ОТБАСЫ
Бала
бақша
достары
Тұлға
Жоғары оқу орны
Мектеп
колледж
Қызмет
орны
Орта – қоршаған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардың ортақтығын байланыстыратын адамдар тобы деп анықталады. «Орта» ұғымын қазіргі заман тұрғысынан анықтау табиғи және әлеуметтік факторлардың жиынтығын қамтиды (Э.Р.Майоров), әлеуметтік орта, яғни білім беру арнайы ұйымдастырылған орта ретінде адамды әлеуметтендіру ортасына жатады (Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Е.В.Бондаревская, А.В.Мудрик т.б.).
Тұлғаның лидерлік сапаларын дамытуда aқпaрaттық-тәрбиелiк ортaны құру ғана емес, іс-әрекеті субъектісі ретіндегі өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстауы, сол тәжірибеге сүйенуі, ең маңыздысы, әрбір тұлғаның ерекше болмысын, тұлғалық қасиеттерін мойындау қажет.
Қазақстанда соңғы жылдары педагогика ғылымында педагогтардың кәсіби лидерлік сапаларын дамыту мәселелері қызықтыра бастады. Себебі лидер – педагог қана бала бақшада баланың, мектепте оқушының, колледжде білім алушының, жоғары оқу орнында студенттің, қызмет орнында әріптестерінің лидерлік сапаларын көтеруді кәсіби деңгейде жүзеге асыра алады. Жоғарыда кәсіби лидерліктің теориялық негіздерін қарастырғанда баланың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты әлеуметендіру институттарда тұлғаның лидерлік сапаларын дамыту жоспарлы және жүйелі жүріп отырған кезде ған жақсы нәтижеге жетуге болады делінген. Адамның атқаратын кәсіби іс-әрекеттері сан алуан қабілеттерді пайдалануды талап етеді, сондықтан лидерлік сапалар сипттамасы лидерлік тұлғалық және жағдаяттық факторлар әрекеттестігінің нәтижесі болып табылады.
В.П.Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атады. Олар: саналылық, жауапкершілік, еркіндік, жеке басының қадірі деп бөледі. Аталған кәсіби сапаларды тұлғаның білім алу үдерісінде ұйымдастырылып өтілетін олимпиадаларға, спорттық жарыстарға, тәрбие мен ғылыми зерттеу жұмыстарына әр адам жауапкершілікпен қарап белсенді қатысып отырғанда ғана лидерлік сапаларын шыңдап, жоғары дәрежедегі статустық лидерлік сапаларға ие болады.
Әлеуметік орта ықпалынан қалыптасатын тұлғаның лидерлік сапалар деңгейін төмендегідей бөліп көрсетуге болады:
Лидерлік сапалар деңгейінің сипаттамасы.
№
|
Сапа
|
Лидерлік сапалар деңгейі
|
төмен
|
орташа
|
жоғары
|
1
|
көпшілдік
|
араласатын адамдары аз; жаңа адамдармен тіл табыса алмайды; жалғыздықты ұнатады.
|
ескі достарымен ғана араласады; жаңа адамдармен қарым-қатынас жасауға құлықсыз, олардың арасында өзін жайсыз сезінеді.
|
достары мен таныстары көп; үнемі адамдардың арасында болғанды ұнатады; жаңа адамдармен тез «ортақ тілге» келеді
|
2
|
білімділік
|
әртүрлі сұрақтар бойынша
ой-өрісі тар
|
білімі барлық сұрақтар бойынша бірдей терең емес
|
жан-жақты дамыған; көптеген қызықты әрі пайдалы нәрселерді біледі;
кез-келген сұраққа әрқашан жауабы дайын
|
3
|
белсенділік
|
селқос;
ұжым өміріне қатысса да, тек оқытушылардың талабы бойынша; қызығушылық танытпайды.
|
ұжым өміріне қатысуда сирек белсенділік танытады;
тек жеке мүдделері үшін қажет шараларға қызығушылық танытады
|
жігерлі; ұжымның қоғамдық өмірінің әрқашан белсенді қатысушысы; жаңа идяларға жылдам «құмартады»
|
4
|
табандылық
|
табандылық көрсете алмайды; басқа адамдарға тез көнеді; қиындықтарға кездессе, бастаған ісін аяғына дейін жеткізбейді
|
өз сөзінен кейде таяды; басқа адамдарға жиі көнеді; қиындық-тарға кездессе, бастаған ісін аяғына дейін жеткізбеуі мүмкін.
|
әрқашан табандылық танытады; ешқандай қиындықтарға қарамастан, бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді
|
5
|
сабырлылық
|
тез ашуланады; өз эмоцияларын басқара алмайды; сын көтере алмайды
өз әрекеттерін бақыламайды
|
өзін-өзі бақылауы орташа;
кей жағдайда эмоциялары мен әрекеттерін бақылай алмайды; сынды көңіл күйіне байланысты қабылдайды
|
критикалық жағдайларда өз сезімдері мен эмоцияларына ешқашан ерік бермейді; өзін-өзі ұстайды; өз әрекеттерін бақылай алады
|
6
|
бастамшылдық
|
бастамашыл емес; тіпті оған қандай да бір тапсырма ұнаса да, жеке мүдделеріне қажет болса да, ол өз кандидатурасын ұсынбайды
|
кей-кезде ғана бастамашыл; «бұл мені қызықтырмайды» принципін ұстанады
|
әрқашан өз бетінше жаңа идеяларды ұсынады; қандай да бір тапсырманы орындауда жетекшінің, старостаның және т.б.) нұсқауын күтпестен әрдайым бастаманы өзіне алады
|
7
|
қабілеттілік
|
тез шаршайды; ұзақ ой және дене күштеріне қабілетті емес; бөгде істерге жиі көңілі бөлінеді
|
бір іспен ұзақ әрі қарқынды айналыса алмайды; қызметін жиі ауыстырады; жұмысын аяқтамастан, басқа бір қызықты іске көңілі бөлуі мүмкін
|
ұзақ қиын жұмысты істеуге қабілетті; бос нәрселерге көңіл бөлмейді
|
8
|
зейінділік
|
зейіні төмен, ұжымда не болып жатқанына ұжым мүшелері арасындағы
өзгерістерге көңіл бөлмейді, байқамайды
|
ұжымдағы өмірдің қалай жүріп жатқанын, ұжым мүшелерінің қалай араласатынын сирек байқайды
|
ұжымда болып жатқан барлық нәрсені байқайды;
ұжым мүшелерінің әрекетіне, олардың өзара қатынастарына көңіл бөледі
|
9
|
дербестік
|
қандай да бір істі өз бетінше орындай алмайды; тіпті қарапайым істерді орындауда да оларға көмек керек
|
Өзбетінше жұмыс жасауды ұнатпайды, бірақ тырысады,
қандай да бір істі басқаның көмек сұрауы мүмкін.
|
тапсырылған істі өзі орындайды; тек кей жағдайларда ғана көмек сұрайды
|
10
|
жинақылық
|
өз жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыс уақытын жоспарлай алмайды; белгіленген кездесулер, іс-шаралар туралы үнемі ұмытып кетеді; қандай да бір істерді орындауды ұмытып кетеді
|
өз жұмыс уақытын толық жоспарлай алмайды; белгіленген кездесулер туралы немесе өзіне тапсырылған істі орындауды ескерту арқылы орындайды
|
жоспарланған шаралар туралы ешқашан ұмытпайды; өз уақытын жақсы жоспарлайды; барлығын уақытынан кешіктірмей орындайды
|
11
|
батылдық
|
жауапты шешімдерді қабылдауға қорқады; әрекет етуде өте сақ; «дұрысы» мен «бұрысын» салыстырады, шешім қабылдай алмайды
|
шешімдерді сирек тез қабылдайды; барлығын«дұрысы» мен «бұрысын» салыстыра отырып, көп ойланып, ұзақ шешім қабылдайды
|
жағдайларға орай жылдам шешім қабылдап, әрекет етеді; тез қимылдайды
|
12
|
сендіре білу
|
басқалардың пікірімен тез келіседі, дәлелдеуден, сендіруден қорқады
|
өз көзқарасын
үнемі қорғай қолынан келе бермейді; жиі келіседі
|
өз көзқарасының дұрыстығына ылғи сендіреді; жақсы дәлелдер таба біледі
|
13
|
тартымдылық
|
өзіне адамдарды тарта алмайды; олардың көңіл-күйін сезіне алмайды; ұжымға сіңіп, оның бір мүшесі бола алмайды
|
ұжымды, оның көңіл-күйін үнемі сезіне бермейді; ұжыммен бір тұтас болу қолынан сирек келеді
|
өз ұжымын жақсы түсінеді, ұжымның көңіл-күйіндегі өзгерістерге сезімтал
|
14
|
сенімділік
|
өз әрекеттерінің дұрыстығына үнемі күмәнданады
|
өз әрекеттерінің дұрыстығына жиі күмәнданады
|
өз әрекетерінің дұрыстығына ешқашан күмәнданбайды
|
15
|
жағымды атмосфера
құру
|
ұжымда жағымды психологиялық климатты жасай алмайды; топта дау туындаған жағдайда не істеу керектігін білмейді
|
топ жағдайын сирек қалыпқа келтіре алады, жағымды достық ахуалды сирек қалыптастыра алады
|
топты даулы жағдайдан алып шығып, ұжым мүшелері арасындағы тілектес қатынасты қайта жаңғырта алады
|
Осы аталған әлеуметтік ортаның ішінде баланың лидерлік сапаларының дамуына отбасының арқаратын қызметі зор.
Отбасы тұлғаның лидерлік сапаларының дамуының негізгі факторы.
Ежелгі грек философтары көптеген әртүрлі радиустағы шеңберлердің түйіскен дәл ортасында адам тұр, ол шеңбердің адамға ең жақыны отбасы - әже мен ата, әкесі мен анасы, балалары; екінші шеңбер - жақын және алыс туысқандары; үшінші шеңбер - ол өмір сүрген еліндегі азаматтар; төртінші шеңбер - бүкіл адамзат қауымы - деген. Осының өзі адамның басқа адамдармен бөлінбестей тығыз байланыста екенін көрсетеді. Бұл байланыстар адамды қоршаған әлеуметтік ортадағы жағдайлар мен шарттар ретінде оның өмірі рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал етеді. Соның аса маңыздысы – отбасы.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, қазіргі кезде лидер тұлға дайындау мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Отбасы - ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтары не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін басқалардың «кім» және «қандай», өзінің ішкі «менін» сынап, байқап сезінетін кезі. Бала өмірге келген бірінші сәттерінен бастап қоршаған ортасынан сезім түйсіктері арқылы түрлі ақпараттар ала бастайды. Түйсіктер баланың дыбысты естуіне, дәмді сезінуіне, иіс ажыратуына көріп тануының қызметін атқарады.
М.Жұмабайұлының түйсіктерді көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп ажыратады. Ол сезімдерді психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, нәресте үшін анасының айтқан «бесік жыры» есту сезімінің дамуына үлкен әсер етеді», - дейді. М.Жұмабайұлы баланың рухани-адамгершілік қасиеттерінің дамуы осы сезімдердің қызметімен тікелей байланыстылығын айтады. Баланың рухани – адамгершілік қасеттері негізінде лидерлік сапалары дамиды. Бала кішкентайынан қоршаған ортаны құлағы, яғни есту сезімі арқылы қабылдайды. Осы себептенде М.Жұмабайұлы есту сезіміне ерекше көңіл бөліп: «адамның, әдемілікті сүю сезімін тереңдететін де осы есту сезімі» деген тұжырым жасайды. Бұл лидердің психологиялық сапалары. Лидерліктің психологиялық сапалары отбасында қалыптасып, дамиды. Отбасы баланың жақын қоршаған ортасы (ата-анасы, туыстары, достары т.б.) Отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі, өнегесі, ұйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, міңез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау өзіндері (критерия), қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді. Өзінің күнделікті өмір салты мен отбасы, балаларды еңбек, білім-ғылым, құқық және қоғамдық міндеттер жұйесіне ендіреді. Дүниеге келген жас баланың лидерлік сапаларының дамуына балабақша, мектеп, студенттік өмір, еңбек ұжымы, баспа сөз, телекөрсету т.б.әсері бола тұрса да отбасының алатын оны ерекше.
Қазақ отбасында тәрбие ерекшеліктері баланың ізгілік пен бауырмашылдыққа баулу, адамгершілік қағидаларын сіңіру, ар-ождан мен сабырлылық пен төзімділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің ұлттық сипаттары жан-жақты көрсетілген. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі көптеген қазақ отбасындағы ата-аналар баларының лидерлік сапаларын дамытуға ынта білдірмейді. Керсінше баларына ескерту айтып, зекіп тәрбиелейді немесе мүлдем ескерусіз қалдырады. Оған себеп күні бойы жұмыста жүрулері, сонымен қатар түрлі экономикалық, моральдық кризистер. Бұрын бала тәрбиесінде қазақ отбасының ерекшелігі дүниеге келген бала ата-әжесінің тәрбиесіне берілген. Бала әжесі арқылы қызықты ақпараттар алып отырған. Олар сол ақпараттар нәтижесінде жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Өмір тәжірибесі көрсеткендей әже тәрбиесіндегі баланың тілі ерте шығып, мінез-құлқы қалыптасып, үй шаруасына бейімделеді және үлкендердің арасында елгезек, тілалғыш, мейірімді болып өседі екен. Ата-әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік келеді. Өкінішке орай, қазір бұл салт дәстүр отбасы дәстүрінен алшақтап кетті.
Тарихта атты қалған Абай Құнанбайұлы, Ш. Уалиханов сияқты белгілі тұлғалардың дүниетанымының қалыптасып, тұлғалық көзқарасының, сенімінің, лидерлік сапаларының қалыптасып, азаматтық биік қасиеттерінің жетіліп, ұлт мақтанышы болуларына Айғаным және Зере әжелерінен естіген халық-ауыз әдебиетінің ықпалы зор әсер еткенін білеміз.
Бала психологиясы естігенін, көргенін өзінше ойында қортып, көз алдында елестетіп, қиял әлеміне енеді. Әсіресе бала түрлі ертегілер мен аңыз әңгімелерден естіген кейіпкерлеріне, сондағы жағымды іс-әрекеттерге еліктеуге тырысады. Баланың түрлі ақпараттарды қызыға қабылдауы көп заттармен тікелей байланысты, соның бірі халық ауыз әдебиеті. К.Д.Ушинский баланы тәрбелеудегі ауыз әдебиетінің рөліне ерекше тоқтала келіп: «Ертегілер - халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгілері. Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен пара-пар келетін бірде-бір тәрбие құралы жоқ». «.........Бала тәрбиесінде құрғақ насихаттан гөрі қызықты мәтіннің атқарар қызметі үлкен. Сол себепті халық педагогикасында мәтіндер жанрларын да барынша түрлендіре қамту көзделеді. Мұнда ертегі, аңыз, әңгіме, өлең түрлерімен қатар санамақ, ұйқасын табу секілді ойын түрлерін де пайдаланған жөн» деп атап көрсетеді.
Қорта айтқанда балаға кішкентайынан берілген дұрыс, маңызды ақпараттар баланы ынталандырып, еліктетіп, алдына мақсат қоюға және сол мақсатқа жетуге, баланың лидерлік сапаларының дамуына үлкен әсерін тигізетіндігінің дәлелі. Баланың жас және дербес ерекшелігіне сәйкес жүйелі, рухани-адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне, интелектуалдық дамуына оң әсер ету лидер тұлға қалыптасуының негізі болып табылады. Нәтижесінде баланың дүниетанымы кеңейіп, ересек өмірге әлеуметтену үрдісінде үйлесімділікте болады. Отбасы балаға кішкентайынан іс-әрекеті, жағымды және жағымсыз мінез-құлықтары, қарым-қатынас мәселелері мен қателіктерін түзетуге көмектесу негізінде дүниетанымдарының кеңейуіне жақсы ықпал ете алады. Баланың дүниетанымын кеңейту мақсатында көптеген еңбектер жазған ғалым К. Аймағамбетованың сөзіне тоқталсақ: «Дүниетанымның көзі – білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып тұрақтанады» Бала қоршаған ортадан берілетін ақпараттарды игеру нәтижесінде білімін жетілдіріп, бір-біртіндеп қоғамдық заңдылықтарды түсіне бастайды». Осылайша балалардың интелектуалдық сапалары дамиды. Интеллектуалдық сапа – лидерлік сапалар қатарында ерекше орынға ие.
Австриялық психолог А.Адлер «Постижение человеческой природы» атты еңбегінде: «Адам барлығына табиғаттан берілген қабілеттерінің арқасында қол жеткізбейді, ол өзінің алдында кездескен кедергілерімен әрдайым берілмей күресуінің арқасында жетеді» деген. А.Адлердің айтып отырған қиындықтары да балаға ақпарат түрінде жетеді. Сол қиындықтарды жеңу мақсатында бала жаңа жолдарды ойлап табу керек, яғни ол жаңа ақпарттарды іздейді, қызығады, қорытады. Солардың нәтижесінде жеке жетістіктерге жетуге еңбекқорлық, табандылық, батылдық, шыдамдылық секілді қасиеттер қалыптасып, қоршаған ортадан берілетін ақпараттардан қорытындылар шығарылып, дүниетанымы кеңейіп, өз бетімен әрекет етуге, қиындықтарды жеңуге талпыну нәтижесінде тұлғалық лидерлік сапалары дамиды. Денемен бала ата-анасы тарапынани күшті қамқорлық пен сенімге ие болуылары қажет. Ата-анасы отбасында балаларының кемшіліктерін бетіне басып, кемсітіп, ұрсып тәрбиелесе бала кезінде байқалған лидерлік әлеуеті дамудың орнына балада өзіне сенбеушілік, ынжық, кекшілдік, жалқаулық, енжарлық сияқты жағымсыз мінез-құлық қалыптасатын кері үдеріс жүреді.
Бала тәрбиесі, қоғам мен халықтың балаларды оқыту жөніндегі байланысты білімдермен қаруландыру, балаға оның жеке және жас ерекшеліктерін ескертіп шын жүректен қамқорлықты қарым-қатынас жасау – мұның бәрі Әл-Фараби педагогикалық жүйесінің құрамды бөлігі болды.
Отбасы тәрбиесін тиімді ұйымдастырудың алғышарттарының бірі - әр баланың жеке ерекшеліктерін білу және ескеру, талап қоюды жеке ар-намысына тимей адамдық қасиеттерін сыйлаумен ұштастыру; сүйіспеншілікті парыз ұғымдарымен ұштастыру; олармен бірге болуды қуанышпен өзара сұйіспеншілік қарым-қатынасқа айналдыру. Ата-анасының күш салуының нәтижесінде баланың табыстарға жеткеніне, жаңа сапаларды бойына сіңіріп, белсенділігі артады. Мұндағы басты қағида баланы тәрбиелеу барысында әр ата-ананың өзін-өзі жетілдіріп, өзінің де баласымен мен қоса өсуі. Отбасында ата – ана осы айтылғандарға қол жеткізген кезде баласының әлеуметті табысты болашағымен қамтамассыздандарды деуге болады.
Поляктың көрнекті ұстазы, жазушы, дәрігер әрі қоғам қайраткері Януш Корчактың отбасында баланы тәрбиелеуде ата-анаға ұсынған 10 қағидасы тұлғаның лидерлік сапаларын дамытуда маңызы зор.
1. Балаңнан өзің сияқты болғанын немесе өзіңнің қалағаныңдағы адам болғанын күтпе. Оның сен сияқты емес, өзі болып қалуына ықпал ет.
2. Баладан оған жасаған жақсылығыңның қайтарымын күтпе. Сен оған өмір сыйладың, саған ол қарызын қалай қайтара алмақ? Балаң басқаға өмір сыйлайды, ал басқа тағы біреуге сыйлайды – бұл қайтарымсыз алғыс заңы.
3. Қартайғанда ашты нан жемеу үшін, өзіңнің ренішің мен өкпеңді балаға таңба. Не ексең, соны орасың.
4.Балаңның қиын сәттеріне жоғарыдан қарама, Өмір әркімнің өз әлінше берілген. Оған ол сенен ауыр болмаса жеңіл емес, себебі онда өмірлік тәжірибе жоқ – соған сен.
5. Кекетіп, Кемсітпе!
6. Адамның ең маңызды кездесуі – оның баласымен кездесуі екенін ұмытпа! Оларға көп назарыңды аудар. Балада - біз кімді кездестіретінімізді біле алмаймыз.
7. Балаңа бір нәрсе жасай алмасаң өзіңді қинама, тек есіңде болсын: барлық мүмкіндік жасалмаса, балаға жеткіліксіз жасалды.
8. Бала – бүкіл сенің өміріңді билеп алатын тиран емес, тек ет пен қаннан жасалған жеміс те емес, ол саған өмірдің сақтауға берген шығармашылық шырақты жағатын бағалы құты.
9. Бөтен адамның баласын да жақсы көріп үйрен. Өз балаңа нені қаламасаң, өзгенің баласына да соны жасамауға тырыс.
10. Балаңды дарынсыз, сәтсіз, ересек күйінде жақсы көр - қуан, себебі ол әзірше сенде бар мереке.
Отбасында баланың лидерлік сапаларын дамыту ата-ананың өмірлік көз-қарастарына, сыйластықтарына, қарым-қатынастарына және беделдеріне байланысты болады.
Отбасында бала тәрбиесіне байланысты А.С. Макаренко ата-аналардың бірнеше жалған беделін бөліп көрсетеді. Тәжірибелі педагог көрсеткен жалған беделдерді талдау нәтижесінде отбасында ата-ананың нағыз беделдің қандай болуын салыстырмалы түрде анықтауға болады.
1. Басым болу беделі. Ең зиянды болмаса да ең қауіпі түрлерінің бірі. Аталып отырған бедел түрінен көбінесе әкелер жапа шекеді. Әке үйде жүргенде үнемі айқайлап жүрсе, әрқашан ашушаң болса, әр-ұсақ түйек үшін жау жапқандай төбе шашы тік тұрса, керек-керек еместігіне қарамай қолына таяқ немесе белдік алса, баланың әр сұрағанына дөрекі жауап беріп, бала кінәлі болған сайын оны жазалап отырса, нағыз басым болу беделі дегеніміз осы болады.
Әкенің осындай терроры бүкіл жанұяны қорқынышта ұстайды: одан бала түгіл баланың анасы да шошынады. Беделдің осындай түрінің қауіптілігі, әкенің баланы шошытуында ғана емес, әке баланың анасының беделін мүлде жоқ қылып, оны тек еш ықпалы жоқ үй қызметкеріне айналдырады. Беделдің осы түрінің өте зиян екендігін дәлелдеудің де қажеті жоқ. Ол арқылы баланы тәрбиелемейді, керісінше баланы ашущаң, өзінен алыс ұстауға үйретумен қатар, балада жалғандық пен адам бойында кездесетін қорқақтықты тудырады, сонымен қатар бала қатыгез болып тәрбиеленеді. Басымдылық көрген және жігерсіз балалардан ынжық, қолынан ештеңе келмейтін ересек пайда болады, немесе балалық кезінде көрген қорлықтары үшін басқа біреуден (немесе әлсізден) өш алуды армандайтын нағыз есерсоқтар өсуі мүмкін. Беделдің осындай, жабайы түрі мәдениеті өте төмен ата-аналарда ғана болады.
2. Өзін қашықта ұстау беделі. Кейбір әкелер, сонымен қатар аналар балаларын тыңдатуы үшін өздерін балаларынан алысырақ ұстап, олармен азырақ сөйлесуге тырысады, яғни балалармен өз қарым-қатынастарын бастықтар мен бастық қарамағындағы бағынышты адамдар сияқты қалыптастырған дұрыс деп есептейді, кейбіреулері тіпті сондай қарым-атынасқа кәміл сенді. Беделге ие болудың осы түрін ескі интелегенттік жанұялардың басым көпшілігі керемет жақсы көрген болатын. Осындай жанұяларда, әкелерде міндетті түрде жеке жұмыс кабинеттері болған, әкелер сол кабинеттерінен кей кезде ғана алыстан келген ағартушы маман сияқты балаларына көрініп отырған. Ондай әкелер бөлек тамақтанып, ол аз болғандай өз жанұясына бағыттаған нұсқауларын тек балалардың анасы арқылы жеткізіп отырған. Кей жанұяларда аналар да өз ісінен босамаған, олардың да өз мүддесі өз өмірі болған. Мұндай жағдайда балалар әжелерінің немесе үй қызметкерлерінің қарамағында қалып отырған.
Ата-ана беделінің осындай түрі еш уақытта да пайда әкелген емес және осындай жанұяны жоғары деңгейдегі, басқалар үшін үлгі болатын жанұя деп айтуға болмайды.
3. Менмендік беделі. Өзін-өзі қашықтықта ұстау беделінің осы түрін ең зиянды деп есептеуге болады. Мемлекеттің әрбір азаматын, ел алдында еңбегін сіңіргендер қатарына жатқызуға болады. Алайда кейбір адамдар өз еңбектерін басқалардан жоғары деп есептеп, өздерін еңбегі ерен сіңген адамдар қатрына жатқызып, маңыздылығын басқан қадам сайын жұртқа, әсіресе балаларына көрсетіп отыруға тырысады. Үйіне келгенде олар одан сайын кеудесін көтере түседі. Екі сөзінің бірінде өзінің артықшылықтарын айтады, басқа адамдарға менсінбей қарайды. Көп жағдайда осындай паң әкелердің балалары өз орталарында менмендік көрсете бастайды, өздерін басқа балалардан жоғары санап, кеудесін көтере бастайды. Достарының алдында айтатын екі сөзінің бірі: менің әкем - бастық, менің әкем – жазушы, менің әкем - қолбасшы, менің әкем - атақты адам. Осындай менмендік ортада балаларының қандай тәрбие алатынын, нақты кімді тәрбиелеп жатқанын да білмей қалады. Осындай жалған бедел кей уақытта аналарда да кездеседі: егер ерекше киім сатып алса, алысқа дем алуға барса, үлкен бастықпен танысса, соған үлкен маңыз беріп, өздерінен басқа адам жоқтай сезінеді. Сол арқылы өздерін бұқарадан артық санап, көпшіліктен алыстай береді.
4. Педанттық бедел. Бұл жағдайда ата-аналар балаларға назарын қатты аударады, балалармен көп жұмыс істейді, алайда олардың жұмыстары бюрократтық типке жақын болады. Олардың пікірінше балалар ата-ананың барлық айтқандарын мүлтіксіз тыңдауы керек, балалар үшін ата-ананың сөзі қасиетті қағида. Ата-аналар өздерінің нұсқауларын салқын леппен жеткізеді және сол нұсқаулар дереу заңға айналады. Ата-ананың осындай түрлері балалары «әкеміз қателеседі» екен деп ойламасыншы деп уайымдайы, олар үшін баланың әкем пікіріне берік емес деп ойлауы ақырзаманмен тең. Егер әкесі – ертең жауын болады сондықтан далаға шықпайсыңдар деп айтса, ертеңіне ауа-райы жақсы болып, күн шығып тұрғанның өзінде, баларына далаға шығуға рұқсат бермеуге тырысады. Егер әкесіне қандай да болсын кино ұнамай қалса, ол баларына мүлде киноға баруға тиым салуы мүмкін, соның нәтижесінде балалары жақсы киноларды да жіберіп алады. Тағы бір мысал, әкесі баласын жазалады, біраз уақыт өткен соң баланың айтарлықтай кінәлі емес екіндігі анықталады, алайда әкесі өзінің бастапқы пікірінен бәрібір бас тартпайды, егер мен айтсам бітті, менің айтқаным дұрыс деген пікірінен қайтпауға тырысады. Осындай әкелер баланың әр қимылынан тәртіп пен заңдылықтың бұзылғанын аңдиды, және сонымен қатар баласына жаңа нұсқаулар мен жарлықтар беруден жалықпайды. Бала өмірі мен бала мүддесі әке назарынан тыс қалады; ол өзінің бюрократтық қимылдарынан басқа ештеңе көрмейді және көргісі келмейді.
5. Ақылгөйлік бедел. Бұл жағдайда ата-аналар бала өмірін шегі жоқ ақылгөйлік және өсиеттік әңгімелерге толтырып жібереді. Балаға қысқа әрі нұсқа, мүмкін қалжың түрінде бірнеше сөз айтудың орнына, олар баланы өзінің қарсы жағына отырғызып қойып, қызық емес және баланың есін шығаратын ұзақ әңгіме бастайды. Ата-аналардың осындай түрі педагогикалық даналықты ұзақ уақыт бойы баласына өсиет айту деп түсінеді. Жанұяның осындай түрлерінде көтеріңкі көңіл мен шат күлкі жоқтың қасы. Ата-аналар жан-тәнімен балалардың алдында әділ, ілтипатты болғысы келеді, және олардың мақсаты балаларға қателеспейтіндей болып көріну. Осындай ата-аналар балалардың да өз өмірі барын, бала мүддесімен есептесу керектігін мүлде естерінен шығарып алады. Бала эмоциясы ересек эмоциясынан әлде қайда артық, сол себепті бала ақыл-өсиеттерді ересектерге қарағанда азырақ қабылдайды. Бала есейе келе ғана терең ойлау қабілетіне ие бола бастайды, ал ата-аналардың үздіксіз өсиет айтуы, қайта-қайта сөйлей беруі және көп сөздігі баланың жадынан шығып кетеді. Ата-ананың өсиетшілдігі, ақылгөйлігі оларға еш уақытты да бедел болып көрінген емес.
6. Сүйіспеншілік беделі. Бұл біздің елімізде кеңінен тараған жалған бедел түрі. Көптеген ата-аналар балалары оларды тыңдауы үшін, олар ата-аналарына сүйіспеншілікпен қарауы керек, сол сүйіспеншілікке ие болуы үшін, әр қадамында өз балаларына деген ата-аналық сүйеспеншілігін көрсетіп отыру керек дегенге кәміл сенімде болады. Жылы сөздер, шегі жоқ аймалаулар, ескертулер, балаға деген нәзік сезімдері қажетсіз мөлшерде молынан төгіле бастайды. Егер бала мүлт кетсе, немесе ата-ананың сөзін тыңдамаса одан дереу – «Сен әкеңді (анаңды) жақсы көрмейсің бе, солай ғой?» деп сұрай бастайды. Ата-аналар баланың көзқарасынан өздеріне деген сүйіспеншілік іздей бастайды, тіпті сол сүйіспеншілік сезімді талап етуге дейін барады. Көп жағдайда анасы баласының көзінше басқа адамдарға: «Біздің баламыз әкесін керемет жақсы көреді, біздің баламыз өте нәзік сезімді» деп мақтай бастайды. Осындай бағыттың да қауіпті қырлары көп. Бұл жағдайда жанұялық өзімшіліктің қалай туғанын да байқамай қалады. Әрине аталмыш сүйіспеншілікке деген күш-жігер балаларда жетіспейді. Көп ұзамай балалар әкесін де, шешесін де тез және оңай жолмен алдауға болатынына көздерін жеткізеді, оларды алдау үшін әр әрекетіне нәзіктік сәзім берсе болғаны. Әкесі мен шешесін қорқытуға да болады, ол үшін ата-анасына өкпелей қалса болды, олар балаларының «сүйіспеншілік сезімі» жойыла бастады деп сезіктенеді. Кіші жастан бастап балалар үлкендердің сезімдерін өз пайдасына қолдануға болатынын түсіне бастайды. Өз ата-анасын жалған түрде жақсы көретін бала, басқылырды да жақсы көре алмайды, сол себепті бала өз есебін жібермей, салқын жоспармен, ешқандай сүйіспеншіліксіз-ақ үлкендерді алдай бастайды. Кей кезде балалар өз ата-аналарына деген сүйіспеншілікті ұзақ уақыт бойы сақтағанмен, басқа адамдарға басқаша қарауы мүмкін, бала үшін олар бөгде және бөтендер деп қарастырылады, ондай балаларда ұнатушылық, жолдастық сезімдер болмайды.
Беделдіктің осы түрі ең қауіпті деп айтуға болады. Тәрбиенің осындай түрі арқылы аласын ішінде сақтайтын, жалған өзімшіл тұлғаларды тудырады. Көп жағдайда аталмыш өзімшіліктің алғашқы құрбаны ата-аналардың өзі болады.
7. Мейірмандық бедел. Бұл жағдайда балалардың ата-ана сөзін жерге тастамауы балалық сүйіспеншілік арқылы жүзеге асырылады, алайда бұл жағдайда олар балаларды еркелету және аймалаудың орнына, бала сөзін екі етпеу, балаға деген шектен тыс жұмсақтық, ата-ана мейірімділігі арқылы беделге ие болуға тырысады. Әке мен шеше балаға мейірімді періште түрінде көрінгісі келеді. Ата-ана балаға не істеймін десе де рұқсат береді, олар аямшақ емес, олар дүниедегі ең тамаша ата-ана. Ондай ата-ана жанұядағы қайшылықтардан болмауы үшін, олар қандай да болсын рухани құрбандыққа барады. Бұндай жанұяларда көп ұзамай балалар ата-анасын билей бастайды, ата-аналардың бала талаптарына қарсы келмеуі, баланың өз ниеті, қыңырлығы, талаптарын жүзеге асыруы үшін орасан зор мүмкіндік береді. Балалар шектен тыс мінез көрсете бастаған кезде ата-аналары балаларына болар болмас қарсылық көрсетуге тырысады, алайда олар кеш қалады, жанұяда зиянды тәжірибе тамырын тереңге жіберіп қояды.
8. Достық беделі. Көп жағдайда балаларды өмірге келмей жатып, ата-аналар өздеріне серт береді, болашақта дүниеге келетін балаларымыз «біздің досымыздай» болады деп армандайды. Бір жағынан алсақ бұл пікір жаман емес. Әкесі мен баласы, анасы мен қызы дос бола алады, және дос болулары керек, бірақ қалай алсақ та ата-аналар жанұя ұжымының ересек мүшелері, ал балалар арасындағы достық шектен аса бастаса, тәрбиелеу үдерісі де тоқтатылады немесе оған қарама қарсы үдеріс орын алуы мүмкін, яғни балалар өз ата-аналар тәрбиелей бастайды. Осы типті жанұяларды қазіргі отбасында жиі кездестіруге болады. Бұндай жанұяларда балалар ата-аналарын атымен, кей кезде жалған атымен де атайды, олармен қалжыңдап-ойнайды, басқан қадамдарын аңдып ақыл үйретеді, кез келген уақытта дөрекі түрде сөзін бөледі, яғни баланың ата-ананы тыңдауы туралы сөзді айтудың өзі артық бұл жерде. Сонымен қатар, осындай жанұяларда ата-ана мен бала арасында достық та болмайды, себебі өзара сыйластық жоқ жерде достық болуы мүмкін емес.
9. Сатып алу арқылы келетін бедел. Беделге ие болу түрлерінің ішіндегі ең өнегесіз, себебі баланың ата-ананы тыңдауы мен «сыйлауы» үшін әкесі мен шешесі балаларға сыйлықтар мен уәде шексіз орын алады. Ата-аналар ешқандай қымсынбай: мені тыңдасаң - саған ойыншық сатып әперемін, тағы да тыңдасаң мен сені циркке апарамын деп айтады.
Әрине кез келген жанұяда баланы мадақтау, көтермелеу, сыйақы беру сияқты құбылыстар орын алуы ықтимал, алайда, балалардың ата-ананы тыңдағаны үшін, баланың ата-анаға жылы қарағаны үшін сыйақы беру туралы ой еш уақытта санаға келмеуі тиіс. Жақсы оқығаны үшін, белгілі бір жұмысты сәтті орындағаны үшін баланы көтермелеуге болады. Бірақ, оның өзінде алдын ала балаға мектепте жақсы оқығаны, немесе қоғамдық жұмысты жақсы орындағаны үшін берілетін сыйақы туралы ешқандай уәде бермеген дұрыс.
Аталған жалған беделдерден басқа да жалған беделдің көптеген түрлері бар. Мысалы: «көңілшектік бедел», «ғылыми жетістік» беделі, «керемет жігіттік беделі», «әдемілік беделі» де болады. Алайда отбасында жиі кездесетін жайдың бірі ата-аналардың бедел туралы мүлде ойламауы, ондай ата-аналар қалай болса солай өмір сүреді, бала тәрбиелеуге мүлде мән бермей, ойына не келсе, тәрбиелеуді де солай жүзеге асырады. Бүгін баланы бұзақылығы үшін қатаң жазаласа, ертеңгі күні оған деген сүйіспеншілігін айтып тауыса алмайды, үшінші күні жақсы оқуы мен жұмысы үшін оны телегей теңіз байлыққа кеңелтуде уәде береді де, келесі күні тағы да жазалап, ашуын суытпай жатып баласын жер көкке сығызбай мақтай бастайды. Осындай ата-аналар өздерінің не істеп не қойғандарын түсінбей, тұйыққа тіреледі. Кей кезде әкесі беделге ие болудың бір жолын таңдаса, шешесі оған қарама-қарсы жолды таңдайды. Бұл жағдайда балалар дипломат болуға тырысады да, әкесі мен шешесінің көңілін табу жолдарын іздей бастайды. Кей ата-аналар балаларына мүлде назар аудармай тек өздерінің жан басының тыныштығын ойлайды.
Сонымен, бүгінгі күн талабына сай келетін, нағыз ата-аналық бедел дегеніміз не? Ата-ана беделінің басты фундаменті олардың өмір салты мен жұмысы, олардың азаматтық тұлғасы мен қоғамдағы мінез-құлқы болып табылады. Жанұя дегеніміз үлкен және жауапкершілігі мол жұмыс, ата-аналар осы істің басты жетекшілері, олар қоғам, балаларының бақыты мен болашағы алдында өз еңбектерінің өз еңбектерінің нәтижелері үшін жауапкершілікте болады. Егер ата-аналар өз істерін адал, ақылға қонымды түрде жүзеге асырып отырса, өздері үшін үлкен, игі және маңызды мақсаттар қоя білсе, өз әрекеттері мен қиялдары үшін басқа біреуді кінәләмай, өздері жауапты бола алса, осындай ата-ананы беделі іс-жүзінде жоғары адамдар қатарына қоюға болады, және ол үшін басқа ешқандай негіздер де іздеудің қажеті жоқ, сонымен қатар беделге ие болу үшін, қандай да болсын әр түрлі жасанды әрекеттерге барудың қажеті болмайды.
Балалар өскен сайын, ата-анасының қайда жұмыс істейтіндігі, немесе қандай да бір іс-әректпен айналысатындығы, олардың қоғамдағы орындары туралы ойға беріле бастайды. Мүмкіндігінше балалар өз ата-аналары туралы, олардың қызметі және кіммен араласатындығы туралы ертерек білгендері жақсы. Әкенің немесе ананың ісі балаға үлкен жұмыс ретінде, көпшілік тұрғысынан сый құрметке ие қызмет түрінде көрінгені дүрыс. Балалардың көз алдына олардың ата-аналарының еңбектері, қоғамға сіңірген еңбек ретінде, яғни сырты бүтін іші түтін емес, шын мәніндегі құндылық ретінде көрінуі тиіс. Егер балалар өз ата-аналарының еңбектерін оқшауланған күйде емес, еліміздің жетістіктерімен бірге көретін болса, бала үшін одан асқан бақыт жоқ. Өз еңбектері арқылы ата-аналар бала санасында менмендік туғызудың орнына, шынайы мақтаныш түта отырып, ата-аналарының қоғамның бір бөлігі екендігін сезінулері тиіс, сонымен қатар, балалар өз ата-аналарының елімізде атқарылып жатқан игі істердіжүзеге асырушы қайраткерлердің құрамдас бөліктері екенін білгені абзал.
Тағы бір айта кететін жай, әр адам қызметінің өз қырлары болатынын бала әсте естен шығармауы тиіс. Кез келген ата-ана өз баласы үшін қайталанбас дана, өз саласының жалғыз ғана кемеңгері болып көрінбеуі керек. Балалар басқа адамдардың да, соның ішінде ата-анасының ең жақын достарының да еңбектерін көруі және бағалауы тиіс. Егер ата-ана беделі, жарқ етпенің немесе мақтаншақтың беделі ретінде емес, бүкіл ұжымның беделі ретінде көрініс берсе, олардың азаматтық беделі қоғам алдында одан да өсе түседі. Егер сіз тәрбиелеген балаңыз, әкесі еңбек ететін бүкіл ұжымның табысына шын жүректен қуанса, сіз еңбек ететін завод не фабриканы мақтаныш тұтатын болса, балаңызды дұрыс тәрбиелегенсіз деп айтуға болады.
Ата-аналар өздерін тек белгілі бір ұжымның мүшесі ретінде көрсетумен шектелмеуі тиіс, олар өз балаларына өздерінің бүкіл мемлекеттің, халықтың бір бөлігі екендіктерін түсіндіруі тиіс. Біздің өміріміз, бүкіл ел өмірінің бір пұшпағы ғана. Әр ата-ана өз балаларына ел өмірінің бір бөлігі, қаланған қабырғаның бір кірпіші ретінде көрінулері керек. Халықарлық өмірдегі жағдайлар, әдебиет майданындағы жетістіктер әкенің ақыл-ойынан, оның сезімдері мен ұмтылыстарынан орын алуы тиіс. Тек осындай әкелер, яғни, қайнаған өмір ырғағын сезетіндер, өз елін мақтаныш тұтатын азаматтар, бала алдында нақты беделге ие болады. Тек қана, осындай өмірді тек бала үшін «әдейі» бала тәрбиесі үшін, келер ұрпақ көзіне «үлгілі» болып көріну мақсатымен сүру қажет деген жаңсақ пікірден аулақ болған дұрыс. Бұл қате пікір болады. Сіз шын ниетіңізбен қайнаған өмірдің бір бөлігі болуыңыз керек, және оны балаңызға міндетті түрде әдейі көрсету керек деген ойдан мүлде аулақ болыңыз. Сабыр болыңыз, балалар жақсы мен жаманды тез айырады. Игі ниеттерді кім де болса байқайды.
Сіз тек азамат қана емессіз. Сіз сонымен қатар - әкесіз. Өз әкелік міндетіңізді жақсы орындауыңыз керек, дұрыс орындалған әкелік міндет сіздің беделіңіздің түп тамыры. Сіз әрқашан да, балаңыздың не істеп жүргенін, нені қызықтыратынын, нені жақсы-жаман көретінін, нені істегісі келетінін, неден қашқалақтайтынын жақсы білуіңіз керек. Балаңыздың кімен дос екенін, кіммен және қандай ойын ойнайтынын, қандай кітап оқитынын, оқығанын қалай тоқитынын біліңіз. Бала мектепте оқыған кезде, оның мектеп пен мұғалімдерге деген көзқарасы, қандай пәндерден қиындық көретіні, сыныпта өзі-өзін қалай ұстайтындығы да сізге белгілі болғаны абзал. Міне жоғарыда айтылғандардың барлығын, балаңыздың басынан өткен қайшылықтар мен жағымсыз жайларды кездейсоқ білудің орнына, солардың алдын алып, балаңызды еппен ескертіп отырғаныңыз дұрыс. Барлық жағдайларды білуге тиіссіз деген сөз, ұлыңыздың әрбір қадамын, әрбір ісін аңду сияқты шпиондық жұмыспен айналысу, тұрақты және мезі қылатын сұрақтар қою ұсыныс емес. Егер балаларыңыз Сізге өз істері туралы айтса, және олар Сізбен пікір алысуға, ой бөлісуге, өз ісі туралы әкесінің білгеніне мүдделі болса, Сіз тәрбие жұмысын дұрыс жолға қойғаныңыз. Кей уақытта Сіз балаңыздың достарын үйге шақырғаныңыз, оларға дастарқаннан дәм татқызғаныңыз, кейде балаңыздың досының үіне барғаныңыз да, олардың жанұяларымен танысқаныңыз дұрыс, яғни мүмкіндік туатын болса, Сіздің балаңыздың достарының жанұясымен танысқаныңыз тәрбие үшін өте пайдалы. Бұл істер үшін өте көп уақыттың қажеті жоқ, тек қана балаңыздың ішкі дүниесіне, бала өмірі мен мүдесіне назар аударсаңыз болды. Егер Сізде осындай ілім, бала мүддесіне, өміріне, іс-әрекетіне деген қызығушылық болса, ол әрекетіңіз бала назарынан тыс қаламайды. Балалардың барлығы ондай әкелерді жақсы көреді және сол үшін ата-аналарын сыйлайды.
Білімге ие болу беделі қажеттілігіне көмек беру беделіне алып келеді. Бала өмірінің кей жағдайларында, іс-әрекет атқарып жатқан бала не істерін білмей қалып, сол сәтте кеңес пен көмекке мүдделі болып қалады. Мүмкін бала сол сәтте Сізді көмекке шақырмайды, себебі көмек сұраудың әдісін білмейді, сол кезде Сіз әкесі ретінде балаңызға көмекке келгеніңіз дұрыс.
Аталмыш көмек көрсетудің жолдары әр қилы, мысалы, тікелей кеңес беру, қалжың түрінде кеңес беру, нұсқау, тіпті бұйрық түрінде де беріледі. Егер Сіз балаңыздың өмірін анық-қанығына дейін білсеңіз, көмектің қандай түрін көрсетуді өзіңіз ақ білесіз. Көп жағдайларда балаға бұрын кездеспеген, ерекше көмек беру қажеттігі туады. Бірде бала ойнына қатысу қажеттігі туса, екінші бір жағдайда балаңыздың достарымен танысқан жақсы, үшінші жолы балаңыз оқитын мектепке барып, мұғалімдермен пікір алысқан да артық болмайды. Егер сіздің жанұяңызда бірнеше бала болса, Сіз нағыз бағытты адамсыз, бұл жағдайда балаға көмек беру ісіне ересек ағалары мен апайларын тартуға болады.
Ата-аналар тарапынан көрсетілетін көмек, баланың есін шығармауы және оны жалықтырмауы тиіс, сонымен қатар қажет және қажет еместігіне қарамай көмек беруге ұмтылмаңыз. Кей сәттерге баланың қиын жайдан өзі шығуына мүмкіндік берген дұрыс, сол арқылы Сіз баланы өзімен өзі болуға, қиын сәттерден, тығырықтардан жол табуға ұмтылуға тәрбиелейсіз. Бірақ, балаңыз қателескенін, және есі шығып, ары қарай мүлде шатаса бастағанын байқасаңыз, дереу көмекке келген дұрыс, өйткені бала өз еркімен әрекет жасаудан түңілу мүмкін. Кей кезде бала әкесінің назарынан тыс емес екендігін, қажет болғанда әкесінің көмекке келетіндігін де білгені дұрыс.
Көмек беру, абайлы және назарлы түрде жетекке алу беделі білімге ие болу беделімен толықтырылады. Бала Сіздің әрқашан оның қасында екеніңізді сезсе, Сіздің тарапыңыздан ақылға қонымды қамқорлықты, сақтандыршылық әрекетті көрсе, Сіздің оған қоятын талабыңызды да білеін болады, бала өзіне тиеселі істі Сіздің жасамайтыныңызды, және өзінен жауапкершілік алынбайтынын білетін болады.
Қорыта айтқанда тұлғаның лидерлік сапаларын қалыптастырып, ары қарау дамуына отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Отбасы баланың лидерлік әлеуетін дамуына ықпал ететін ең негізгі фактор.
Семинар сабағының мазмұны
Тұлғаның лидерлік сапаларының қалыпасуындағы әлеуметтік орта. Отбасындағы жағымды атмосфера баланың лидерлік сапаларының дамуының негізгі факторы. Ұл баланың лидерлік сапаларының дамуындағы әкенің рөлі. Қыз баланың лидерлік сапаларынң дамуындағы ананың рөлі. Отбасында баланың лидерлік сапаларының дамуына кері әсер ететін себептер. Тұлғаның лидерлік сапаларының дамуында ұстаздың рөлі. Я. Корчактың кәсіби лидерлік іс-әрекеттері.
Тақырып бойынша сұрақтар
Тұланың лидерлiк әлеуеттiн дамыту
Лидерлiк сaпaлaрдың дaмуынa әлеуметтiк ортaның әсерi.
Отбасы баланың лидерлік сапаларының дамуының негізгі факторы
Ұлы тұлғалардың отбасы тәрбесі туралы идеялары
Лидерлік сапаларды дамытудағы орта тұғыры
Ю.С.Мануйловтың орта сыртқы және ішкі, тұрақты және өзгермелі жағдайлармен нақты жағдаяттар идеясы
Дамудың қозғаушы күші әлеуметтік орта
Абайдың идеясындағы жан құмарлығы
В.С. Мухина баланың өміріндегі дағдарыс кезеңі
Даму түрлеріне байланысты лидерлік сапалар
Физиологиялық сапалар
Психологиялық сапалар
Іскерлік және тұлғалық сапалар
Интеллектуалдық сапалар
Баланың дамудың бағыттары
Лидерлік сапаның баланың мейірімді қасиетерімен байланысы
Қазақ ұлттық ертегілерінің лидерлікке тәрбиелеу идеялары
Лидерлікке тәрбиелеуде бала психологиясын ескеру
Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар лидерлік сапалардың артуына ықпалы
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі
Макро және микро әлеуметтік ортаның лидерлер тәрбиелеудегі рөлі.
Тұлғаның дүниетанымын кеңейуі лидерлік спаларына әсері
Т.В. Медведеваның лидерлік әлеует идяары
Лидерлiк сaпaлaрдың дaмуынa әлеуметтiк ортaның әсерi
Отбасындаға лидер баланың тәрбие ерекшеліктері
Януш Корчактың жас ата-аналарға қалдырған өсиеті
Януш Корчак шынай лидерлік іс-әрекеттері
А.С. Макаренконың ата-ата аналар беделі туралы идеялары
Студенттердің өзіндік жұмысы
1.Әлеуметтік орта – қоғамдық қарым-қатынас
2. Кәсіби лидерлік сапаларды дамытудағы әлеуметік ортаның рөлі
3. Әлеуметтік ортаның адамға әр түрлі дәрежеде әсер етуі
4. Адамның лидерлік сапаларының қалыптасуы мен дамуы
5. Лидерлік сапалардың дамуындағы ортанының әсерін анықтаудың теориялық негіздері
6. Тұлғаның лидерлік сапаларының дамуына әсер ететін әлеуметтену ортасы
7. Қазақстанда педагогика ғылымында кәсіби лидерлік сапаларды дамыту идеялары
8. Отбасы тұлғаның лидерлік сапаларының дамуының негізгі факторы.
9. Лидерлік сапаларды дамытуда отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.
10. Баланың лидерлік әлеуетін анықтауда отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы.
11. Лидер тұлға қалыптастыруда отбасы - ең жақын әлеуметтендіру ортасы
12.М.Жұмабайұлы баланың рухани-адамгершілік қасиеттерінің дамуы лидерлік сапаларының дамуына әсері
13. Отбасында лидерліктің психологиялық сапалары қалыптасуы мен дамуы
14. Қазақ отбасында лидерлікке тәрбиелеу ерекшеліктері
15. Ауыз әдебиетінің балалардың лидерлік сапаларын дамытудағы рөлі
16.Бала бақша тұлғаның лидерлік сапарын дамытудағы әлеуметтік орта
17.Мектепке дейінгі балалардың лидерлік әлеуеті
18. Бастауыш сынып оқушыларының лидерлік мінез-құлық ерекшеліктері
19. Орта сынып оқушыларының лидерлік сапалар көрінісі және оны дамыту жолдары
20.Жоғары сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері және лидерлік сапаларын дамыту
21.Ұлдар бала мен қыз балалар арасындағы лидерлік сапалар ерекшеліктері
22. Гендерлік саясаттағы лидерлік мәселесі
23. А.С. Макаренко кәсіби педагогикалық қызметіндегі лидерлігі.
Ұсынылан әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
Н.Б. Беляцкий. Основы лидерства. Учебник. Москва. – 2015. (Оқулық электронды кітапхана жүйесінде қолжетімді – biblio-online.ru.)
Бекмағанбетова Р.К, Жүндібаева Т.Н. «Отбасы педагогикасы», Оку әдістемелік құрал, - Алматы 2012 ж.
Қосымша әдебиеттер:
1.Қоңырбаева С. Отбасы: бала мен ата–ана: Оқу құралы / Алматы, 2006ж
2.Куликова Т.А. Семейная педагогика и домашнее воспитание: Учебник для студ. сред. и высш. пед. учеб. заведений.- М.: Издательский центр «Академия», 1999. С - 232
Достарыңызбен бөлісу: |