Шаруашылық жүргізуші субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, ша-руашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін.
Межелеудің ең жалпы белгісі шаруашылық жүргізуші субъек-тілерді қызмет сфераларының біріне – материалдық немесе материалдық емес (қызметтер сферасы) сфераға жатқызу болып табылады.