Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет47/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

Түсіндіру әдісі. Түсіндіру әдісінің басқа оқыту әдістерінен айырмашылығы, мұнда дәлелдеу тәсілі басымырақ болады. Табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі құбылыстардың түпкі себептері мен салдарын ашуға жүгінеді. Қоршаған ортадағы дерекке ақпарат беру арқылы түсініктерін қалыптастырады.
Мәтінмен жұмыс жасау әдісі.
Тақырыпты оқу
Тақырыпты оқу – ол мәтіннің мағынасын анықтайды.
Берілген тақырыптың мақсатты нұсқауларымен танысу (олар көрсетілген жағдайда).
Бұлар мәтінді тереңдеп оқу алдында жасалады, сондай-ақ оқудың тиімді әдісін анықтауға көмектеседі.
Пайдалы ақпараттарды таңдау
Мақсатты нұсқауларға қатысты негізгі сөздердің астын сыз. Мәтінді түсіну үшін өзіңе қажетті ақпаратты анықта.
Мәліметтерді қисынды мазмұндау
Оқу кезеңдерін мәтін хронологиялық тәртіпте мазмұндалатындай етіп бөл.
Қойылған мақсатқа жету үшін мәтінді пайдалан.
Мәтіндегі ақпаратты бұрын алған біліммен саралау
Мәтіндегі ақпарат пен бұрын алған білімді пайдалана отырып, қойылған сұрақтардың жауабын тап. Бұл орайда оларды өз түсініктемелеріңмен толтықтыруға тырыс
Сұхбат. Жаңа материалды түсінуіне алып келетін немесе оқығанды игеруін тексеретін диалогтық оқыту әдісі. Шығармашылық танымдық іс-әрекеттің деңгейіне қарай сұхбат бірнеше түрге бөлінеді.
Жаңа білімді жеткізу үшін сұхбат беру пайдаланылады. Жаңа материалды оқып үйренуге негізделген сұхбат әдісін алғы немесе кіріспе сұхбат деп атайды. Сұхбат әдісінің мақсаты жаңа білім игеруге дайындығын туғызу болып табылады. Жаңа ақпартты қабылдап, игерілгенен кейін тиянақтау сұхбаты қолданылады.
Сұхбат қезінде сұрақтар жеке (жеке сұхбат) немесе топқа жаппай (жаппай сұхбат) қойылуы мүмкін.
Көрнекілік әдістері. Я.А. Коменскийдің балалардың оқуға, жаңаға, білімге қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың көрнекілік әдісін пайдалануды ұсынған. Оның себебі педагог қоршаған орта туралы материалдармен таныстыру кезінде көрнекі құралдарды пайдаланып, нақты деректердің суреттерін, моделдерін, муляждарын көрсету арқылы түсіндірсе, сонымен қатар техникалық құралдар арқылы сюжеттерге әсер берілсе балалардың берілетін ақпаратқа қызығушылықтары артатыны сөзсіз. Қазір оқытудың көрнекілік әдісінің бірден-бір түрі оқу материалдарын игеруде, жаңа білімге, ақпаратқа қызығушылығын арттыру үшін қолданылатын техникалық жабдықтар болып табылады.
И.Г. Песталоциидің оқыту кезде қолданылатын әдістердің барлығы ақыл-ойын дамытуға бағытталуы керек деген идясын И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин түсіндірмелі-көрнекілік, ақпараттық-рецептивті, репродуктивті, проблемалық баяндау, эвристикалық зерттеу әдістерін жіктеу кезінде басшылыққа алды.
М.Н. Скаткин мен И.Я. Лернер түсіндірмелі иллюстрациялық оқыту әдісінің мәні - оқытушы дайын ақпаратты әр түрлі құралдар арқылы жүргізеді, ал балалар оларды қабылдайды, ұғынады және естерінде сақтайды. Түсіндірмелі - иллюстрациялық әдіс ақпарат берудің ең бір тиімді тәсілі екенін айтқан.
Демонстрациялау әдісінің құралдарды, олар тәжірибелерді, техникалық қондырғыларды, кинофильмдерді, бейнефильдерді, мультфильмдерді, слайттарды және т.б. көрсетумен байланысты.
Оқытудың көрнекі әдістеріне қойылатын талаптар:

  1. Көрнекілік әдіс қажетіне қарай қолданылуға тиісті және жаңа сабақта қоршаған орта құбылыстарын түсіндіру сәтінде көрсету керек.

  2. Иллюстрациялық әдісті нақты дерекке анық ақпарат беру қажеттілігі туындаған кезде пайдаланған тиімді болады;

  3. Қоршаған орта құбылыстары туралы берілетін ақпарат мұқият ойланып, зерделеуді қажет етеді;

  4. Көрнекі құрал материалдарының мазмұны, жаңа білім мазмұнына сәйкес болуы;

  5. Көрнекі құралдардың ішінен өздеріне таныс немесе ұнататын деректерді тауып, оларға ақпарат беру үшін, балалардың өздерін жұмылдыру.

Жаттығулар. Жаттығуларды пайдалану ерекшеліктері:

  • ауызша жаттығулар сырттан алған ақпаратты логикалық қабылдаудың, есте сақтаудың, сөзді құрап сөйлеудің, назар аударудың дамуына мүмкіндік жасайды. Олар серпімділігімен ерекшеленеді, жазуға уақыт керек етпейді.

  • жазбаша жатттығулар білімді бекіту және оларды пайдалануға білік табу үшін қолданылады. Оларды пайдалану логикалық пайымдаудың, жазбаша сөз сөйлеу мәдениетінің, жұмыстағы дербестіктің дамуына ықпал етеді. Жазбаша жаттығулар ауызша және графикалық жаттығулармен сабақтасуы мүмкін.

  • графикалық жаттығуларға балалардың сызбалары, альбомдары, сурет салған плакаттар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет