Кәсіпорынның көптеп сату бағасы дегеніміз – кәсіпорынның өндірген өнімін көптеп өткізетін ұйымдарға басқадай мекемелерге өткізетін өнім дайындаушының бағасы. Кәсіпорынның көптеп сату бағасының тағы бір түрі трансферттік баға болып табылады.
Трансферттік баға – кәсіпорынның немесе фирманың ішіндегі бөлімшелер арасында коммерциялық операцияларды жүзеге асыру кезінде қолданады, яғни фирма ішіндегі сауда бағасы.
Өнеркәсіптің көптеп сату бағасы – бұл баға кәсіпорынның көптеп сату бағасынан, жабдықтау, өткізу үстемесінен және қосымша құнға салынатын салықтан тұрады .
Баға категориясын дұрыс түсіну үшін оның құрамы мен құрылымын білу керек. Бағаның құрамы оның экономикалық элементтерін сипаттайды ( өзіндік құн, пайда, қосымша құнға салынатын салық, әр түрлі үстемелер).
Баға құрылымы оның жекеленген элементтерінің бағаға қатынасын сипаттайды.
Бөлшек бағаның тағы бір түрі аукциондық баға болып табылады. Аукциондық баға дегеніміз – аукцион бойынша сатылатын тауар бағасы, бұл баға аукцион жүргізілетін адамның іскерлігіне мамандық тәжірбиесіне байланысты және нарықтық бағадан айтарлықтай айырмашылықта болады.
Өнім бағасын белгілеу әдістерінің келесідей негізгі 3 тобы бар:
1. БАҒА ҚҰРУДЫҢ ПАРАМЕТРЛІК ӘДІСТЕРІ: үлестік көрсеткіштер әдісі, балдық әдісі, регресиондық талдау әдіс, агрегаттық әдіс.
2. БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ ШЫҒЫНДЫҚ ӘДІСТЕРІ: толық шығындық әдіс, тура шығындық әдіс.
3. БАҒА ҚҰРУДЫҢ НАРЫҚТЫҚ ӘДІСТЕРІ: негізгі факторы сатушы шығындары емес сатып алушының тауар құндылығы мен пайдалылығын бағалауы болып табылады.
Параметрлік әдістер өнімнің тұтыну қасиеттері мен оның шығындары арасындағы параметрлік қатарларға кіретін сандық тәуелділіктерге негізделген. Параметрлік қатар дегеніміз – бірдей функцияны орындауға тағайындалған біртекті өнімдерінің өзара техника экономикалық параметрлік мәнімен айырмашылықта болуы. Мысалы: станок өнімділігі – 10 кг⁄сағ;жаңа станок өнімділігі – 20 кг⁄сағ; станоктың техника-экономикалық параметрі – өнімділік.
Үлестік көрсеткіштер әдісі: Өнімнің аз тобына баға құру және талдау жасау үшін қолданылады. Мұнда өнім бағасының жалпы деңгейін толығырақ анықтайтын негізгі бір параметр шамасы арқылы баға құрылады.
Балдық әдіс. Өнім параметрінің (қолайлығы,өнімділігі, икемділігі, жылдамдығы, сенімділігі, т.б) маңыздылығын және ерекшелігін сараптамалық бағалау негізінде әр параметрге сандық бал қояды. Осы балдар қосындысы өнімнің технико-экономикалық деңгейінің интегралдық бағалауын береді. Мысалы: Пайдалану қолайлығы – 40, Ұзақтығы -30, Сенімділік – 20, Өнімділік -10, барлығы:90
Регресиондық талдау әдісі.Өнімнің технико-экономикалық параметрлі өзгерісіне баға өзгерісінің тәуелділігін анықтау мақсатында қолданады. Регрессия теңдеуі сызықтық, дәрежелі және параболалық түрде болуы мүмкін.
Агрегаттық әдіс.Өнім бағасы параметрлік қатарларға кіретін жекеленген бөлшектерді бағалап қосу арқылы анықталады.
Баға белгілеудің шығындық әдістері:1)Толық шығындық әдіс бойынша баға жалпы шығындар мен пайданың қосындысы арқылы анықталады. Осы әдістің артықшылығы: өте қарапайым, ыңғайлы. Кемшілігі: бағаны құру кезінде тауарға сұраныс нарықтағы бәсеке ескерілмейді.
2) Тура шығындық әдіс: ауыспалы шығындарға белгілі бір қосымшаларды, пайда мөлшерін қосу арқылы баға белгілеуден тұрады. Ц – V Бұл айырма маржиналды пайда деп аталады.
Жалпы баға құру кезінде келесі факторлар негізге алынады:
Өндіріс шығындарының деңгейі; Нарықтағы бәсекелестік жағдайы; Сұраныс өзгерісі;
Тауардың ерекшелігі жоғары сапаға ие болуы.
Өнім бағасы Ц анықталады:
Ц.= S * (1+R) (1)
Мұндағы S - өнім бірлігінің толық өзіндік құны, тг;
R - рентабельдік деңгейі, %
Достарыңызбен бөлісу: |