2. Кәсіпорын пайдасы және оны бөлу. Рентабельділік көрсеткіші.
Өнімді өткізуден түсетін табыс
Табыс — кәсіпорын есеп шотына сатып алушыға жіберілген тауар үшін түскен ақша. Табыс мөлшері жіберілген өнім құнынан айрықшалану мүмкін. Оның факторлары: қоймадағы дайын өнім қалдықтары; жіберілген, бірақ төленбеген тауарлар;сатып алушыда жауапты сақтауда болатын тауарлар.
Пайда — шаруашылық қызметтің нәтижесін сипаттайтын экономикалық категория. Кәсіпорын балансында көрсетілетін пайда баланстық деп аталады.
Баланстық пайда үш элементтен тұрады:
1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда
мұндағы Тс-сыз. — ҚҚС-сыз, акцизсіз өнімді өткізуден түсетін табыс; ӨҚ— өзіндік құн
2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда
мұндағы Тс — сатудан түскен табыс (ҚҚС-сыз); Мқк— мүліктің қалдық құны.
3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар.
Өткізуден тыс табыстарға келесі жатады:
Басқа кәсіпорындар қызметіне қатысу үлесіне қарай алған табыстар;
Кәсіпорынның бағалы қағаздары бойынша;
Мүлікті жалға беру арқылы;
Борышқорлардан түскен айып-ақылар, пенялар, айып төлемдер;
Валюталық шоттардың кәсіпорын үшін оң курстық айырмалары және т.с.с.
Өндірістен тыс шығындарға келесі жатады:
Сотқа кеткен шығындар;
Кәсіпорын төлейтін айып-ақылар, пенялар, айып-төлемдер;
Стихиялық аппаттан болған жоғалтулар
Ұрлаудан болған шығын;
Валюталық шоттар бойынша кәсіпорын үшін теріс кустық айырмалар және т.с.с.
Пайданы бөлу: Баланстық пайдадан салықтар және банк несиесі үшін төленетін пайыз алынады. Сонда таза пайда шығады. Осы таза пайданың құрамынан сақтық қор құрылады (акционерлік қоғамдарда 25 % жалпы Жарғылық капиталдан). Одан кейін арнайы қорлар құрылады (өндірісті дамыту қоры, тұтыну қоры, ерекше даму қоры). Сонымен қатар, пайдадан дивидендтер төленеді (акционерлік қоғамдарда).
Шетел кәсіпорындарында пайданың қалыптасуы.
—
=
—
=
Кәсіпорында сондай-ақ, маржинальды табыс анықталады. Ол өткізуден түскен табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырмаға тең. Оның көмегімен әр өнімнің жалпы кәсіпорын пайдасын құрастырудағы үлесін анықтауға мүмкіндік береді.
Ақша
Өткізуден түскен табыс
Тұрақты
шығындар
Өзгермелі
шығындар
Сату көлемі
Достарыңызбен бөлісу: |