Досмұхамедұлы екенін мақтанышпен айтамыз.
Х. Досмұхамедұлының 1923 - 1925 жылдары жарық көрген «Оқушының саулығын сақтау» кітабын жасөспірімдер үшін жасалған, мектеп оқушыларының гигенасын түсінікті тілмен тартымды жеткізе білген ірі еңбек деп бағалауымыз қажет.
Х. Досмұхамедұлы еңбегіндеоқушының денсаулығын сақтауға байланысты: «Оқушының саулығын сақтауы денсаулықты сақтауға үйрететін толық құрал деп түсінуге болмайды. Сонда да, осында айтылған шарттар орындалып тұрса, жас буынның таза болып дұрыс өсуіне едуір себебкер болар еді» - дейді.
Х. Домұхамедұлы ұзақ күнгі жұмыстан қажып, шаршаған ағзаның қалыпқа келуі, қайтадан күш жинауы арқылы жүзеге асады, яғни адам денсаулығы үшін аса қажетті факторлардың бірі – ұйқы дейді: «Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалы ұйқы – түссіз қатты ұйқы. Түнде ұзақ отырып істеген жұмыс адамнның ұйқысын бұзады, адамды ұмытшақ қылады. Сондықтан саулық сақтау білімі саған ерте жат-ерте тұр, сондағана ұйқы сені тынықтырады» - дей келе халық ауыз әдебиетінде орын алған мақалдарды мысалға алады: «Ұйқы орын талғамайды», «Ұйықтамағаннның ақылы қабағында», «Ұйқы өліммен тең» т.б.
Х. Досмұхамедұлының баспасөз беттерінде, жинақтарда жарияланған жүздеген мақалалары мен аудармалары, рецензиялары мен конференция мәжілістерде жасаған баяндамалары, өзі құрастырып, алғы сөз, түсініктермен бастырған кітаптары аз емес. Ол осы ғылыми-шығармашылық жұмысты Қазақ-қырғыз білім комиссиясының төрағасы қызметінде әрі Қазақ педагогикалық институында ұстаздық ете жүріп, басқада толып жатқан мемлекеттік-қоғамдық қызметтермен қатар қыйын қыстау кезеңде жазуға уақыт табуы кім-кімді де болса қайран қалдырары сөзсіз. Кемеліне келген ғалымды, шебер ұйымдастырушыны қанша жерден жоқшылық бунасада, таршылық қыйнасада ерік-жігірін жасыта алмады. Ол болшаққа үлкен үмітпен қарады. Жас ұрпаққа тәрбие беруді халқын мәдениетке жетелеуді заман көшінен қалмауды өзінің азаматтық борышы деп санады.
Барлық саладағы ғылым мен білім жүйесінің кілтін мәдениеттің тізгінін Орынборда А. Байтұрсынов, Ташкентте Х. Досмұхамедұлы берік ұстағанын тарихи әдебиеттерден білеміз. Шығармашылық өнермен айналысуға мүмкіндік туған Ташкентте өткізген өмірінің соңғы кезеңдерінде Х. Досмұхамедұлы педагогикалық ағарту жұмыстарын қазақ тілідегі төл оқулықтар шығару ісімен шебер ұштастыра білді.
Қазақ баласы тұңғыш рет ана тіліде оқыған «Табиғаттану» оқулығының алғы сөзінде былай деген: «Бұл кітап қылып шығарып отырғанымыз Ташкендегі қазақ-қырғыз институтының шәкіртетеріне оқылған дәрістерінің бір бөлігі. Ғылым ретінде кітап жоқ болған соң, балалардың өтінуі бойынша баспаға беріліп отыр. Термин табу бек қиын. Сөйткенмен қолдан келгенше терминдерді нағыз қазақ сөзінен алдық. Қате кеткен термин болса, хат арқылы білдіруіңізді өтінеміз. Кітап асығыс жазылғансоң қолымызды Қазақстан, Түркістан хақында мағұлмат берерлік кітаптар көп болмаған соң суреттерді өз жерімізден ала алмадық һәм Түркістан, Қазақстан хақында көңілдегідей мағұлмат бере алмадық». Бұл еңбектің көркемдік безендіруі мен полиграфиялық сапалық деңгейі тәп-тәуір ең бастысы ашыла бастаған жаңа жүйелі ұлттық мектептерді шәкірттердің бұйым, ауа, су, жер, кен, жер жүзінің өзгеруі, табиғаты, айнала қоршаған ортаны танып, білуі туралы ілімнен мол мағұлматтар алатын оқу құралы болуымен құнды еді.