Кәсіпкерліктің Ұйымдық-ҚҰҚЫҚТЫҚ нысандары, олардың ерекшеліктері



бет9/9
Дата29.09.2022
өлшемі135,58 Kb.
#151107
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Франчайзингтің пайда болу тарихы

  • Зингер тігін машиналарының сату және қызмет көрсету жүйесі қазіргі заманғы франчайзинг жүйесінің прототипі болып саналады. Әлемге әйгілі "Singer Sewing machine company" компаниясының негізін қалаушысы Исаак Зингер қазіргі заманғы франчайзингтің негізін салушысы болды. 1851 жылдан бастап Зингер фирмасы франшиза тапсыру үшін жазбаша шарт түрінде дистрибьюторлармен бітім жасауды бастады. Шартта Америка Құрама Штаттарының белгілі бір аумақтарда тігін машиналарының сату және жөндеу құқығы белгіленген.
  • .

    Қазақстан Франчайзинг тарихы

    Қазақстан Франчайзинг тарихы

    • Қазақстандық франчайзинг "Coca-Cola" зауытының пайда болуымен басталады, қосалқы түрік сублицензиясы лицензиардың аттас сауда маркасы бойынша ашылды. Зауыт 1994 жылы салынды. Елдегі өндірістің ашылуы, сапалы шетелдік компанияның қатысып отырғанын білдірді. Осылайша, атақты сусындар өндірушінің өнімі жай қарабайыр импорт түрінде ғана қол жетімді болған жоқ. Компанияны құру барысына жергілікті компания қызметкерлердің қатысуымен ұлттық өнім жасалынды.
    • Сол жылы Қазақстандағы және Орталық Азиядағы бірінші 5-жұлдызды "Рахат Палас" қонақ үй пайда болды. Кейіннен бұл қонақ үй "Hayatt Regency" халықаралық франчайзингтік қонақ үйлер желісінің бөлігіне айналды. 90-ыншы жылдардың ортасынан бастап халықаралық өндірушілердің көптеген сәнді киімдерінің дүкендері және бутиктері елдегі франчайзинг жүйе бойынша ашылды. Мысалы, Қазақстандағы 90-ыншы жылдардың екінші жартысындағы "Adidas" фирмалық дүкеннің пайда болуын атап өтуге болады.

    Қазақстандағы Франчайзинг

    Қазақстандағы Франчайзинг

    • 2007 жылдан 2011 жылдар арасында франчайзинг айналымы 100% дерлік ұлғайды және қазіргі таңда шамамен бір миллиард долларды құрайды. Бұл Қазақстанның франчайзинг секторы бойынша Орталық Азияда көшбасшы болып табылатынын сенімділікпен айтуға болады. 2002 жылдан бастап франчайзинг туралы арнайы заң шығарылған, ол заң бойынша шамамен 150 франчайзингтік жүйе және 1000-нан астам франчайзингтік ұйымдар жұмыс істейді. Тек қана 2003-2007 жылдар арасында елде франчайзингтік жүйелер 2,5 есе дерлік өсті. Франчайзингтің орташа жылдық айналымы үш еседен аса өсті. Франчайзингтік компаниялардың арқасында жұмыс орындарының саны көбейді және сектор көрінісі түрлендірілді.

    Назарларыңызға рахмет!!!



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет