Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы Орындаған: Наурызбай С. Нурмухамбетов А


Сондай-ақ, экономиканың өзге салаларында да кәсіпкерлік құрылымды дамыту керек



бет7/10
Дата12.12.2021
өлшемі104,47 Kb.
#99747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
e2b739f2-be54-4c1e-894a-a452292cbb50

Сондай-ақ, экономиканың өзге салаларында да кәсіпкерлік құрылымды дамыту керек.

4. Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру

Кәсіпкерлік құрылымдардың сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі сыртқы экономикалық байланыстарды реттеуге, барлық кәсіпкерлер үшін теңдей жағдай жасауға және олардың шетелдік капиталды алып, тиімді қолдануын қамтамасыз етуге бағытталу керек.



Осыған байланысты төмендегідей шараларды атқару ұсынылады:
  • шағын және орта кәсіпорындарға шетелдік серіктестерімен іскерлік байланыстарды орнатып, ортақтаса бизнес жүргізуіне және лизингтік компаниялардың қатысуымен шетелдік технологиялар мен құрал-жабдықтарды (ноу-хау) кешенді түрде жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыруына қолдау көрсету, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік субъектісіне сыртқы сауда қызметін дербес жүргізу құқығын беру;
  • шағын және орта бизнесті дамытудың басты бағыттары бойынша техникалық-экономикалық негіздермен қамтамасыз етілген инвестициялық жобаларға жеңілдетілген шетелдік несие беру жолдарын қарастыру;
  • • экспорттық тауарларды өндіретін кәсіпорындарды ынталандыру шараларын атқару және импорттық, экспорттық өнімдерді шығаруға лицензия бере отырып, кәсіпкерлік құрылымдарға жеңілдік жасау;
  • • ішкі нарыққа бағытталған өндірістерді мемлекеттік несиемен көптеп қамтамасыз ету және жеңілдетілген салық жүйесін қолдану;
  • • шетелдік инвестициялар туралы заңдарда шағын және орта бизнестегі шетелдік инвестицияларды сақтандыру ерекшеліктері жөнінде қосымша тәртіпті орнату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет