II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Ауызша түрде өтетін тілдік қарым - қатынастың саласын, ауызша сөз мәдениетін, дұрыс сөйлеуге үйрететін ғылымды орфоэпия деп айтамыз. Қазақ орфоэпиясы сөз ішінде, сөздер аралығында көрші дыбыстардың бір - біріне әсерін дер кезінде еске салып отырады. Ол гректің «орфос» дұрыс, «епос» сөз деген сөзінен шыққан.
Мысалы: Оқушы шаршы доп алдында сөйлеуі керек. Дыбыстаудағы ортақ заңдылықты сақтамай, өз бетінше сөйлесе, сөзін ұғыну қиынға түседі. Тілдік қарым қатынастың ойдағыдай өтуіне нұқсан келеді. Сөйлеушінің сөз мәдениетінің төмендігін, сауатсыздығын көрсетіп, тыңдаушыға жағымсыз әсер қалдырады.
Сөздерді дұрыс дыбыстауға және дұрыс жазуға арналған сөздіктер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |