Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет45/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

Тестің нәтижелерінің өңделуі мен түсіндірмесі
Жалпы «А» және «В» жауаптарының санын санау:
- лидерліктің жоғары деңгейі, А жауаптарының саны: А: 7–10
- лидерліктің орташа деңгейі, А жауаптарының саны: А: 4–6
- лидерліктің төмен деңгейі, А жауаптарының саны: А: 1–3
«В» жауаптарының басым болуы деструктивті лидерліктің өте төмен
екендігін көрсетеді.
Сауалнама
Анкеталық сұхбат жасырын жүргізіледі. Алынған нәтижелер жалпылама түрде қолданылады. Берген сұхбат үшін алғыс білдіреміз.
1. Өзіңіз туралы мәлімет беріңіз
А) _________________________
2. Сіздің ойыңызша оқу ордасының қай саласында өзінің лидерлік сапасын көрсеуге болады? Ұжымда қандай сапа арқылы қол жеткізуге болады, төмендегі берілген сала бойынша 10 балдық шкала бойынша көрсетіңіз.
А) Топ басшысы болу;
Б) Конкурстарға, олимпиадаларға қатысу;
В) Оқуда белсенділік таныту, ғылыми жұмыстармен айналысу;
Г) Комерциялық іс әрекет (қаражат табу);
Д) Секцияға, бірлестіктерге, ұйымдарға;
Е) Бейресми лидер ретінде;
3. Сіздің ойыңызша мұғалім лидер қандай кәсіби-дидактикалық сапаларға ие болу керек?
А) Икемділік пен ақыл шығармашылығы
Б) Жағдаятты практикалық тұрғыдан бағалау қабілеті
В) Идеяларды жинақтау қабілеті
Г) Кәсіби білімдерінің толықтығы
Д) Ақпараттарды игерудегі рационалдылық
4. Сіздің ойыңызша педагог лидер қандай көшбасшылық сапаларға ие болуы керек?
А) Мақсатқа жетушілік
Б) Бастамашылдық
В) Өзінің соңынан адамдарды ерте алу қабілеті
Г) Стандартты емес шешімді табу
Д) Жұмысқа қабілеттілік
Е) Қол жеткізген нәтижелерді дұрыс бағалау
5. Сіздің ойыңызша педагог лидер қандай ұйымдастырушылық сапаға ие болуы керек?
А) Топта жұмыс істей алу
Б) Ұйымшылдық
В) Өзіне жауапкершілік алу
Г) Жекелік
Д) Жеке шешім қабылдай алу
6. Сіздің ойыңызша мұғалім лидер қандай тұлғалық-гумандық сапаға ие болуы керек?
А) Шыдамды бола алу
Б) Көпшілдік
В) Намысқойлық
Г) Еңбекқор
Д) Тындырымдылық
Е) Адалдық
7. Сіздің ойыңызша мына лидерлік сапалардың қайсысы өзіңіз үшін маңызды?
А) Кәсіби-дидактикалық
Б) Көшбасшылық
В) Ұйымдастырушылық
Г) Тұлғалық-гумандық
8. Сіздің ойыңызша лидерлік сапа адамға беріледі:
А) Табиғаттан;
Б) Өмір сүру барысындағы іс- әрекетте;
В) Тең дәрежеде (табиғаттан және өмір сүру барысындағы іс-әрекетте)
Г) Жауап беруге қиналамын
9. Сіздің ойыңызша жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде лидерлік сапаны қалыптастыруға арнайы уақыт бөлудің маңызы бар ма?
А) Міндетті түрде;
Б) Аздап, танысу мақсатында;
В) Жоқ
10. Лидерлік сапаны қалыптастыру үшін түрлі тренингтермен іскерлік ойындарға сіз қатысасыз ба (сізге ол нәтижелі ма) ?
А) Ия;
Б) Жоқ;
В) Жауап беруге қиналамын
11. Сіздің тобыңызда лидерлер бар ма?
А) Біреу;
Б) Бірнеше;
В) Жоқ;
12. Бойыңыздағы лидерлік сапаның қалыптасу деңгейін 5 балдық шкаламен бағалаңыз
А) Интеллектуалдық
Б) Орындаушылық
В) Ұйымдастырушылық
Г) Әлеуметтік-коммуникативтік

Кәсіби лидерлік сапаларды дамытудың технологиялары


Технология - гр. тілінен “techno” өнер, шебер, білгір және “logos” – ілім, ғылыми - практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдерінің жүйесі.


Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген 1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология» дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер – оның бөлігі ғана» – деп көрсткен В.Беспалько.
Технология - қандай да болсын істе, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы;
Технология - бұл өнер, шеберлік, ептілік, өңдеу тәсілдерінің жиынтығы, қалыпты өзгерту;
Педагогикалық технология - оқу үдерісін іске асырудың мағыналы технологиясы;
Педагогикалық технология - оқытудың жоспарлы нәтижесі, үдерсін суреттеу және педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдердің жүйелі жиынтығы мен ретінде жұмыс істеу.
Педагогикалық технологияның мәні тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны педагогтардың, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру педагогтың интелектуалдық, кәсібилік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

  1. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы

«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» стратегияларын сабақта пайдалана отырып өткізу барысында мынандай қорытындыға келуге болады.

  • Студент пен оқытушының арасындағы демократиялық стиль

  • Студенттердің еркін пікір айтулары

  • Оқыту үдерісінде барлық студенттердің қамтылуы

  • Шығармашылық қабілеттері ашылауы

Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы :

  1. Практикалық іс-әрекетте бөлу

  2. Басқаларды тыңдай білу

  3. Білім іскерлік дағдыны қалыптастыру

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде студенттердің кәсіби лидерлік сапалары қалыптасады:

  • Шығармашылық белсенділікке:

  • еркін сөйлесіп, пікір алмасуға;

  • бір-біріне құрметпен қарауға;

  • бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;

  • өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

  • өз ойын ашық, еркін айтуғ;

  • өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

  • достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;

Сын тұрғысынан ойлау әдістері



Педагогтың әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөліп, ой қозғайды

Ұжыммен жұмыс жасайды

Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

Мәтінмен өздері танысады

Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады

Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді

Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды

Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады

Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды

Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды

Өз ойларын жазуды ұсынады

Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

Ойларын қорытуға бағыттайды

Өз тұжырымдамасын жасайды

Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Лидерлік сапаларды дамыту әдістері.

«Әдіс» термині гректің «methodes» қазақ тілінде зерттеу немесе тану жолы, яғни көздеген мақсатқа жету деген ұғымды береді


Ю.К. Бабанский «Оқудың тапсырмаларын шешуге бағытталған педагогпен баланың өзара байланысты іс-әрекетінің ретке келтірілген тәсілін оқыту әдісі» деп атады. Оқу үдерісінде әдістердің маңызын ұлы физиолог И.П. Павлов: «...жақсы әдіспен өте талантты емес адамда көп нәрсе жасайды, ар нашар әдіспен ұлы адамның өзі де бекерге жұмыс істейді», -деген болатын.
Лидерлік сапаларды дамытудың танымдық сипаттағы әдістері:
-диагностикалық
- түсіндірмелі-иллюстративті (ақпаратты-рецептивті);
- репродуктивті;

  • проблемалық жағдаятты;

- ізденушілік (эвристикалық);
- зерттеушілік;
- практикалық.
Бұл аталған әдістер жеке тұлғалық - бағдарлық оқытуды ұйымдастыруда маңызды орын алатындықтан, кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет