Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет33/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

визуалдар – ақпараттың көп бөлігін көзбен көріп қабылдаушылар;

  • аудиалдар – ақпаратты құлақпен естіп қабылдаушылар;

  • кинестетиктер – ақпараттың иісін сезу, ұстап көру, дәмін тату, яғни қимыл- қозғалыс әрекеті арқылы қабылдаушылар;

  • дискреттер – ақпаратты, негізінен, сандардың, таңба-белгілердің, қисынды дәлелдердің көмегімен түсіну арқылы қабылдаушылар.

    Дискреттердің саны өте аз келеді, мектеп жасына дейінгі және бастауыш пен орта сынып оқушыларына ақпаратты қабылдаудың бұл түрі тіпті тиесілі емес те екен.
    Мұғалім көзбен көру, құлақпен есту және кинестетикалық арна арқылы балаларға түрлі ақпараттар ұсынады. Әр бала қабылдау арнасына байланысты берілген ақпаратты өзінше түсінеді. Егер баланың ақпаратты қабылдау арнасы визуалды немесе аудиалды болса, онда сабақта сөздік және көрнекілік әдісін қолдану тиімді болады, яғни бала қабылдау арнасының басымдылығына байланысты маңызды дағдыларды игереді. Тәрбиешінің балаға тән ақпаратты қабылдау арнасын білуі, оған жаңа білімді игертуі мен қарым-қатынасты орнатуы оқыту процесінде көмегін тигізеді.
    Баланың ақпаратты қабылдау және игеру арнасын танып-біліп, қорытынды жасау үшін оларға түрлі-түсті суреттер мен фигураларды көрсетіп, дыбыстарды естіртіп, заттарды қолдарымен ұстатып, иіс пен дәм сездіру арқылы бақылауға болады. Осы кезде олардың ақпаратты қабылдау арналарына байланысты іс-әрекеттерінің де өзіндік ерекшеліктері байқалады.
    Визуалдар сөйлесіп тұрғанда, көбінесе, жоғары қарап тұрады, ал аудиалдардың көзқарасы орта деңгейді қамтиды, кинестетиктер төмен қарап тұрады екен. Зейін мәселесіне келсек, кинестетиктің бар зейінін бір нәрсеге аудару өте қиынға соғады. Аудиал балалар кез-келген дыбысқа өте сезімтал болады. Олар ұйықтаған кездің өзінде ақырын шыққан дыбысты естіп жатады. Сондықтан аудиал балалар толық тыныштықта ұйықтағанды қалайды. Балалардың есте сақтау қабілеттері де қабылдау арналарымен тығыз байланысты. Визуал баланың айналасын көзбен шолып, қабырғаларда ілініп тұрған суреттер мен жазуларға қызығушылық танытуы басымырақ болады. Олар сабақта да бейнелі суретке анықтап қарайды, мазмұнына ой жүгіртеді, суретке қарай отырып, айтқанды жақсы түсінеді. Бала көзімен көргенін ұмытпай, жаңа ақпаратты есінде сақтайды. Визуалға жаңа сабақты ұғынып, ақпаратты есте сақтауын бекіту үшін ойында қалғанын қағазға сызып, суретін салып беруді тапсыру керек.
    Аудиал бала ақпаратты есту аппараттары арқылы жақсы қабылдайды. Олар сабақ және ойын кезінде де әңгімелесуге бейім келеді. Аудиалдан естіген мәліметін тез арада қайталап беруді талап етуге болмайды. Тапсырманы орындау барысында олар дыбыс шығарып, ернін жыбырлатып отырса, ескерту жасамау керек, себебі олар осылайша сабақты жақсы түсінеді.
    Кинестетик бала кез келген сезім мүшелері арқылы алған әсерін ұмытпайды. Олар қимыл-қозғалыс кезінде жаңа ақпаратты жақсы меңгереді. Мұндай баланы ұзақ уақыт қимыл-қозғалыссыз отыруға мәжбүрлеуге болмайды, оған ара-тұра қозғалып, серпілуге мүмкіндік беру керек. Сабақта одан қозғалмай отыруды талап ету, жаңа білімді қабылдауына едәуір зиянын тигізеді. Олар жаңа материалды игеріп, тақпақты жаттап алуы үшін үзіліс жасап, бір бөлмеден екінші бөлмеге барып келуіне, жаттығу жасауына т.с.с. қимыл-қозғалыс әрекетіне мүмкіндік берсе, нәтижелі болады.
    Сонымен қатар балаға жасалған ескертудің тиімділігі оның қабылдау арнасына байланысты келеді. Мысалы, визуал балаға басты шайқап, жест көрсету арқылы, ал аудиал балаға сыбырлап «т-ү-ш-ш» деген дұрыс. Кинестетикке иығына қолыңызды қойып немесе арқасынан жаймен ғана қақса, тиімді әсер етеді екен.
    Кез келген адам, оның ішінде бала да өз өмірінде ақпаратты қабылдауда түрлі арналарды қолданады. Баланың табиғатында бір қабылдау арнасы басым болуы мүмкін, дегенмен, бұл оның басқа сезім мүшелері жұмыс істемейді деген сөз емес. Баланың ақпаратты қабылдау арналарының барлығы неғұрлым ашық болса, оқу-тәрбие процесі де соғұрлым тиімді болады.
    Ақпарат тек қарым–қатынас нәтижесінде, яғни оны алу немесе беру кезінде ғана игеріліп қоймайды, адам миы бұрынғы қабылдаған мәліметтерді, хабарларды, білімін өңдеу процесінде де тууы мүмкін. Ол қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зерттеу т.б. әрекеттер нәтижесінде де пайда болады. Оны қоршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады.
    Ақпарат – нақты мәліметтер және олардың өзара тәуелділігі туралы білім жиынтығын сақтау, өңдеу және тапсыру нысаны болып табылатын бір нәрсе туралы хабар, мағлұмат; адамдар ауызша (сөйлеу түрінде), жазбаша (мәтін, кесте, сурет, сызба, шартты белгілер, белгілер) немесе басқа тәсілмен (дыбыс немесе сәуле сигналдары, электр немесе жүйке импульстері) берілетін мағлұмат, мәліметтер жиынтығы; басқару қызметінің пәні және өнімі; 3) әртүрлі нысандарда және үдерістерде түрліше бейнелеуі. Бұған қарап, ақпарат құралдарын бала өмірінде пайдалануға болмайды деген қорытынды шығара алмаймыз. Себебі, қазіргі өмір ағымы ақпараттар құралдарымен тығыз байланысты. Осыған байланысты қазіргі кезде білім берудің негізгі құралы «ақпарат» болып отыр.

    Кесте – 7. Ақпарат білім берудің негізгі құралы



    Білім беруде тұлғаның осы ақпаратқа қызығушылықтарын арттыру мәселесі. Жылдар бойы көптеген ғалымдардығ еңбектерінде баланың ақыл-ойын дамыту кезінде баланың қажеттілігіне, қызығушылығына үлкен мән берілген. Әлеуметтанушылардың дәлелдеуі бойынша, қажеттілік – қызығушылық - құндылық мінез-құлыққа түрткі болатын бір ізді қатынастар қатарын құрайды.
    Қажеттіліктің иесі жеке адам немесе қоғам бола алады. Қажеттілік іс-әрекетке түрткі болып, алғы шартты құрайды. Сонымен қатар, іс-әрекет өзінің дамуының барысында, тек адамға ғана тән, шығармашылық сипаттағы, адам қажетіне іс-әрекетті бағыттайтын жаңа қажеттіліктерді тудырады.
    Қажеттіліктен кейін қызығушылық тудыру десек, ол туралы психологиялық сөздікте "қызығушылық дегеніміз - дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі". деп көрсетілген.
    Қажеттілік пен қызығушылыктың өзара қатынасының диалектикасы: себеп пен салдардың орын алмастыра алуларында. Рухани қажеттіліктің негізінде дамыған оқырмандық қызғушылық үнемі қанағаттанырылудың барысында белгілі бір әдебиетті оқуға деген тұрақты қажеттілікке дейін артады, ал бұл қажеттілік жаңа қызығушылықты тудырады (біздің жағдайымызда салауатты өмір салтты ұстану қызығушылығын). Оқырмандық қызығушылықты қалыптастыра отырып, сыртқы ықпал (педагогикалық арнайы үдеріс) қоғамдық қажеттілікті жеке тұлғалыққа ауыстыра алады. Жалпы оқырмандық қызығушылық, әдебиетке деген оқырмандық қызығушылықты арттыра отырып, жаңа баспа өнімінің тиражына әсер ете алады, ал оны пайдалану оқуға деген қажеттілікті жаңғыртады.
    Жалпы әлеуметтік деңгейдегі қажеттілік пен қызығушылықтың байланысының мәні қоғамдық өмірдегі кез-келген құбылыс немесе оқиға оларда пайда болған қызығушылықпен байланысты болуында; қоғамдағы қажетілікке де және қызығушылыққа да объективті-субъективті сипаттағы диалектика тән. Бұл формауланың мәні мынада: танымдық кызығушылықты зерттеген ғалымдар окырмандық қызығушылықты танымдық қызығушылықты қалыптастырудың бір факторы ретінде қарастырады: «Мықты танымдық қызығушылык әрбір оқушының дамуының барысында кездесе бермейді. Ол өте дара қасиет және ол көптеген факторлардың әсерінен (тек оқуда емес, сонымен қатар бос уақытында өзінің сүйікті ісімен айналысуының барысында; тек оқулықпен ғана емес, тағыда басқа көптеген ақпарат құралдары арқылы; мұғалім ғана емес, ата-аналары, жолдастарының және т.б. көмегімен) қалыптасады». Сондықтан балада ең алдымен танымдық қызығушылықтың алғашқы қадамы әдебиеттерді өз бетінше оқуға қызығушылығын қалыптастыру қажет.
    Әлеуметтану, психология, педагогика мен басқа да адамтану ғылымдарының қарқынды зерттеуінің пәні болып табылады. Философиялық энциклопедиялық сөздікте қызығушылық ұғымына «қызығушылық (латынша interest – мағынасы бар, маңызды) әлеуметтік іс-әрекеттерге қатысатын жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, кластардың тікелей ниеттерінен, себептерінен, ойларынан, идеяларынан және т.б. тұратын әлеуметтік іс-әрекеттердің, оқиғалардың нақтылы себептері деген философиялық түсінік берілген».
    Қызығушылықтың әдіснамалық негізі ежелгі және орта ғасыр философтарының еңбектерінен бастау алған. Жеке адамның өзінің материалдық мүдделері үшін жан-жақты күресін өз теориясының негізі етіп алған Томас Гоббс жеке қызығушылықты, ақшалай қызығушылықты және жаңа қоғамдық құрылыс қызығушылықтарын бөліп көрсетті.
    Гераклит, Демокрит, Протогор, Гиллей, Сократ, Аристотель, Цицерон және т.б қызығушылықты қоғамдық және жеке қызығу ретінде қарастырып, қоғамдық қызығушылықтардың негізінде жеке қызығушылықтардың қалыптасатындығы туралы құнды пікірлер айтқан. Соның ішінде Ежелгі грек философы Аристотель «қызығу» термині пайда болмай жатып, бұл құбылысты адамның рухани табиғатының негізі болып табылатын танымға ұмтылыс ретінде анықтады.
    ХҮІІІ ғасырдың француз-материалистері Д.Дидро, Ж.О.Ламетри, К.А.Гельвеций, П.А.Гольбах жеке адам басқа адамның ойларын өзінің қызығуына, ақылының сипатына және қоғамдағы алатын орнына тәуелділігіне байланысты бағалайды, сондай-ақ, кез келген ұжым және халық өзінің қызығушылығына қарай қалыптасады деп түсіндіруге талпынған. Француз материалистері қызығудың қоғамдық сипатына назар аудара отырып, кез келген қызығу өзін-өзі жақсы көру сезімінен туындайды. Адам табиғатынан ашулы немесе мейірбан емес, өз қызығуына байланысты өзгереді деп қызығушылықты адамның сезімдік табиғатынан іздеген. Осы тұрғыдан, Гельвецийдің табиғат аясын құдіретті табиғи заңы қалай билесе, адамның мінез-құлқы мен қызметін «қызығу заңдары» солай билеп, соған бағынышты орындалады деген пікірі орынды. Оның пайымдауынша, қызығу адамның белсенділігіне әсер ететін негізгі факторларды біріктіретін, басқаша айтқанда, табиғи физикалық қажеттілік, құмарлық болып табылады. Материалистер адамдар өзінің әрекетінде әрқашан қызығуды басшылыққа алып отыруы тиіс екендігін ескертіп, «қызығу - адамды әрекетсіздіктен және жалқаулықтан азат ететін, оған алға жылжуға күш беретін жалғыз ынталандырушы» деген пікірді айтады.
    Неміс классик ғалымдары қызығушылықты ақылға байланысты түсіндіруді меңзеген. Канттың пайымдауынша, ақылмен қызығу керек, бірақ бұл жағдайда ақыл - адамның жеке қызығуларының сарапшысы болып табылатындығын айтқан. Сондай-ақ қызығушылық теориясының дамудағы маңызды рөлі туралы «қызығу адам табиғатына негізделген, әлеуметтік бәсекелестік жағдайында дамитын ұмтылыс» деп пайымдады. Гегель Канттың артынша қызығудың табиғаты жөнінде, «тарихты тереңірек қарастырудан, адамның әрекеті олардың қажеттіліктерінен, құмарлықтарынан, қызығуларынан пайда болады... және олар қоғамда басты рөлді атқарады» деген пікірге келеді. Мұндай көзқарас объективті, яғни адамның әрекетінде және белсенділігінде көрінетін маңызды әлеуметтік қызығуды жүзеге асырудың қажеттілігін көрсетеді.
    Жоғарыда аталған философтар қызығушылықты әлемдік ақыл-парасатпен, ешбір шартқа тәуелсіз идеямен байланыстырса, бүгінгі заман философтары қызығушылықты жасампаз күшке теңейді. Сол себептен де қызығушылық туралы берілген анықтамалар нәтижесі әртүрлі сапада көрінеді:
    – қызығушылық әртүрлі жағдайда, объектіні, шарттарды және салаларды зерттеуге байланысты туындайды;
    – осы кұбылысқа қарай жеке тұлғаның барлық негізгі психикалық
    функциялары өзінің бейнесін табады;
    – қызығушылық жалпы түсінік аясында емес, соңғы «кестенің» деңгейімен жиі қарастырылады және алынған сипаттама бүкіл болмысқа таралады.
    Қорыта айтқанда, философтар қызығушылық мәнін зерттей келе, ол құбылыстар мен заттардың қасиеттерімен маңызды байланыстары танып-білуші субъектіден тәуелсіз өмір сүреді. Түйсіктер мен қабылдаулардың және ақыл-ойдың нәтижесінде біз заттарды, олардың қасиеттерін танып-білеміз. Бұдан, қызығу категориясы – ішкі кедергілерге қарсы әрекетке бағытталған қайшылық түсінігімен анықталып, дүниені танып-білудің мәні негізінде құбылыстардың адам санасында бейнеленеді деп тұжырымдаған.
    Қоғамдық және жеке өмірде ешнәрсе адамдардың қызығуынсыз орындалмайтындықтан, қызығушылық маңызды әлеуметтік категория болып табылады. Қызығушылық мәселесін философиялық-әлеуметтік тұрғыда негіздеуде А.Г.Здравомыслов, М.В.Демин, Г.М.Гак, Д.А.Кикнадзе, В.П.Тугаринов және т.б. еңбектерінде нақтыланған қызығушылық теориялары маңызды орын алады.
    Г.М.Гак қызығушылықтың объективтік-субъективтік сипатында көрсетілген қызығушылық мәселесін: «...бір жағынан, оның материалдық негізі бар (жеке тұлғаның, топтардың, кластар мен жалпы қоғамның объективті түрде бар қажеттіліктері), ал екінші жағынан, арнайы бір мақсат түрінде әр уақытта немесе басқаша, терең немесе терең емес, дұрыс немесе бұрыс болып санада белгіленіп, жазылып қалады», - деп тұжырым жасаған.
    А.Г. Здравомыслов қажеттілік қызығушылыққа қарағанда анағұрлым кең түсінік және барлық тірі организмдердің өмір әрекеттері үшін түрткі болып табылады деп атап көрсетеді. Ол субъектінің ішкі мәні мен объективті өмірдің көрінісі байланысына осы субъектіні жасаудағы адам мәдениетінің материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығына назар аударды. Бұдан, қызығушылық белгілі қауымның әлеуметтік құрылымын сипаттай келе, идеологияның маңызды факторы ретінде танымның тікелей негізі болып табылады деп түсіндірген.
    В.П.Тугаринов құндылық көзқарас теориясының тұрғысынан қажеттілік пен қызығушылық байланысына өз пікірін былайша білдіреді: «Қажеттілікті құндылық деп қабылдауға болмайды. Қажеттілік адамға бір нәрсе жетіспеген кезде пайда болады. Қызығушылық қажеттілік кезінде туындайды да қажеттілікті қанағаттандыратын затқа немесе құбылысқа бағытталады. Негізінен қызығушылық түсінігі қоғамдық және рухани қажеттілік саласында қолданылады».
    Д.А. Кикнадзенің пікірі бойынша, қызығушылық – мотивациялау сатысынан өткен қажеттілік, сұраныстағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген адамның саналы бағыты. В.И.Клименко жеке адам мүдделері түсінігінің мәнін талдай отырып, адамның қызығушылығы мен қажеттіліктеріне байланысты механизмдерді қарастырады. Автор өз зерттеулерінде қажеттіліктің қызығушылыққа айналу үдерісіне назар аудара отырып, қажеттілікті сезінумен және байқаумен байланыстырады.
    Ғалымдардың еңбектеріне жасалған талдаудан қоғамдық ғылымдарда, философияда, жалпы әлеуметтануда жеке тұлға теориясында өзекті болып табылатын қызығушылық ұғымына үлкен мағына берілгені айқындалып, олардың қызығушылық бойынша біршама топтамалар жасағаны анықталды:
    – қоғамдық дәреже бойынша – жеке, топтық, коғамдық қызығушылық;
    – бағыттық сала бойынша – экономикалық, саяси, рухани;
    – оларды жүзеге асырудағы мүмкіндіктері мен сенім дәрежесі бойынша шынайы, алдамшы;
    – қоғамның объективтік дамуына көзқарасы бойынша - прогрессивтік, керітартпалық.
    Қызығушылық категориясы жайларын философиялық-әлеуметтік пайымдау – қызығушылық мәселесінің психологиялық жайын анағұрлым тереңдетуге ықпал етті.
    Қызығушылық туралы психологиялық сөздікте: «қызығушылық дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі», - деп көрсетілген. Бұдан, адам бір нәрсеге қызығып зейін аударса, онда қызығушылықтың пайда болатындығын және ол адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мақсатына байланысты әр түрлі болатындығын тұжырымдаймыз.
    Психологиялық теорияда балалардың қызығушылығын қалыптастыру мәселесіне байланысты бірқатар маңызды тұжырымдамалық көзқарастар қалыптасқан.
    К.К.Платоновтың түсінігінде «қарым-қатынас» пен «бағыттылық» тұлғаның біртұтас құрылымын жасай отырып, белгілі бір байланыста болады. Осы құрылымның ішінде қызығушылық «бір нәрсеге бағытталған танымдық форма» ретінде қарастырылады. Қызығушылықты себеп-салдармен байланыстырады, оның пайымдауынша, «қызығушылық дегеніміз бұл белгісіз бір салаға бейімделуге, жаңа деректермен танысуға, болмысты жан-жақты, терең сипаттауға ықпал ететін әрекет» [163] - деп түсіндіреді.
    Әрекет мотивтерінің бірі – қызығушылық, таным үдерісінің қалай жүзеге асуы субъектінің әрекет нысанасына қызығуының мазмұнына байланысты шешілмек. Ал әрекеттің мәні тек белгілі бір нәтижеге жетуінде ғана емес, сол әрекеттің жүру үдерісінде адамның ақыл-ой белсенділігінің арттырылуында.

    Болашақ педагогтардың медиа-білім беру арқылы кәсіби лидерлік сапаларын дамыту.


    Бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б. БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. Қазіргі кезде
    Медиа-білім беруді орыс-қазақ тусіндірме сөздігінде - педагогикадағы мектеп оқушыларының бұқаралық байланыс заңдылықтарын оқуын жақтайтын бағыт. Негізгі міндеті - жас ұрпақты казіргі ақпараттық заман талаптарына, түрлі ақпаратты қабылдау мен анализдеуге дайындау, адамды оны түсінуге, оның психикаға әсерін білуге үйрету, байланыстың вербальдік емес формалары негізінде, техника құралдар мен казіргі акпараттық технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасау тәсілдеріне үйретеді делінген. Қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының көбейуі халықтың, әсіресе жастардың медианы тұтынудың жоғары деңгейін көрсетіп отыр Әлеуметтік желілердің көбейуі мен халыққы қызмет ету, тарату тетіктерінің күшешеуі медиаақпарат санының қарқынды өсуіне әкеліп отыр. Барлық салада визуалды коммуникация мен ақпарат маңыздылығының артуы. Қазіргі қоғам талаптарына сәйкес бағдарланған онлайн білім беру қажеттілігі артуда. Жастарға меткеп қабырғасынан бастап медианы меңгереуге, бейімдеуге, білім беру саласында арнайы жабдықтарды қолдану - олардың жоғары оқу орнына келгенде сыни ойлау қабілетін, тапқырылығын, шығармашылдығын, дамытады. Аталған сапалардың дамуы педагогтардың болашақ кәсіби қызметінде маңызды лидерлік сапаларын құрайды. Себебі оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.
    Медиа қазіргі жаһандану заманында қоғамымыздың дамуына, тұлғаның лидерлік сапаларының қалыптасуына зор әсер етуші қару болып отыр. Сол себепті көз ілестірмей дамып келе жатқан ақпараттың зияны мен пайдасын ажырата білуге медиа білім беру арқылы, теріс ықпалынан сақтаутандыру қажет. Жастардың бос уақытын пайдасы аз немесе мүлдем жоқ әлеуметтік желілермен өткізбеу үшін, казіргі ақпараттық заман талаптарына, түрлі ақпаратты қабылдау мен талдауға дайындау, түсіну, технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасау, пайдасына қолдану тәсілдеріне үйрету кезек күтірмейтін мәселе. Соңғы жылдары Қазақстанда қазақ тілінде тұңғыш JasAcademykz, EnglishPracticum PROJECTpracticum сияқты әлеуметтік жүйелер жұмыстарын бастаған. Аталған желелер арқылы онлайн білім алу жолдары қарастырылған. Демек интернет жететін елді аймақтардың барлығындағы жастарға қол жетімді. Онда ағылшын тілін, презентация және дизайн жасау, жадыны дамыту, жылдам оқыту техникаларына үйреті сабақтары жүреді. Тағы ескеретін жағдай ақылы, сонымен қатар тегін курстары да қарастырылған. Онлайн білім алу тез және арзан түсетінін ескерсек, интернет желісінде өздерін емін-еркін ұстайтын жастар үшін нағыз кәсіби лидерліктерін дамыту көзі болып табылады. Медиа-білім беру бұқаралық қарым-қатынас заңдылықтарын үйрететін педагогикалық бақыт. Болашақта адамдарды робот басқарып кететін де қаупі бар, сондықтан заман талабына сәйкес болашақ педагогтар білім беру жүйесінде келер ұрпақтың ақпараттық жағдай өміріне, оны түсіне білуге, қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана білуге өздері ғана үйреніп қоймай, шәкіртерінде үйретуге бет бұрғандары дұрыс. Кәсіби лидер – педагог өзі бәсекеге қабілетті болған жағдайда жас ұрпақты да бәсекеге қабілетті болуға бақыттау мақсатында медиабілімді интеграциялау жеке пәндерді оқыту барысында немесе оқу-тәрбе үдерісінде түрлі материалдарды ақпарттық технологиялар негізінде қолдану. Оқыту үдерісінде медиабілімді қолдану тұлғаның қызығушылығын артырып, шығармашылық әлеуетін, сыни ойлау қабілетін дамытатын тиімді технологиялар пайдалануға болатын әмбебап үдеріс. Бұл жерде ескеретін жағдай педагог қызметі күрделіне түсетінін. Педагог интернет, мультимедия, онлайн оқыту, дизайн, түрлі ойындар, тапсырмалар, презентациялар жасау техникасын меңгерген, техникалық құралдарды тиімді пайдалана алатын, сонымен қатар педагогикалық технологияларды тиімді қолдана білетін, оқу материалын түсіндіру, оқушының белсенді жұмыс жасауын, ұғынуын қамтамасыз ететін әмбебеп маман болуы шарт. Қазіргі кезде әмбебеп ұғымының синонимі лидер екені бізге мәлім. Сондықтан кәсіби лидерлік сапаларын дамыту мақсатында болашақ педагогтарға жан-жақты білім алу заман талабы.

    Семинар сабағының мазұны


    XXI ғасыр ақпараттар заманы. Тұлғаның лидерлік сапаларын дамытуда ақпарттың рөлі. Ақпаратқа қызығушылық қасиет лидерлік сапалар көрінісі. БАҚ-тың қазіргі замандағы қолданылу шегі. Медиабілім берудің теориясы мен әдстемесі. Тұлғаның лидерлік сапаларын дамытуда ақпаратқа қызығушылықтарын арттыру.


    Тақырып бойынша сұрақтар

    1. Балалар ақпаратты қабылдау мен игеру қабілеті

    2. Адам сезім мүшелері ақпаратты қабылдау тетігі

    3. К.Ушинскийдің оқу-тәрбие үрдісінде көрнекілікті қолдану теориясы

    4. Клод Шеннон «Байланыстың математикалық теориясы»

    5. Р.Э.Фишердің «Фишер ақпараты » теориясы.

    6. Балалар ақпаратты қабылдау мен игеру қабілеті

    7. «Ақпарат білім берудің негізгі құралы» моделі

    8. Философтардың тұлғаның лидерлік қызығушылық идеялары

    9. В.П.Тугаринов құндылық көзқарас теориясы

    10. Д.А. Кикнадзе. Қызығушылық және мотивациялау

    11. Тұлғаның лидерлік сапаларын дамытуға бағытталған ақпарат

    12. Б.Г.Ананьев тұлғалық қасиеттің қалыптасу теориясы

    13. К.К.Платонов тұлға құрылымының төрт негізі

    14. Тұлғаның лидерлік сапаларынң дамуындағы – зейіннің рөлі

    15. Сана - тұлғаның лидерлік сапаларының дамуының негізі

    16. Ақпартатты қабылдаудағы – тұлғаның жас және дербес ерекшеліктері

    17. БАҚ арқылы лидерлерді дайындаудың мәні мен мазмұны

    18. Тұлғаның лидерлік сапаларының дамуын БАҚ-тың оң және теріс әсері

    19. Алыс және жақын шет елдердегі және Отандық БАҚ-ның ерекшеліктері

    20. Әлеуметтік желілердегі лидерлік

    21. В.П.Тугаринов құндылық көзқарас теориясының тұрғысынан қажеттілік пен қызығушылық байланысы

    22. Ақпараттық қоғам ұғымын енгізген ғалым

    23. Медиабілімнің кәсіби лидерлік сапалардың дамуына әсері.

    24. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде ақпаратқа кандай анықтама берілген

    Студенттердің өзіндік жұмысы





    1. Тұлғаның лидерлік сапаларының дамуындағы ақпараттық рөлі

    2. Тұлғаның лидерлі сапаларының дамуыны БАҚ-ның ықпалы

    3. Мектепке дейінгі балаларға арналған теле хабарлардың тұлғаның лидерлік сапаларының дамуына әсері

    4. Мектеп жасындағы оқушылардың лидерлік сапаларын дамытуға арналған теле хабарлар және олардың мазмұны

    5. Әлеуметтік жүйедегі лидерлік

    6. Тұлғаның лидерлік сапаларын дамытуда көркем фильмдер және олардың әсері

    7. Тұлғаның лидерлік сапаларын дамытудағы интернет желісі

    8. Баспасөз басылымдары арқылы жастарды лидерлікке тәрбиелеу

    9. Жастарды лидерлікке тәрбиелеудегі XX-XXI ғғ. радио және олардың мәні, мазмұны, айырмашылығы

    10. Медиабілім берудің теориясы мен әдстемесі

    11. Компьютерлік технологияларды игерудегі лидерлік

    12. Ақпарат ұғымы және оның баланың әлеуметтенуіндегі орны

    13. Тұлғаның лидерлік сапаларын дамытуда қызығушылығын арттырудың маңызы

    14. ХХ ғасыр ақпараттық қоғам

    15. Тұлғаның лидерлік сапаларының дамына ақпараттың рөлі.

    16. Т.Стоуньердың «Ақпараттық байлық: постиндустриалдық экономикалық мамандану саласы» еңбегінің мазмұны

    17. Ақпаратты қабылдауы және адамның сезім мүшелері

    18. Балалар ақпаратты қабылдау мен игеру қабілеті

    19. Қажеттілік пен қызығушылыктың өзара қатынасының диалектикасы

    20. БАҚ арқылы лидерлерді дайындаудың мәні мен мазмұны.

    Ұсынылған әдебиеттер


    Негізгі әдебиеттер:

    1. Н.Б. Беляцкий. Основы лидерства. Учебник. Москва. – 2015. (Оқулық электронды кітапхана жүйесінде қолжетімді – biblio-online.ru.)

    2. В.А. Ильин. Психология лидерства. Учебник. Москава – Юрайт, 2014 – С. 312

    Қосымша әдебиеттер:

    1. Ж.Мейір. Б. Игенбаева. Креативтік тәрбие. Оқу құралы. – Астана: Флоиант,2009. – 192б.

    2. П. Сейтқазы. Болашақ мұғағалімдерді БАҚ арқылы тәрбие үрдісіне дайындау. Монография. – Астана, 2009. – 311бет.

    3. Сейтқазы П.Б., Алимбекова А.А. Баланың қалыптасуы мен дамуына ақпараттық құралдардың ықпалы. Қазақ білім академиясының баяндамалары. - Павлодар 2014. №1-2 48-53

    4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика /Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет