Методикалық нұсқамалар
Кәсіпкерлік құқық «Құқықтану» мамандығы бойынша қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері оқып білуге арналған оқу пәні болып табылады. Оқу бағдарламасы «Кәсіпкерлік құқық» пәні үшін арналған мемлекеттік білім стандартты талаптарына негізделеді кәсіпкерлік құқықты оқу өзіне дәрістік, семинарлық сабақтарды, студенттердің арнайы әдебиеттермен, нормативтік актілермен, сот тәжірибесі материалдарымен өзіндік жұмыс жасауын біріктіреді. Курсыт оқу емтихан тапсырмуен аяқталады.
Кәсіпкерлік құқық кешенді құқық саласына жатады, ол оқу пәнінің ерекшелігін анықтайды. Кәсіпкерлік құқықтың пәні болып кәсіпкерлік аумағында қалыптасатын құқықтық қатынастар табылады: кәсіпкерлік қызмет еңбектілерін тіркеу, олардың өндірістік-шаруашылық қызметі, щаруашылық субъектілерінің шарттық қарым-қатынастары, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу, оның ішінде антимонополиялық және салықтық реттеу, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау.
Осы оқу пәнін оқыту кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтік реттейтін заңдылықтарды толық көлемде оқып үйренуді, нарықтық қарым-қатынас жағдайында кәсіпкерлік заңдылығын қолдану тәжірибелерін қалыптастыруды және кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге заңдық көмек көрсетуді болжайды. Өз ісін қалай бастау керектігін білу керек кәсіпорынды тіркеу, нарықтық жағдайда іс әрекет ету және де өз құқықтары мен заңды мүдделерін құқықтық құралдар көмегімен қорғау білу қажет.
Семинарлық сабақтар студенттерді пән бойынша білімдерін және теория ережелерін тереңдетіп түсінуін бекітуге көмектеседі, сондай-ақ жаңа заңнаманы оқып үйренуіне және іскерлік қағаздарды жасау дағдыларының дамуына, нақты заңды казустарды шешуге, пікір таластар жүзгізуге мүмкіндік кіреді.
Оқу курсы бағдарламасының сұрақтарын тереңдетіп-оқып үйрену үшін әр тақырып соңында аталған оқу құралдарын, монографиялық зерттеулерді, нормативтік актілерді пайдалану, сондай-ақ заңнаманың өзгеруін қадағалау және сот тәжірибесін тұжырымдау ұсынылады.
«Кәсіпкерлік құқық» пәні бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |