Тапсырмамен жұмыс
Мысалға назар аудар.
*Балаларға қандай мінездеме беруге болады?
Өзіндік пікір туралы сенің ойың қандай?
Теледидар көргенде, кездейсоқ бір оқиғаның куәгері болғанда немесе жаңадан бір кітап оқып бітіргенде өзіңше ой қорытып, пікіріңді айтасың ба? Кімге айтасың? Кімдермен пікір алысқан ұнайды?
Мақалды түсініп оқы.
Жамандықты көп қуған,
Бір пәлеге жолығар
Жақсылықты көп қуған,
Бақ, дәулетке жолығар.
*Осы мақалды өзің қалай түсінесің? Алып қосарың бар ма? Өз ойыңды жаз.
Мәтінді оқы.
*Жолаушы ханға өзінің ісінің дұрыстығын қалай дәлелдеді? Әңгімеден сол тұсын тауып оқы. Қалай ойлайсың, жолаушының қонық үй туралы айтқан пікірі дұрыс па? Неге? Өз пікіріңді түсіндір.
Достарыңызбен бөлісу: |