Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандары меншік нысанымен – мемлекеттік, жеке меншікпен (әр түрлілігімен) анықталады. Мөлшері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер шағын, орта және ірі болуы мүмкін.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады.
Мысалы, экономиканың нақты секторының жекеше шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржылық қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза табыс, банк кредиттері; бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар); мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде – кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде жұмыскерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік қоғамдарда да осылай.