Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы Орындаған: Наурызбай С. Нурмухамбетов А


Кәсіпкерлікті өндірістік ресурстармен қамсыздандыру



бет5/10
Дата12.12.2021
өлшемі104,47 Kb.
#99747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
e2b739f2-be54-4c1e-894a-a452292cbb50

2.2. Кәсіпкерлікті өндірістік ресурстармен қамсыздандыру.

Үкіметтің кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі саясаты жеке сектордың экономикадағы өсу қарқынын жеделдетуге қолайлы жағдай жасауға және оның нарыққа кіруін жеңілдетуге бағытталуы тиіс. Сондықтан да кәсіпкерлік құрылымдарының өкілдерімен бірге пайдаланылмаған өндірістік ғимараттар мен құрал-жабдықтарды, жер телімдері мен алаңдарды, аяқталмаған құрылыс объектілерін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына беру мақсатында санақтан, яғни инвентаризациядан өткізу керек.



Ұлттық бағдарламалардың іске асуына ат салысуы үшін шағын және орта кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары көрсетілген.

Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау ісінің маңызды шарты инвестициялар болып табылады. Жеке кәсіпкерлік қоғамдағы табиғи, адамдық және ұйымдық ресурстарды біріктіре отырып, инвестициялардың барынша тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Сол себептен шағын және ірі бизнес арасындағы ынтымақтастық жүйесін, яғни франчайзингті қалыптастыру мақсатына бағытталған мемлекеттік қаржыларды көбейту аса маңызды.

Шағын және орта бизнеске шетелдік компанияларды және жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржыларын тарту үрдістерін күшейту қажет.

Тұжырымдамада кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің осы саладағы басты жобаларды атқаруына қолдау көрсету мақсатында оларды мемлекеттік несиелермен қамтамасыз ету міндеті ұсынылған.

Тұжырымдамада шағын және орта бизнестің дамуына негіз болатын экономикалық ортаны жақсартуға бағытталған сақтандыру ісі, несие және салық жүйелеріне қажетті өзгерістерді енгізу қарастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет