Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары


Кәсіпкерліктің мақсаттары



бет4/4
Дата16.05.2022
өлшемі450,94 Kb.
#143468
1   2   3   4
Байланысты:
кәсіпкерлікқұқық

4. Кәсіпкерліктің мақсаттары.
Мақсаттар кәсіпкерлік қызметке бағыт береді және оны реттеп отырады. Өйткені кәсіпкерлік қызмет анықталған мақсаттарға жетуге бағытталады. Кәсіпкер өзінің мүмкіндіктеріне сәйкес мақсаттарын анықтайды.
Жалпы алғанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаттарына келесілерді жатқызуға болады:
1)белгілі бір уақыт ішінде кәсіпкерліктің қандай-да бір объектісіне салынған капиталдан және жұмсалған ресурстардан пайда табу.
2)қоғам мүшелерінің, мемлекеттің немесе аймақтың нақты қажеттіліктеріне деген сұранысын қанағаттандыру.
5. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру қағидалары.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру қағидалары.
1)кәсіпкерлік қызметтің еркіндік қағидасы
2) Әртүрлі меншік нысандарының танылуы, меншік құқықтрының заңдық теңдігі мен бірдей қорғау қағидасы.
3) бәсекены қолдау және жосықсыз бәсеке мен монополиялануға бағытталған экономикалық қызметке жол бермеу қағидасы.
4) кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу қағидасы.
5) заңдылық қағидасы.
6) кәсіпкерлер мен тұтынушылар құқықтарын қорғау қағидасы.
Әрбір тұтынышының, атап айтқанда:
тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметті пайдалану үшін еркін шарт жасасуға;
тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) тиісінше сапалы және қауіпсіз болуына;
тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнінде толық және анық мәлімет алуға;
тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бірігуге құқығы бар.
Кәсіпкерліктің негізгі қағидаларына келесілерді де жатқызуға болады:
кәсіпкерсік қызметке азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктері мен қаражаттарын тарту;
кәсіпкердің кәсіпкерлік қызмет түрлерін тандау еркіндігі;
кәсіпкердің тәуекелге баруы және комерциялық есеп жүргізуі;
кәсіпкерлік қызметті іске асыру мен даму бағыттарын дербес анықтау ;
материалдық, қаржылық, еңбек, табиғи және таңы басқа да ресурстарды тарту және айдалану;
кәсіпкерлердің жұмыскерлерді жалдау еркіндігі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет