Кәсіптік білім беру ұйымдарының о блыстық оқу-әдістемелік кабинеті «шешендік өнер әліппесі»



бет147/234
Дата08.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#117391
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   234
Байланысты:
000d06b5-e09c5839

16 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шығарманы өңдеудің тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шығармаларды өңдеудің тәсілдерімен таныстыру, оладың ерекшеліктерін айтып түсіндіру; Оқушылардың сауатты, таза, қатесіз жаза білу қабілеттерін, сөздік және тілдік қорын дамыту.Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Сыйластықты іздеген
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі
Үлкендерге «Сіз» деген!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Кейбір кітаптарды оқысаң басыңды ала алмайсың. Қалай аяқталғанын да байқамай қаласың. Кейін ол сенің сүйікті кітабыңа айналады. Жазушы ойын түсінікті әрі қызықты етіп қалай жеткізеді?
Жазушының жұмыс бөлмесіне көз салсақ: үстелдің үстінде оның қол жазбасы- туындысы жатыр.Туынды көркем, дәл, мазмұнды шығу үшін жазушы әрбір сөзіне, әрбір сөйлеміне үлкен мән беріп, ұзақ ойланып жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет