Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары


) Кәсіпкерліктің әлеуметтік функциясы әрбір әрекет қабілетті адамның өз ісінің меншік иесі болу мүмкіншіліктерін жақсы көрсете білумен сипатталады. 5)



бет3/4
Дата16.05.2022
өлшемі450,94 Kb.
#143468
1   2   3   4
Байланысты:
кәсіпкерлікқұқық

4) Кәсіпкерліктің әлеуметтік функциясы әрбір әрекет қабілетті адамның өз ісінің меншік иесі болу мүмкіншіліктерін жақсы көрсете білумен сипатталады.
5) Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық функциясы кәсіпкерлердің өз ісін ұйымдастыру туралы дербес шешім қабылдауда, кәсіпкерлік басқаруды жүзеге асыруда, өндірістік құрылымды құруда, фирманың іс-әрекет стратегиясын өзгертуде және тағы басқаларда көрініс табады.
 
3.Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері.
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр.
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және объект бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері): жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субьектілері мыналар бола алады:
— Қазақстан азаматтары;
— Шетел мемлекетінің азаматтары;
— Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заң дармен реттеледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мынадай санаттарға жатқызылады: 1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның ішінде микрокәсiпкерлiк субъектiлерi; 2) орта кәсiпкерлiк субъектiлерi; 3) iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi.
Кәсіпкерлік объектілеріне пайда әкелетіннің бәрін жатқызуға болады: мүлік, тауарлар, ақша және құнды қағаздар, ақпарат, интеллектуалды қызметтің нәтижелері (патенттер, лицензиялар). Кәсіпкерлік объектіліерің еркін сатуға және сатып алуға болады.
Кәсіпкерлік объектісіне кәсіпорындар да жатады – кәсіпкерлік қызмт жасайтын мүліктік коплекстер. Кәсіпорын жылжымайтын мүлікке жатады және еркін сатылады.
Кәсіпкерлік объектісіне өндірілген тауар мен көрсетіліп жатқан қызметті де жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет