8. Гражданское право. Учебник. /Под ред. А. П. Сергеева, Ю. К. Толстого. –3-е изд., перераб. и доп.-М.: ПРОСПЕКТ. Ч.1, 1998.- 631с.
Есептер
1. Құс фабрикасы фермер Есеновқа екі ғимарат орнын жалға береді, алайда ғимарат орындары фермерге іс жүзінде өткізілгеннен соң тек 6 айдан кейін ғана шартқа қол қойылды. Құс фабрикасы мен фермер арасындағы шарттық қарым-қатынастар тек шартқа қол қойылған күннен бастап пайда болғанына сүйене отырып, фермер жалға алғаннан орынның ақысын тек шартқа қол қойылған күннен бастап қана төлейді, ал алдыңғы алты айға ақы төлеуден бас тартады. Дауды сотта қарастыру кезінде фермер шатқа уақытында қол қойылмау себебі құс фабрикасы жалға беретін орынды шарт мақсаттарына бейімсіз күйде өткізгенін және фермердің өзі оны қайта жабдықтағанын айтады. Онымен қоса фермер жалға берілген күннен бастап орынның бір бөлігін тракторлар бөлшектерінің қорын сақтау үшін пайдаланғанын растайды.
Сот қандай шешім шығаруы тиіс?
2. Азамат Саматов шарт бойынша азамат Қаржауовтың «Жигули» автокөлігін ақы төлеп уақытша пайдалануға алады. Біраз уақыт өткен соң Қаржауов өз таныстарынан Саматовтың жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, Қаржауовтың автомобилін жолаушыларды ақы алып тасымалдау үшін пайдаланып жүргенін біледі. Автомобилдің осылай жиі қолдануымен келісе алмаған Қаржауов автомобильді пайдаланғаны үшін Саматовтан жолаушылар тасымалдаудан түскен табыстың 20%-ы мөлшерінде төлем орнатуды немесе шартты бұзуды талап етеді. Саматов Қаржауовтың талабы негізсіз деп санайды, өйткені олар Саматов тапқан табысының проценттік үлесіне үміттенуге болатындай бірлескен іс-әрекет шартын емес, жалға алу шартын жасасты. Сонымен жалға алу шартында автомобильдің қандай мақсаттар үшін пайдалануы керек екені жайлы бірде-бір сөз жоқ. Келісімге келе алмаған тараптар заң кеңесшісіне барады, ол жердегі қорғаушы Саматовты жақтап, автомобильді пайдалану кезінде мақсаттық тағайындалу сақталады деп мәлімдейді.
Қорғаушының шешімі дұрыс па?
3. «Қаршыға колхозы» акционерлік қоғамы Ақбидай ауылының селолық тұтыну қоғамына көкөніс сақтау орнын жалға береді. Бұл көкөніс сақтау орны колхоздың тұрақты (мерзімсіз) пайдалануына алынған жер учаскесінде орналасқан. Шарттың күші бар кезде қоғам колхоз келісімін алып, көкөніс сақтау орнын магазин етіп қайта жабдықтайды, ал кейін колхоз келісімін алмай-ақ, жалгер үйді бұзып, құрылыс материалы ретінде тура сол жерге үй салу үшін пайдаланған болатын. Колхоздың қоғамға көкеніс сақтау орнын қайтару туралы талап арызын сот жалгердің мүлікті қайтаруға және мүліктің нашарлауы мен құнсыздануы себебінен туған жалға берушінің шығындарын өтеуге міндетті екенін негізге ала отырып, қанағаттандырады. Сот шешіміне шағым беріп, жауапкер мүліктің қазіргі кезде жоқтығын, ал сотта іс қаралып жатқан уақытқа қарай қоныстандырылған тұрғын үйдің құрылысы қымбат болып шыққандығынан колхоздың талап арызын қабылдамау керек деп көрсетті.
Жоғарғы сот қандай тарапты қолдауы тиіс? Егер тұрғын үйге меншіктілік құқығы бәрібір де қоғамның пайдасына берілсе, жер учаскесін иемдену құқығы кімде болмақ?
4. 10 мамырда Қалалық мүлікті басқару комитеті жалға алу шартының мерзімі өткеніне байланысты «Арман» АҚ-ын берілген үйден шығару туралы талап арызын сотқа берді. Шартта оны бұзудың басқа жолы қарастырылғанына: егер шарт мерзімінің аяғына 2 ай қалғанда тараптардың ешқайсысы оның қысқартылуы жайлы сөз қозғамаса, онда ол тура сондай мерзімге, яғни 5 жылға ұзартылатынына сілтеу жасай отырып, қоғам талап арызға қарсылық білдіреді. ҚМБК болса, шартты бұзу жайлы талабын 1 көкекте, яғни шартты бұзу жайлы сөз қозғауға болатын мерзімнің аяқталуынан соң 5 ай откенде берді.
Бұл дауда кім әділ?
5. «Құрылыс» акционерлік қоғамы «Алматы Трест» акционерлік қоғамына тас ұсақтайтын жабдықты 5 жылдық мерзімге жалға өткізеді. Жалға берушінің рұқсатымен жалгер тас ұсақтайтын жабдықты «Мерей» жауаркершілігі шектеулі серіктестікке 3 жылдық мерзімге қосалқы жалға береді. 6 айдан соң «Құрылыс» пен «Алматы Трест» өзара келісімі бойынша шартты бұзуды ұйғарады. Сол себепті мүлік иесі «Мерей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тас ұсақтайтын жабдықты қайтаруды талап етеді. Ал ол болса, мерзімі әлі өтпеген қосалқы жалға алу шартын негіз етіп, жабдықты қайтарудан бас тартады.
Істі шешіңдер. Егер:
1) жалға алу шарты жалгердің жалға алу ақысын төлемеуіне байланысты бұзылған болса;
2) тас ұсақтайтын жабдық жалға берушінің келісімінсіз қосалқы жалға берілсе шешім өзгеріске ұшырай ма?
6. Азамат Несіпбек ашық акционерлік қоамның өзіне тиесілі 10 акциясын Лекерова деген азаматшаға жалға береді. Лекерова акционерлік қоғамның жылдық кезекті жалпы жиналысына келіп оған қатысуға мүмкіндік алады, күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша дауыс беріп девидент алады да оны сол күні өз дивидент мұқтаждығына жұмсап жібереді.
Алынған девиденттерді қайтаруды талап еткен Несіпбекке, Лекерова өз наразылығын білдіріп, жалға алынған мүлікті пайдалану кезінде өндірілген табыс шартта көрсетілмесе де жалға алушының меншігіне өтетіндігін айтады. Несіпбек сотқа жүгінеді.
Сот қандай шешім шығаруы тиіс?
Сондай-ақ акция арынына вексель жалға берілген болса шешім өзгере ме?
Достарыңызбен бөлісу: |