1) Жаңа идеяларды іздеу мен бағалау. Барынша көп табыс келтіру-кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер,яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады. 2) Бизнес-жоспарды құру. Бизнес-жоспарды құру -күрделі мәселелердің бірі, яғни өзіне нарық сегменттерін қосатын, оның қөлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарын, өндірістік және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |