Нарық құрылымы - бұл нарықтың бөлек элементтерінің ішкі құрылысы.
Нарықтың құрылымы әр түрлі критерийлермен жіктеледі:
1. Аумақтық белгілері бойынша:
1. Аумақтық белгілері бойынша:
а) нақты тауар нарығы. Нарықтың бұл түрлері халықаралық жєне ұлттық та ауқымда болуы мүмкін. Мысалы, жеке компьютер нарығы, касетті магнитафондар нарығы, кеңестік қызмет көрсету нарығы;
б) жергілікті нарық. Ол елдің бір немесе бірнеше аудандарымен шектеледі;
в) ұлттық нарық - барлық ұлттық аумақты қамтитын нарық. Мысалы, ел нарығы, Қазақстанның географиялық нарығы, өзбекстанның нарығы жєне т.б;
г) аймақтық нарық - аймақтық белгілері бойынша ел топтарын қамтитын нарық;
д) әлемдік халықаралық нарық - әлемнің барлық елдері кіретін нарық.