«КӘсіпорын экономикасы» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет1/6
Дата23.10.2020
өлшемі150 Kb.
#68765
  1   2   3   4   5   6

УМКД 042-18-1.1.14/02-2014


№ 3 баспа 11.09.2014ж.

бет-тен



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖқұжаты

ПОӘК

УМКД 042-18-1.1.14/02-2014

ПОӘК

«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша студентке арналған жұмыс бағдарламасы

№ 3 баспасы 11.09.2014ж.


«КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
мамандықтары 5В050800-Есе аудит, 5В050900-Қаржы,

5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару

студенттеріне арналған
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2014




Алғы сөз


  1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған __________ «29» тамыз 2014ж.,


«Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Алимжанова А.М.



  1. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Экономика және бизнес» кафедрасының мәжілісінде


Хаттама № 1 «29» тамыз 2014ж.,
Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент ____________________ Жайлаубаева Ш.Д.
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде
Хаттама № 1 «09» қыркүйек 2014
ОӘБ төрағасы ______________ Тойкин С.Қ.



  1. БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінде бекітілді және баспаға ұсынылды


Хаттама № 1 «11» қыркүйек 2014ж.,
ОӘК төрайымы __________________ Г.Искакова



  1. ЕНГІЗІЛДІ

№ 3 баспа 11.09.2014ж. №2 басылым орнына «18» қыркүйек 2013ж.



Мазмұны

1.Жалпы талаптар

2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі

3. Пәнді оқудың әдістемелік нұсқауы

4.Курс форматы

5.Курс саясаты

6.Баға қою саясаты

7. Әдебиет




  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат

Алимжанова Арайлым Магашевна - экономика және бизнес магистрі,

«Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы

Байланыс ақпараты– тел. 530316, № 8 оқу ғимараты, кабинет 234А.

Аудитория № 8 (10 оқу ғимараты)

Осы пән бойынша кредит саны– 3
1.2. Пәннің қысқаша мазмұны

Кәсіпорын халық шаруашылығының негізгі элементі бола отырып, оған нарықтық қатынас жағдайында шаруашылық еркіндік және өзін-өзі басқару берілгендіктен, олардың жұмысының соңғы нәтижелеріне жауапкершілік артты. Осыған байланысты кәсіпорын, фирма экономикасын жете білу кез келген машина жасау мамандарына міндетке айналды. Кәсіпорын экономикасы пәні машина жасау мамандығында оқитын студенттер үшін ең маңызды пәндердің бірі болып табылады. Нарық қарым-қатынастары жағдайында экономикалық қызметтің орталығы бүкіл экономиканың негіэгі бөлігіне-кәсіпорынға ауысып отыр, өйткені тек экономиканың осы деңгейінде ғана қоғамға қажет өнім шығарылады және қызмет көрсетіледі. Мұнда халықтың жұмысқа қабілетті адамдарының негізгі бөлігі жұмыс істейді. Білікті кадрлар да негізінен осында шоғырланған. Кәсіпорында қажет өндіріс қорларын тиімді пайдалану, жоғары сапалы техника мен технологиялар енгізу сұрақтары қарастырылады.Мұнда өндіріс шығындарын ең төменгі мәнге жеткізу, бизнес-жоспарларды құру, маркетинг шараларын жүргізу, нәтижелі басқару әдісі, менеджментті қолдану әдістері іске асырылады.

Кәсіпорын экономикасы пәнінің негізгі зерттеу объектілеріне келесі жатады:


  • Кәсіпорынның өндірістік қорлары, олардың құрамы мен құрылымы;

  • Кәсіпорынның еңбек қорлары, олардың еңбек өнімділігін жоғарлату жолдары;

  • Шаруашылық стратегияны таңдау, қызметтер мен жұмыстарды жасау жоспарын құрастыру;

  • Кәсіпорын капиталын қалыптастыру, қолдану, пайданың көлемін өсіру;

  • Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты, оларды тиімді қолдану;

  • Өндіріске кеткен шығындардың сметаларын құру, шығындар калькуляциясын жасау және тарифтерін құрастыру саясатын анықтау;

  • Кәсіпорынның шығаратын өнімінің сапасын өсіру, экологиялық сұрақтарды қарастыру;

  • өндірістік процесті ұйымдастыру сұрақтары, ұйымдастыру қағидаларын және әдістерін зерттеу;

  • еңбек ұжымының жұмысын уәждеу сұрақтарын шешу жолдары;

  • кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі.

1.3.Кәсіпорынэкономикасығылымының басты мақсаты-студенттерге нарық жағдайларында фирманың, кәсіпорынның экономикалық негізгі факторлары және оларды тиімді қолдану жөнінде, фирманың экономикалық және қаржылық тұрғыдан дамуын қамтамасыз ететін нарықтық әдістер туралы теориялық ақпарат пен нақты дағдылар беру

1.4. Пәнді зерттеудің басты міндеттері нарықтық экономика дамуының объективті шарттарымен және мемлекеттің экономикалық саясатымен белгіленген. Негізгі міндеттері:



  • Студенттерге кәсіпорын, фирма түсініктері, олардың түрлері және негізгі құқықтары мен міндеттемелері жөнінде ақпарат беру.

  • Кәсіпорынның құрылуын, ұйымдастырушылық формаларын, тіркелу тәртібін зерттеу.

  • Кәсіпорынның өндірістік қорларын басқару жолдарын зерттеу.

  • Кәсіпорындағы еңбек қарым-қатынастарын зерттеу.

  • Кәсіпорынның негізгі экономикалық нәтижелерін зерттеу.

  • Кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау негіздерін зерттеу.

  • Кәсіпорынның өнім сапасын арттыру, инновациялық қызметін жетілдіру жолдарын зерттеу.

  • Кәсіпорын сыртқы экономикалық қызметін зерттеу.

  • Кәсіпорындағы басқару қызметін зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.

Пәнді оқу нәтижесінде студент келісіні орындау керек:

– кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін есептеу әдістемесін, ҒТП негізгі бағыттарының тиімділігін, күрделі салымдардың, негізгі қорларды пайдаланудың, еңбек өнімділігін және өндіріс рентабельділігін өсіру тиімділігін анықтауды білу қажет;

- нарықтық қарым-қатынастар жағдайларында өндірістің барлық қорларын тиімді қолданудың жаңа әдістерін қолдануды білу қажет.


  • кәсіпкерлік есептеулердің, аналитикалық есептеулер мен болжамдардың сандық әдістерін, өндіріс тиімділігінің жалпылама және жеке көрсеткіштерін анықтау әдістемесін игеру керек

  • өндірісті дұрыс және құзырлы ұйымдастыруды, нарық талаптарын анықтауды, әртүрлі шаруашылық міндеттерді шешуге шығармашылық тұрғыдан қарастыруды, кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдауды және экономика дамуында сапалық өзгерістерді дұрыс бағалауды білу қажет;

  • жалпы экономика теориясы бойынша білімі болу керек;

  • кәсіпорында экономикалық жұмысты дербес жүргізудің, іс жүзіндегі бастапқы ақпаратты және есептелген экономикалық көрсеткіштерді дұрыс талдаудың дағдылары болу керек.

1.5. Курс пререквизиттері:

  • Экономикалық теория, микроэкономика, макроэкономика, маркетинг, менеджмент, қаржы, статистика және т.б.

1.6. Курс постреквизиттері:

  • Бағаны жасау, тәуекелдерді басқару, кәсіпкерлік, фирма ішіндегі жоспарлау, және болжау, экономикалық талдау, дипломдық жұмыс және т.б.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет