Кәсіптік білім беру ұйымдарының о блыстық оқу-әдістемелік кабинеті «шешендік өнер әліппесі»



бет126/234
Дата08.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#117391
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   234
Байланысты:
000d06b5-e09c5839

3 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жақсылық пен жамандық
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адам өмірінде кездесетін жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің)
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Ойнап күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып, білім аламыз!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Ақылды, тәрбиелі, саналы, адамгершілік қасиеті мол адамды жақсы адам дейді. Жақсылық – қайырымдылық, рақымдылық, мейірімділік, ізгі қасиет.
Жағымсыз іс пен оқиға, зұлымдық, жауыздық, қастық секілді нәрселер жамандыққа жатады.
Әңгімені түсініп оқы.
Жаман
Арсылдаған ит ызалана тап береді. Шарбақтың басында бір
кішкентай мысық бүрсіп отыр. Иттен қорыққанынан жонын күжірейтіп, ысылдаған дыбыс шығарды.
- Ұялмайсыңдар ма! деген зілді дауыстан екі бала селк етіп, арттарына қарады. Қария қолындағы таяғымен итті жасқап қуып жіберді.
- Біз не істедік? деп таңданды екі бала. Біз тек қарап тұрмыз.
* Әңгіменің аты неге «Жаман» деп аталды?
Қария балаларға неге ашуланды?
Жақсылық пен жамандық туралы өзіңнің ойың қандай?
Оқы және ойлан!
Кел,балалар,оқылық,
Оқығанды көңілге -
Ықыласпен тоқылық.
Оқу деген шыны – ды
Тұрған сайын щыныққан
Оқу білген адамдар –
Май тамызған қылыштан.
Білмегенді білуге,
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
*Адам өмірінің мәні неде екен?
Үйде ата - анаң, ата - әжең саған бұл тұрғыда қандай ақыл айтады?
Әңгімені оқып ат қой
________________________________________
Еркін ұйқыдан тұрып, далаға шықты. Күн ашық. Айналаның бәрі жарқырап тұр. Көңілі көтеріліп сала берді. «Мен бір жақсылық жасасам» деп ойлады Еркін.
«Алпамыс суға батып бара жатса, мен құтқарып алсам» , дей бергені сол еді, бауыры қасында тұр.
Еркін машинамның дөңгелегің салып берші! - деп қиылады.
Әрі кетші, мазамды алмай - деп ашуланды ағасы. Алпамыс өкпелеп кетіп қалды.
«Ауылдың шетіне қасқыр келсе. Қасқыр әпкемді таласа, ал мен қасқырды сабап қуып жіберсем», - деп ойлады Еркін.
Еркін екі шелек су алып келші! - демесі бар ма әпкесінің.
Өзің әкел менің уақытым жоқ!
Әпкесі басын шайқады да кетіп қалды. Еркін тағы ойға шомды.
«Ақтөс құдыққа түсіп кетсе, мен оны шығарып алсам!»
Құйрығын бұлаңдатып Ақтөс жетіп келді. «Су берші» дегендей көзін мөлтейтеді.
Кет, жоғал! Көзіме көрінбе! - деп еді, Ақтөс бұтаның түбіне зып берді.
Кімге жақсылық жасасам екен? - деді Еркін анасына келіп.
Алпамысты ойнат, әпкеңе су тасуға көмектес, Ақтөске су бер, деді анасы Еркіннің шашын сипап тұрып.
*Жақсылық жасау үшін жоспар құру керек пе?
*Жақындары Еркінге неге ренжіді?
*Төмендегі мақал - мәтелдердің қайсысы осы әңгіменің мазмұнына сай келеді?
«Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы»
«Жақсылық жасасаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр»
«Жаман ісінен көрмейді, кісіден көреді».
III. Қорытынды
Сонымен жақсылық деген не? Жамандық деген не?
«Жақсылық пен жамандық» деген ертегі жаз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет