Кәсіби практиканың КҮнделігі


Кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мерзімдері



бет4/6
Дата18.05.2022
өлшемі54,84 Kb.
#143658
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-2 курс каз
Шабайқызы Эльмира 102 группа 1 курс, Гранд парк зп лист апрель 24-3 (копия) 2
Кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мерзімдері
«__»________2022 жыл
«__»________2022 жыл



Ескертпе

басталуы

аяқталуы

1.

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 1-ші күн.
Мен Жолтай Жансая, 24.01.2022 ж. – 14.05.2022 ж. аралығында, Алматы қаласы «№15 гимназияда» үздіксіз психология-педагогикалық тәжірибеден өттім. Маған 2 «Ә» сыныбы берілді. Практикадағы сынып жетекшім Кувонишова Рита Абайкызы болды.Алғашқы күні сынып оқушыларымен және практика жетекшімен таныстым. Сыртынан жетекшіміздің қалай сабақ өтетінің бақылып көрдім, және де оқу процесімен және сабақ барысымен таныстым.








2.

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 2-ші күн.
Сыныптағы оқушылармен жақын таныса бастадым. Оқушылардың психологиялық тұрғыдан сабаққа деген белсенділігін зерттедім. Сыныпта қанша оқушы бар және қанша оқушы қазіргі уақытта онлайн режимде оқитынын біліп, сабақ кестесімен таныстым. Оқушылар сабақты 13:30-да бастайды, үшінші сабақтан соң тамақтануға барады. Сабақ беру барысында балаларға сергіту сәтін ұйымдастырып тұрдым. Сабақ аяқталған соң оқушыларды ата-аналарына қалай табыстау керектігін көріп, оқушыларды үйлеріне тарату кезінде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктелетінін аңғардым.









3.

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 3-ші күн.
Балалардың сабаққа белсене қатысуын қамтамасыз етуде қандай қосымша тапсырмалар беруге болатынын байқап көрдім. Әртүрлі әдістемелер үйреніп, өзіме керекті әдістемелерді түртіп алып отырдым.








4

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 4-ші күн.
Сынып жетекшімнің ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ-мен және күнтізбелік тақырыптық жоспармен таныстым.
Бұл құжаттар мемлекеттік стандартпен бекітіледі. Онда барлық тақырыптар беріледі және мұғалім әр күнін есептеліп, бір жыл толық қамтылу керек екен.








5

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 5-ші күн.
Өз тәжірибемде «Activstudio» бағдарламасымен қамтамасыз етілген Activord интерактивті тақтаның мүмкіншіліктерін барынша қолдандым. Сонымен бірге бұл сабақтарда электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеу керек. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолдандық.








6

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 6-ші күн.
Балалармен жұмыс жасауда негізгі қағидаларды үйрендім. Мұғалімнің жазуы қандай болуы керектігі жайлы білдім. Оқушылардың ақпаратты қабылдау дағдысын байқадым. Оқылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру жолдарын меңгердім. Оқушының күн тәртібіне деген жоспарды қарадым. Оқушылардың үй жұмысын, дәптер тексеруде қандай талаптар бар екенін білдім.








7

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 7-ші күн.
2 «Ә» сыныбын жақсы танып, оқушылармен тез тіл табысып кеттім. Бұл күні оқушыларға дене шынықтыру сабағын өткіздім. Бірге жаттығу жасап сергітетін ойындар ойнап, көңіліміз бір көтеріліп қалды.








8

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 8-ші күн.
18.03.2022 ж. Наурыз мерекесіне орай 2 «Ә» сынып оқушыларымен бірге «Қош келдің – әз Наурыз!» атты шағын мерекелік іс-шарамызды өткіздік. Оқушылар мерекеге қарсы өз өнерлерін көрсетті. Тақпақ айтып, би билеп, домбыра тартып және де мерекеге қарсы сурет көрмесін жасадық. Бұл көрмеде әр оқушы сурет салып, өз жұмыстарып көрсетіп қандай сурет салғандарын қысқаша мазмұндап берді. Оқушылармен бірге қазақ халқының қанда салт-дәстүрлерін білетінінің және білмейтінің талдап ой қозғадық.








9

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 9-ші күн.
3-ші тоқсан айқталды, мектеп оқушылары көктемгі демалыста. Бұл уақытта жетекшімізден қосымша тапсырма алып, сынып қағаздарымен және сабақ жоспарларын қалай құруды білдік. Күнделік.кз және басқа да қолдануға ыңғайлы сайттармен танысып, оқушыларға қалай және қандай критерийлер бойынша бағалау керектігін үйрендік.








10

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 10-шы күн.
Мектеп оқушылары көктемгі демалыста. Күнделік.кз және басқа да қолдануға ыңғайлы сайттармен танысып, оқушыларға қалай және қандай критерийлер бойынша бағалау керектігін үйрендік.








11

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 11-ші күн.
4 ші жаңа тоқсан. Оқушылармен бірге өткен тоқсанда өткен тақырыптар бойынша ой жинақтап, ұмытқанды еске түсіру бойынша тапсырмалар орындадық. Осылайша соңғы қорытынды тоқсанды бастап кеттік.








12

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 12-ші күн.
Сынып жетекшіммен бірге жаңа сабақты түсіндірдік. Сабақ барысында оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуін қарастырдық. Ол үшін оқытудың түрлі формаларын сабақта қолдандық.








13

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 13-ші күн.
Тәрбие жұмысының жоспарымен таныстым. Тәрбие жұмысының ұйымдастыру принциптері:
1. Сыныпты ұйымшыл болуға үйрету.
2. Қоршаған ортамен қарым-қатынаста болуға, үлгілі және тәртіпті болуға тәрбиелеу.










14

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 14-ші күн.
Оқушылардың ақпаратты қабылдау дағдысын байқау. Оқылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру жолдарын меңгеру. Сыныпқа, оқушыға мінездеме жазуды үйрендім.










15

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 15-ші күн.
Практиканың маған бергені:
• Оқушымен тығыз байланысты жақсы көңіл-күйде орнату;
• Әрбір сабақтың мән-мағынасын жан-жақты етіп қарастыруды үйретті.










16

Үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибе 16-ші күн.
Тәжірибеде (практикада) жүріп ұстаз болу үшін жан-жақты болу керегін түсіндім. Қазіргі заман талабына сай ұстаз болу асқан білімділікті қажет ететіндігін ұқтым. Оқушылардың талпыныстарына қарап ұстаз болуға деген қазығушылығым арта түсті.












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет