33 сабақ Сабақтың тақырыбы: Хабарландырудағы суреттеу Мақсаты: 1.Хабарландыру туралы түсініктерін кеңейту;
2.Берілген тапсырмаларды орындау барысында суреттеу түріндегі жұмбақтарды шешуге үйрету;
3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: сурет түріндегі жұмбақтарды шешуге үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Жаңа сабақ 1.Аялдамада тұрып, хабарландыруға көзің түсті. Онда былай деп жазылыпты: Кеше кешкілік осы арада ит жоғалып кетті. Аласа бойлы, құйрығы бұйра-бұйра қара ала күшік. Кеуде тұсы әппақ. Аты Ақтөс. Мойнында қарғыбауы бар. Егер көрген-білгендер болса, хабарласуларыңызды өтінеміз.
*Жоғалған иттің айрықша белгілерін жаз. Қалған иттерді суретте. Иттің аты:________________________________________
Түсі:_____________________________________________
Құйрығы:_________________________________________
Бойы:____________________________________________