КӘсіби педагогикалық білім беру жүйесі дуйсеханов т.Ө., Файзиев н. С



Дата01.04.2017
өлшемі89,42 Kb.
#12958


ӘОЖ 37,0

КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
ДУЙСЕХАНОВ Т.Ө., ФАЙЗИЕВ Н.С - «Сырдария» университетінің оқытушылары,
Қазіргі таңда еліміздің ғылымы мен білімі кәсібилікке бағытталып, барлық мамандықтар өзінің бағыты мен мақсатын айқындады. Кәсібилік ол барлық салада өзінің нәтижесін беретін, сол арқылы даму үдерісін қалыптастыратын үлкен бір ұғым. Ал кез келген адамды кәсіби маман ететін әрине білім беру жүйесі болып табылады. Білім беру жүйесін жүзеге асыру педагогика ғылымының міндеттеріне кіретіндігі белгілі. Демек кәсіби педагогикалық білім беру жүйесін жандандыру, зерттеп-зерделеу бүгінгі педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Кәсіби-педагогикалық білім беру өзімен мемлекеттің әлеуметтік саласына бағытталған бастауыш кәсіби білім беру ретінде арнайы құрылған жүйе түрін көрсетеді. Осыған байланысты кәсіби-педагогикалық білім берудің мақсаты, мазмұны мен білім беру технологиялары бойынша бірқатар ерекшеліктері бар. Кәсіби-педагогикалық білім беру түлектерді бейімдеуді жеке бір оқу пәніне емес, ал туыстас жұмыс мамандығына жақын болатын кәсіби оқыту мазмұнына бағыттайды.



Кәсіби-педагогикалық білім беру – бұл кәсіби білім беру қызметін толығымен орындауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, бастауыш және орта кәсіби білім беру аймағын да сипаттайды. Білім берудің бұл түрі мазмұны, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жағынан сәйкес мемлекеттік стандарттармен анықталатын оқу мекемелерінде жүзеге асырылады.

Кәсіби-педагогикалық білім беру күрделі жүйеге жатады және өзара байланысты бірнеше компоненттерден тұрады: мақсаты, міндеті, мазмұны, қағидалары, әдістері, формалары, құралдары мен функциялары. Кәсіби-педагогикалық білім берудің тиімді даму мәселесін шешу барысында жүйенің аталған компоненттерін, сонымен қатар оны ұйымдастыру мен басқару қағидаларын оқып-зерттеу қажеттігін анықтайд

Педагогикалық үдеріс формаларының пайда болуы адамдар мен қоғамның сұранысынан пайда болады. Адамзат тәжірибесін игеру үдерісін педагогикалық ұйымдастыру қажеттілігі пайда болған кезде сабақ пайда болды – ұйымдастырудың ең қарапайым және тиімді түрі.

Кез келген форманың пайда болуы қажеттілікті сипаттайтын мақсатқа жетелейтін қызметтің пайда болуымен сәйкес келеді. Форманың ұзақ болуы сөзсіз. Осылайша сұхбат «сұхбаттасудан» пайда болды, дискуссия-«дискуссиялаудан», сабақ – «тапсырма беруден». Форма азаматтықтың құқықтарына ие болғанда педагог пен оқушыға белгілі бір әрекеттерді жасауға итермелейді (осы форма аясында).

Кәсіби – педагогикалық білім беруді ұйымдастыру формасы ретінде оқушылардың оқу –кәсіби қызметінің сипатын анықтайтын оқу – тәрбиелік процесс ұйымдастырылуын түсінеді, ол қызметті басқару шебер жағынан және кез – келген форма бір ғана компоненттен тұрады: мақсаттардан, принциптерден, мазмұннан, әдістер мен оқу құралдарынан.

Практикалық білім беру сабақтарында (кәсіптік – педагогикалық) оқушыларда практикалық білімдер мен кәсіби қабілеттердің құралуымен жүзеге асады, ол болашақ кәсіпке, мамандыққа қажет.

Кәсіпті – педагогикалық білім беру сабақтары – бұл практикалық оқудың ұйымдастырушылық формасы, ол барлық оқушы топтарға бірдей дидактикалық тапсырманы бірдей оқу - өндірістік жағдайда шешуін қамтамасыз етеді (оқу шеберханаларында, оқу - өндірістік цехтарда, оқу шаруашылығында және т.б).

Шартты түрде өндірістік сабақтардың барлығын үш топқа бөледі:

1) тәсілдер, операциялар мен жұмыстың жеке түрлерін орындауға арналған алғашқы білімдер қалыптасатын сабақтар;

2) жұмыстың жаңа түрлері мен операцияларды кешенді және басқа жұмысты орындау біліктілігі қалыптасатын сабақтар, орындауға арналған қабілеттер қалыптасатын және алғашқы білімдер жетілдірілетін сабақтар;

3) операцияларды орындауға қабілеттер мен білімдер қалыптастыру;

Оқушылардың оқу шеберханалары мен оқу аймақтарындағы өндірістік – педагогикалық білім беру процессін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ оқу болып саналады.

Шебердің басқарушылық рөлімен сипатталатын өндірістік – педагогикалық білім беруді ұйымдастырудың сабақтық формасында барлық оқушы топтар бір мезгілде бір немесе бірдей типті материалды игереді, біртипті оқу - өндірістік тапсырмаларды орындайды.

Өндірістік – педагогикалық білім берудің сабағында оқуында мақсаттың, мазмұнның нақтылығы сәйкес келеді, сонымен қатар ұйымдастырушылық структуралар да (1 кестеде).



Өндірістік – педагогикалық білім беру процессін ұйымдастыру формасы

Сабақтық




Сабақтан тыс


Фронтальды - топтық



Оқушылар еңбегінің оқу - өндірістік ұйымдастыру формасы

Бригадалық (звенолық)




Индивидуалды



Шебер оқу шеберхансына бекітілген





Шебер топқа бекітілген




Шебердің өндірістік – педагогикалық білім беруді ұйымдастыру қызметінің формасы



Өндірістік білім берудегі шеберлерді ұйымдастыру бригадасы



Екі шебердің тобындағы жұмыс

Білім беру процесінің барысында ұйымдастырушылық формалар белгілі бір функцияларды атқарады. Б.Б.Айсмонтас жұмысында келесі функциялар туралы айтады:

1) тәрбиелік – оқушының барлық рухани күштерінің белсенді пайда болуына әсер етеді;

2) ұйымдастырушылық – педагогтан білім беру мазмұнын нақты ұйымдастырушылық - әдістемелік түрде жеткізуді талап етеді;

3) оқу – білімдік - оқушыларға білім, біліктілік пен қабілетті игеруге, әлемге көзқарасты қалыптастыруға, қоғамдық өмірде белсенді қатысуға деген білімдерді жеткізу үшін жақсы жағдай жасауға мүмкіндік береді;

4) психологиялық – оқушыларда белсенділіктің белгілі биоритмін, белгілі бір уақытта жұмыс істеуді қалыптасыру;

5) оқу сабақтарының мазмұндық формасы білім берудің белсенді әдістерімен бірге дамытушы функцияны орындайды;

6) педагогикалық процессті ұйымдастыру формалары оқушылардың ұжымдық және жеке қызметін қамтамасыз етіп интегрирлеуші – дифференциалды функцияны орындайды, оны іске асыру оқушыларға практикалық жұмыстарда ақпарат алмасуға мүмкіндік береді;

7) жүйелеуші және структуралық функция – білім беруді ұйымдастыру оқу ақпараттарының мазмұнын бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге, оны жалпылауға негізделеді;

8) бір – біріне қатысты білім беру формалары компенсациялаушы және координаталаушы функцияларды атқарады;

9) стимулдаушы – білім беру оқушылар жасына байланысты болғанда, ағзаның даму және психикалық спецификасына байланысты болады [1].

Қарапайым формалар құралдар мен әдістердің минималды көлемінде құрылған. Олар, шартты түрде, бір тақырыпқа арналған, тапсырмалардың бір типін шешуге (сұхбат, экскурсия, викторина, консультация, емтихан, нұсқаулық, диспут, мәдени саяхат, қосымша сабақтар, көрмелер, шахмат және шашки турнирлері және т.б). олардан басқа топтардың ұйымдастырушылық формалары құрылады.

Кешенді формалар қарапайым және күрделі формалардың мақсатты түрде таңдалуынан пайда болады. Бұл ашық есік күндері, бірінші курстықтар күні, таңдалған мамандықтарының күндері, күлкі күні, білім күні, денсаулық аптасы, театр аптасы, ұлттық және конфессионалды мейрамдар. Кешенді деген шартты атау, себебі олар оның ұзақтығы мен қызметінің түріне байланысты.

Педагогикалық практикада білім берудің ұйымдастырушылық формалары ерекше орын алады. Олардың ішінде жоғарғы оқу орнында білім алуды айтуға болады. Бұл ұжымдық білім алу формасы, олар оқушылардың тұрақты құрамымен сипатталады, олар уақытқа қарсы тұра алады, алдын – ала сабақ кестесі құрылған және бір оқу материалымен жұмысты ұйымдастырумен сипатталады.

Мектептегі педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың кең тараған формалары:

1) педагогтың тікелей жетекшілігімен: сабақтар (әртүрлі); дәрістер; практикумдар (зертханалық, практикалық сабақтар); семинарлар, факультативтер, сабақтағы экскурсиялар; оқушылармен қосымша сабақтар (ағымдағы, тематикалық және жалпылама консультациялар);

2) оқушылардың қызметін ұйымдастыру бойынша: фронтальды; топтық; индивидуалды; жұптық; ұжымдық;

3) оқушылардың сабақтан тыс жұмыстары: үйірмелер, олимпиадалар, жарыстар және т.б; оқушылардың үйге тапсырмалары [2].

Қазіргі кездегі тәжірибеде мектептер екі жалпы ұйымдастыру формаларын қолданады: фронтальды және индивидуалды.

Жоғарғы оқу орындарында келесі ұйымдастыру формалары қолданылады: дәрістер (мәселелі немесе енгізілген, шолу, тематикалық), практикалық сабақтар, семинарлар, коллоквиумдар, зертханалық сабақтар, олимпиадалар, рефераттар сайысы, бақылау жұмысы, дөңгелек үстелдер, пресс – конференция, курстық және дипломдық жұмыстар жасау, өзіндік жұмыстар, консультациялар, емтихан, сынақтан өту, өндірістік практика, әртүрлі ойындар (ұйымдастырушылық, жағдайлық, имитациялық, басқарушылық, дидактикалық, жарыстық, технологиялық және т.б), белгілі бір жағдайлар анализі, имитициялық жаттығулар және т.б. Бұдан басқа, күндізгі, күндізгі – сыртқы, сыртқы, кешкі және қашықтықтан оқыту сияқты ұйымдастыру формалары да бар.

Оқушылардың оқу – танымдық қызметін ұйымдастыруға мыналар да кіреді:

1) игеру процессін мотивтеу тәсілі;

2) оқу – танымдық қызметті жоспарланған дәрежеде игеруді ұйымдастыру;

3) оқу – танымдық қызметті басқару;

4) білім берудің әдістерін, құралдары мен ұйымдастыру формалары;

5) бақылау мен болжау.

Қазіргі кезде компетентті мамандарға деген қоғам талабы өзгергеннен кейін әртүрлі типтегі және дәрежедегі жоғарғы оқу орындарындағы білім беруді ұйымдастыруды модернизациялауға ізденістер жүргізілуде.

Қорыта айтқанда, «кәсіби-педагогикалық білім беру» түсінігін келесідей сипаттауға болады: адамды нақты мамандық бойынша әрекет етуге даярлау мен оны тиімді жүзеге асыруға, кәсіби-педагогикалық қызметті толығымен орындауға, кәсіби әрекетінде өздігінен жетілуге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру процесі. Кәсіби-педагогикалық білім беруді нәтиже ретінде қарастырсақ, бұл түсінік адамның меңгерген арнайы білімі, іскерлігі мен дағды жиынтығын, кәсіби білім беру аймағында табысты жұмыс етуге мүмкіндік беретін әлеуметтік және кәсіби маңызды қасиеттерін білдіреді.


Түйін:

Мақалада оқушылардың кәсіби білімдерін, біліктілік пен қабілеттерінің дәрежесін жоспарлы түрде анықтау мақсатында бірнеше ғалымдардың еңбектеріне ғылыми-теориялық талдаулар жасалынған. Сондай-ақ кәсіби педагогикалық білім беру жүйесіне жан-жақты зерделі зертеулер жүргізіліп, оның тиімді тұстары қарастырылып, ғылыми тұжырымдамалар жасалынған.



Резюме:

В статье ведется анализ на научно-теоретические работы нескольких ученых с целью определения профессиональных знаний,умений,навыков и степень способностей студентов в запланированном виде. Также проводились всесторонние исследования профессионально-педагогической образовательной системы, рассматривались их эффективные стороны.


Summary:

In the article the students' professional knowledge, skills and abilities to determine the extent of the planned work of several scientists for the purpose of scientific analysis. As well as professional education is carried out in a comprehensive smart research, considering its advantages, scientific concepts are created.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология: Программа курса. Методические рекомендации. Словарь терминов и понятий. — М.: МГППУ, 2004.

2. Есипов Б.Д. Основы дидактики.-М.: Просвещение, 1967.

3. Скакун В.А Организация и методика профессионального обучения: Уч. пособие. М:, 2007





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет