Белгілі бір затты суреттегенде оның белгілерін көрсетесін. Немесе оны нышан деп те айтады.
Сол арқылы
суреттеу пайда болады.
Айрықша белгілер
«қандай?» деген сұраққа жауап береді.
Кез келген затты суреттегенде
ең маңызды белгілерді таңдап ал.
Ол негізгі ойды ашуға көмектеседі.
1.Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойды анықта. Оны табуға қандай белгілер көмектесті?
Аң патшасы арыстан салтанатты кеш ұйымдастырыпты. Оған ормандағы жан-жануарлар тайлы-тұяғы қалмай жиналыпты. Төрге арыстан отырыпты. Оның қасына қасқыр, түлкі, аю және қоян жайғасыпты.
Арыстан басына тәж киіпті. Онысы неше түрлі асыл тастармен көмкерілген екен. Жан-жағына қараған сайын ол тастар жылт-жылт етіп, неше түрлі сәуле шашаыпты. Үстіндегі шапанының өзі жылт-жылт етіп, көздің жауын алыпты.
Әншейінде сұп-сұр болып жүретін қасқыр да барынша сәнденіпті. Ақ көйлек, қара костюм-шалбар киіп, мойнына қызыл галстук тағыпты. Бойын тік ұстаған қасқыр түлкі бикешті биге шақырыпты.
Қашаннан сылқым түлкі бүгін тіптен түрленіп кетіпті. Етегі желбір-желбір қызыл көйлек киіпті. Мойнына қызыл моншақ, құлағына қызыл сырға тағыпты. Ал көйлегінің белдігі жып-жылтыр екен.
Достарыңызбен бөлісу: