Кәсіпкер Оралбек Ботбай туралы қысқаша ақпарат Оралбек Қожамжарұлы Ботбай



Дата17.06.2018
өлшемі18,34 Kb.
#42320
Кәсіпкер Оралбек Ботбай туралы қысқаша ақпарат

Оралбек Қожамжарұлы Ботбай - Аймақтық менеджмент академиясының профессоры, «Тұран» колледжі қамқоршылар кеңесінің мүшесі, білім саласын дамыту жөніндегі сарапшыcы (Астана), «Құрмет» орденінің иегері.

Ол 1967 жылдың 27 сәуір күні ОҚО, Алғабас ауданы (қазіргі Бәйдібек ауданы), Қошқар Ата ауылында дүниеге келген.

1991 жылы Т.Жүргенов атындағы Алматы Мемлекеттік театр және көркем сурет институтын бітірген. (Алматы)

2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заң ғылымдарының бакалавры дәрежесімен тәмәмдады.



Еңбек өтілі:

1991-1992 жж. - Фрунзе аудандық ЛКЖО хатшысы (Алматы);

1992-1994 жж. - «Ақ-Ниет» өндірістік кооперативінің директоры (ОҚО, Алғабас ауданы);

1994-2000 жж. - «Техномаш» ЖШС өзара есеп айырысу және өткізу бөлімінің бастығы (Алматы);

2000-2010 жж. - «Trans Ast LTD» ЖШС Бас директоры;

2010-2010 жж. - «Қазпошта» АҚ Жамбыл облысы филиалы директорының орынбасары;

2011 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін   «Тұран» колледжі қамқоршылар кеңесінің мүшесі, білім саласын дамыту жөніндегі сарапшысы (Астана);

2016 жылдан бастап «Source Energy», «Source Invest Company» ЖШС Бақылаушылар Кеңесінің Төрағасы.



Еңбектері мен шығармашылығы:

2005  жылы - «Нұрлы нөсер» кітабы жарық көрді;

2008  жылы - «Келешекке жетелеген жеті сапар» шығармасы жарияланды;

2017 жылы - «Нысап сайын береке» өмірбаяндық еңбегі мен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» фотоальбомы оқырмандарға жол тартты;

ҚР Журналистер Одағының мүшесі;

Республикалық «Нұрлы нөсер» ән фестивалінің авторы.



Мемлекеттік марапаттары:

2007 жылы 7 желтоқсан күні ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды;

2008 жылдың 4 шілдесінде  ҚР Президентінің Жарлығымен «Астананың – 10 жылдығы» медалі тапсырылды;

2008 жылдың 4 шілдесінде Астана қаласының тарихи-мәдени дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Премьер-Министрінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды;

2011 жылдың 16 желтоқсанында ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медаліне ие болды;

2012 жылы ҚР ІІМ Алғыс хатымен марапатталды;

2016 жылдың 16 желтоқсан күні ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен наградталды;

Академиялық жетістіктері: 

2017 жылы Аймақтық Менеджмент Академиясы Президиуімінің шешіміне сай А. Маслоу атындағы  «Гуманитарлық ғылымдарды дамытуға қосқан үлесі үшін» Алтын медалімен марапатталды.

Мәдениет және білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін және Тәуелсіз Қазақстанның гуманитарлық ғылымдар саласына қолдау танытып, әкімшілік басқару саласындағы еңбегі ескеріліп, Аймақтық Менеджмент Академиясының қауымдастырылған профессоры атағы беріліп, «Профессор» төсбелгісі табыс етілді.

2017 жылдың наурыз айында: Ұлттық қауіпсіздік және қатерлерді басқару институтының құрылтайшылар кеңесінің шешімімен Оралбек Ботбайға xалықаралық қатынастар және білім саласына сіңірген еңбегі үшін  «Құрметті профессор» атағы табыс етілді.

2017 жылдың 30 мамыр күні: Ресей Жаратылыстану Академиясының Ғылыми Кеңесінің шешімімен Оралбек Ботбайға «Кеңесші» атағы берілді. 

Қоғамдық белсенділігі және қайырымдылық шаралары: 

2002-2005 жылдары «Ауыл жылы» бағдарламасының аясында, Борлысай, Ақтас, Кеңсай мектептерін қажетті құрал-жабдықпен, компьютермен қамтамасыз етті.

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасына орай, Қошқар Ата кесенесін тұрғызып, 300адамға Қожамжар ата-Пернекүл апа мешітін салып берді.               2005 жылы шетел және отандық ғалымдар мен республикаға танымал өнер жұлдыздарын жинап, Тарих институтымен бірлесе отырып, І Республикалық Қошқар Ата ғылыми конференциясын ұйымдастырды.

2005 жылы Астана қаласында Республикалық «Алтын Самұрық» ән фестиваліне демеушілік жасады.

2005 жылы Борлысай орта мектебінің ұжымына ПАЗ авткөлігін сыйлады.

2006 жылы Маңғыстау, Семей, Шымкент, Астана өңірлерінде Республикалық ақындар айтысын өткізіп, оны Стамбул (Түркия), Үрімші (Қытай) жалғастырды.

2007 жылдың қыркүйек айында Павлодар облысының Баянауыл өлкесінде          І Республикалық жас ақын-жазушылардың конференциясын өткізуге демеушілік танытты.

2007 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Қошқар Ата ауылында Республикалық Тіл институтымен бірігіп академик Сейіт Қасқабасовтын қатысуымен ІІ Қошқар Ата конференциясын өткізді.

2007 жылы Қазақстанның 14 облысында «Нұрлы нөсер» ән фестивалін өткізіп,  желтоқсан айында Астана қаласында фестивалдің туы тігілді.

2008 жылы Шымкент қаласында  А.Асқаров атындағы ат бәйгесіне бас жүлде темір тұлпарға демеушілік жасап, сол жылы Сарығаш ауданында болған көктемгі су тасқынына Бәйдібек ауданының атынан 10 млн.теңге аударды.

2007-2009 жылдары ОҚО, Бәйдібек ауданының орталығы Шаян селосында Республикалық ақындар айтысын өткізуге қолдау көрсетті.

2008 жылы республикалық «Тіл» журналының ұйымдастыруымен   Астана қаласының орталық Циркінде мемлекеттік қызметкерлер арасында қазақша күрестен өткен турнирге Бас жүлде темір тұлпарды тарту етті.

2009 жылы ОҚО ІІ жас ақын-жазушылардың конференциясын ұйымдастырды.

2009 жылы «Алтын жүрек» сыйлығына ие болған. Түрлі білім саласындағы стартаптарға демеушілік жасау болашақтағы жоспарында бар. Сондай-ақ, Түлкібас, Төле би, Бәйдібек аудандарының 80 жылдық тойларына әр ауданға бір-бір темір тұлпардан сыйлады. Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлерін Астана қаласына өз қаржысына әкеліп, бірнеше мәрте қаржылай тұрғыдан көмектесті. Борлысай, Ақтас, Кенсай орта мектептерінің 30 оқушысын Астана қаласына қыдыртып, Бурабайдағы Балдәурен сауықтыру жолдама беріп, Түркияның Стамбул қаласына баруларына мүмкіншілік жасады.

2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, Қошқар Ата ауылында «Болашақ» бағдарламасының 50 түлегінің қатысуымен ІІІ Қошқар Ата Республикалық конференциясын ұйымдастырды.

2017 жылы ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қошқар Ата ауылына 6 шақырымнан астам тас жол төсеп, ауыл тұрғындарының қалауын орындады. Аталған аудан мен Маңғыстау облысына күннен қуат алатын көше шамдарын инвесторлар арқылы орнатты.

Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне ОҚО, Бәйдібек ауданының 40 оқушысының көрме жұмысын тамашалауына толықтай қаржылық көмек көрсетті; Аталған аудан ардагерлерін Астана қаласына әкеліп, түрлі мәдени шараларға демеушілік жасады;

«Тұран» колледжі мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының 15 студентіне өз атынан стипендия тағайындап, оқу ақыларын төлеп берді.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет