Кәсіпкерлік куқық оқу курсының түсінігі, пәні, әдісі


Инвестициялық қызметті  құқықтық реттеу



бет7/18
Дата09.08.2020
өлшемі199,5 Kb.
#76253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Кәсіпкерлік құқығы - 1
Кәсіпкерлік құқығы - 1
Инвестициялық қызметті  құқықтық реттеу

Инвестициялық қызметтің   түсінігі   алғаш рет  1991 жылы   заңды  түрде   анықталды.  Қазіргі  уақытқа   дейін  шығарылған   құжаттардың   санына   қарамастан   инвестициялық қызметтің  барлық   аспектілері   нормативтік   актілердегі    көрініс   тапқан жоқ,  әзірше   мемлекеттің  инвестициялық   саясатының   негізгі   бағыттары   белгіленген.

Табыс  табу  үшін   және әлеуметтік   жетістіктеріне   жету үшін  кәсіпкерлік   объектілеріне   және басқа  да  қызмет   түрлеріне   салынатын ақша   қаражаты,  банктік   салымдар,    пайлар,  құнды  қағаздар,  құрал-саймандар, технологиялар,  лицензиялар,   кредиттер,  интеллектуалдық  құндылықтар инвестиция  деп аталады.  Экологиялық,  санитарлы   гигиеналық   және басқа да   заңды   оның  нормалық  талаптарына  сай   келмейтін, мемлекеттің  және  заңды   тұлғалардың,  азаматтық заңмен  қорғалатын  құқықтарын  мен  міндетреріне зиян келтіретін    объектілерге  инвестиция   жасау   тиым салынады.

Инвестициялық қызметтің   дамуының  стимулдары  мемлекетпен   инвестордың  құқықтық   кепілдіктерін   қамтамасыз   ету,   инвестицияны   қорғау және  онымен   салықтық   және   кедендік    жеңілдіктері беру   болып табылады.  Инвестицияны   қорғау кепілдіктері   меншік   нысандарына   қарамастан   заңмен   қорғалады.  Бұл орайда  барлық  инвесторларға   дискриминациялық   сипаттағы  шараларды   қолдануға   тыйым  салатын  бірдей  құқық   шарттары   қамтамасыз етіледі. Бұлар  инвестицияны басқаруға  және  қолдануға   тосқауыл   болар еді:

а/ инвестициялар  қайтарымсыз   ұлтсыздандырылуы  мүмкін емес

в/ инвестициялар   реквизициялынбайды

Бұндай шараларды   қолдану   инвесторларға  барлық  шығынды   жіберілген    табыспен   қоса, толықты  орнын  толтырған   кезде  ғана  болады.

Инвесторлар   сақтандырылуы  мүмкін. Өкінішке  орай   заңның бұл нормасы   декларативтік   болып табылатын   айта кеткен  жөн.

Құқықтың   кепілдіктер  әрдайым жеткілікті  болмағандықтан   заңдық   нормалардың   орындалуын қамтамасыз  ететін   арнайы ұйымдарға   қажеттілік  туындайды.   ҚР президентінің   Жарлығымен, шетел  және   отандық  инвесторларға   кепіл бола алатын  мемлекеттік   инвестициялық  корпорация   құрылды.  Инвестиция   туралы   заңнама   бірталай   кедендік   кепілдіктерді   қарастырады. Өзіндік  материалдық   өндіріс   немесе   жұмысшыларымен   өз  қажеттіліктері  үшін  кіргізілетін,  жарғылық қорға  салым   ретінде  енгізілетін   мүлік   импорттық   салымдарды  алудан   босатылады,  толығымен  шетел   инвесторларын  қарауындағы   ұйымдар   және   біріккен    ұйымдар,   олардың   жарғылық қорында  30%астам шетел  инвестициясы   болса олар  лицензиясыз өздері   өндірген   тауарларды    экспорттауға  және өз  қажеттіліктері   үшін   импорттау ға құқылы,  өз тауарларын   экспорттаудағы   тапқан табыс   толығымен   олардың   қолында   қалады. Қазіргі кездегі   мемлекеттің   шетел   инвестормен   жасалып   жүрген   концессиондық   келісім  түрлеріне мыналар  жатады:

а/ концессиондық  келісімдер

б/ өнімді   бөлу туралы  келісім

с/ қызмет етуге  келісімдер

Аталған  келісімдерінің  ерекше   белгілерінің   ішінен   мыналарды   атап өтуге  болады:

Біріншіден -  Ұлттық  заңнамаға  сәйкес  жартылайын немесе толығымен   азаматтық   құқықтық   айналымнан    алынған   мемлекеттік   немесе   муниципалды   меншік   объектілеріне   қатысты,  сонымен қатар  мемлекеттік  монополияны   құрайтын  басқа   қызметкерге  қатысты  емлекетпен  шетел   инвесторлар  арасында   жасалады.

Екіншіден – классикалық  азаматтық құқықтық   келісімдерге   қарағанда   аталған,   келісімдер   мемлекетпен   инвесторларға   қатысты   азаматтық   құқықтық   заңнамадан   бөлек   алымдарды  қосады.

Үшіншіден -  шетел инвесторлармен   концессионды  және басқа   шарттарды   заңды  жүзінде   дұрыс деп   тану   мемлекеттің   құзырлы   органдар  атымен атқару   билігін   жүзеге  асыру   болып  есептеледі, егер   мұндай   тәртіп  ұлттық   заңдылықпен   қарастырылса.

Төртіншіден -  инвесторлар мен   концессиондық  келісім  түрлерін   қолданатын көптеген мемлекеттер үшін ұлттық  құқықтық   режимнан   алынуы тән.

Сонымен қатар   шетел   инвесторлар  мен   концессиондық   және басқада   келісімдерде  мынадай міндетті   ережелер   көрініс   табу  керек:

- келісімге сай   инвесторлар мен   жүзеге  аысырылатын   жұмыс   немесе  қызмет түрлері;

- сыртқы сауда   келісімін  қосатын,  келісіммен   айтылған   жұмысты  және  қызметті  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  мемлекеттің  инвестор  алдындағы  оған   рұқсаттық   құжаттарды  беру  жөніндегі  міндеттері;

- келісім көлемі  шеңберінде  шығарылған   өнім және  табылған  тобында  елден  шығару   құқығы мен  қоса инвесторлардың  меншік   құқығы;

- шарт негізінде   жасалатын  минималды   бағдарлама   және   жұмыс кестесі;

- прогресивті  технологияларды   қолдану  және   бәсекеге  қабілетті   тауарлармен   қызметтерді  өндіруге   байланысты  инвесторлардың   міндеттері;

- еңбек қатынастарына,  қауіпсіздік  техникасына,  қоршаған  ортаны  қорғау  және  табиғи ресурстарды   тиімді  қолдануға  қатысты   бекітімен   заңдарды,  нормалардың  және  ережелердің   сақтауға   байланысты   міндеттері;

- шартпен   бекітілген   шектерде  инвесторларды  тартуды көздеген жұмысты  қортыландыруды  қамтамасыз  етуге   байланысты  инвесторлардың   міндеттері;

- жергілікті  мамандарды   және  басқада   жұмысшыларды   жолдауға   және оқытуға  байланысты  инвесторлардың  міндеттері;

- инвестиция объектісі  шоғырланған ауданның әлеуметтік   және өндірістік   инфраструктурасын дамытуға   байланысты  өзара   міндеттері;

- инвестормен   салықтардың, төлемдердің  және басқада   міндетті   алымдардың  түрлері, нысандары,  және  анықталу,   енгізілу   реті;

- келісінің  әрекет  мерзімі   оны   ұзартудың   шарттар   мен реттері, даулары шешу реті.

Шетел  инвесторлар мен   жасалатын   концессиондық   және басқа да шарттардың   келтірілген   ережелері,  шарттар немесе  келісімдердің  түрлеріне  байланысты  жартылай  және  толығымен  басқа  ережелер  мен   толықтырулы  мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет