Дәрменсіздік (банкроттық) орыс ғалымдарының көзқарастары бойынша – борышкердің төлемқабілетсіздігінің сотпен анықталуы немесе баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы
Дәрменсіздік (банкроттық) орыс ғалымдарының көзқарастары бойынша – борышкердің төлемқабілетсіздігінің сотпен анықталуы немесе баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы.
Дегенмен көптеген ғалымдар банкроттықты құқықтық қатынастарды сипаттайтын категория ретінде қарастырады. Құқықтық тұрғысынан банкроттық – ол сот шешімімен немесе борышкердің жариялауы бойынша борышкердің қаржы міндеттемелері бойынша кредиторлардың талабын толық қанағаттандыруға дәрменсіздігі. Банкроттық – кәсіпорынның жойылуына негіз болатын оның төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып табылады. Құқықтық бағыттың негізі соттың дәрменсіз деп тануы.