Кәсіпкерлік тәуекел Эссе



Дата06.02.2022
өлшемі14,66 Kb.
#81394
Байланысты:
экономика


Кәсіпкерлік тәуекел
Эссе
Еліміздің экономикалық дамуының қай кезеңіңде болмасын кәсіпкерлікі ұйымдастыру мен дамыту маңыздылығын жоғалтқан емес. Қазақстан дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды басқауда өте күрделі мәселелердің пайда болуымен сипатталады. Ол әлемді қамтыған қаржы дағдарысы, еліміздің әлемдік экономикаға кірігуі мен жаһандану жағдайына, сондай-ақ дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындық тұсында бизнесті ұтымды ұйымдастыру, басқару және тиділігін арттыру сияақты мәселелерді де қамтиды. Кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басымды бағыты болып табылады. Қазақстан республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде экономикалық реформалардың табысты жүзеге асуына ерекше назар аударды. Өйткені, ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен жоспары экономикадан нарықтық экомиаға өту тұсында оның маңыздылығы жоғары болады. Осыған байланысты елімізде меншіктін әртүрлі нысандарның қалыптасуы және соның негізінде кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде жол беру кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының бастапқы алғы шарты болып табылады.
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік пен іскерлік- адамның еркін өмір сүру әдісі. Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекел ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік, болжамдылық, жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. Менің ойымша кәсіпкерліктің негізгі қағидаларына төмендегілерді жатқызуға болады.
Біріншіден, кәсіпкерлік қызметке азаматтар мен заңды тұғалардың мүліктерімен қаражаттарын тарту.
Екіншіден, кәсікерлік қызметті іске асыру мен дамту бағыттарын дербес анықтау.
Үшіншіден, материалдық, қаржылық еңбек табиғи және басқада ресурстарды тарту мен пайдалану.
Төртіншіден, салық және басқада міндетті төлемдерді, міндеттемелерді төлегенен кейін қалған табыс көлемін бөлу еркіндігі.
Қортындылай келе адамдар әртүрлі қызмет ауқымында барлық уақытта тәуекелмен кездеседі. Кәсіпкерлік қызмет-бұл инновациялық тәуекелдік қызмет. Кәсіпкер жаңа технология, жаңа техника еңбекті ұйымдастырудың, өндірістің, инновациялық маркетингтін, менджменттін жаңа әдістерін қолдана отырып, шығын алуға ресурстардың бір бөлігін немесе толығымен жоғалтуға тәуекелге барады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет