а) экономикасы натуралдық шаруашылық тұрпатындағы елдер нарығы. Көптеген елдер қарапайым ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысады. өндірілген өнімнің көп бөлігін олар өздері тұтынады, ал қалған бөлігін қарапайым тауарлар мен қызметтерге айырбастайды;
б) шикізат экспорттаушы елдер нарығы. Олар бір немесе бірнеше табиғи ресурстарға бай және өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін валюталық түсімнің көп бөлігін осы ресурстарды экспорттау жолымен алады;
в) өндірісі дамушы елдер нарығы. Олардың шаруашылықтық құрылымдары, экспорттық бағыттағы ауыл шаруашылығы мен кен өндіру өнеркәсібінен тұрады;
г) өндірісі дамыған елдер нарығы. Оларға алдыңғы қатарлы шаруашылықтық құрылым тән: өнеркәсібі кең әртараптандырылған сипатта, қызмет саласы әжептәуір дамыған, ауыл шаруашылығының үлесі шағын.