Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру



бет3/5
Дата19.10.2023
өлшемі162,89 Kb.
#186653
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру

Бірлескен кәсіпкерлік-

  • Бірлескен кәсіпкерлік-
  • Компания шетел субьектілерімен бірге меншікті бөліседі және өндірісті бақылайды.
  • (Кока Кола Алматы Боттлерс; КазГЕРмұнай; Интертелеком; «Казаххром», «Шеврон»)

Сауда немесе тауар айырбасы сферасындағы әріптестік- мұндай әріптестік формасына тауар айырбас операцияларын жатқызуға болады.

  • Сауда немесе тауар айырбасы сферасындағы әріптестік- мұндай әріптестік формасына тауар айырбас операцияларын жатқызуға болады.
  • Бартерлік мәміле-белгілі бір көлемдегі бір немесе бірнеше тауарларды саны, құны, бойынша басқа ұқсас тауарлармен алмастыру операциясы. Бартерлік келісімнің ерекшелігі тараптардың бір шартқа қол қоюы, бұл құжатта мәміленің осы түрінің барлық шарттары (нақты қандай тауарлар алмастырылады, өзара жеткізу мерзімі) бойынша толық келісімдер қамтылады.
  • Оффсеттік мәміле- тауарлармен және қызметтермен айырбас жасауды, сондай ақ алынған жеңілдіктер мен әртүрлі сипаттағы көрсетілген қызметтердің орнына капитал салымын жасау мүмкіншілігін беруді білдіреді.
  • Бартерлік мәмілелерді жүзеге асыру кезінде екеу ғана емес, үш немесе одан да көп тарап қатысатын болса, коммерциялық триангуляция (ұшбұрыш) деп аталады.

Сауда сферасындағы әріптестердің өзара қарым-қатынас нысандарына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • Сауда сферасындағы әріптестердің өзара қарым-қатынас нысандарына төмендегілерді жатқызуға болады:
  • Сату-сатып алу мәмілесі-сатушыда бар тауармен жасалатын мәміле. Мұндай мәміле жасасу кезінде әріптестердің қарым-қатынасы жеткізу немесе сату-сатып алу шартымен рәсімделеді;
  • Форвардтық мәміле-шартта белгіленген белгілі бір мерзімде, тараптармен келісілген жеткізу және есептесу шарттарында, болашақта сатушының сатып алушының меншігіне тауарды беруді көздейтін мәміле;
  • Тікелей өндірістік байланыстарды орнату-өндірістік, ғылыми-техникалық және басқа да қызмет сфераларындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы тікелей ынтымақтастыққа негізделген, әріптестердің қарым-қатынасы. Мұндай мәмілелер контракт түрінде рәсімделіп, жүзеге асырылады.
  • Спот-тез арада немесе жақын аралықта қолма-қол ақша қаражатымен есептесу арқылы орындалатын мәміле;
  • Тауарлардың экспорты мен импорты-мұндай операцияның негізін тауарларды шетелге шығарумен және шетелден алып келумен байланысты әріптестердің арасындағы қарым-қатынас құрайды.
  • Нақты тауарлардың қатысуынсыз жүзеге асырылатын мәмілелердің қатарына фьючерстік және опциондық мәмілелерді жатқызуға болады.
  • Фьючерстік мәміле-сатушының белгілі бір жерге белгіленген мерзімде алдын ала анықталған көлемдегі тауарды сатып алушыға жеткізумен байланысты стандартты міндеттемелерді айтады.
  • Опциондық мәміле- едәуір жоғары бағада қайта сату және пайда табу мақсатымен опциондық келісім шартты сату немесе сатып алуды білдіреді. Мұндай мәміледе келісім шартты жасасу кезіндегі баға мен оны сату кезіндегі баға айырмашылығы арқылы пайда табатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет