Сабақ түрі: кіріктірілген
Әдіс – тәсіл: баяндау, түсіндіру
Көрнекіліктер: Шешен билердің портреттері мен сөздері
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтарын алғызу
IІ. Қызығушылығын ояту
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді, ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім!
III. Негізгі бөлім
Балалар бүгінгі жаңа сабағымды бастамас бұрын мынандай сұрақтарға жауап беріңдер.
Шешендік сөз дегеніміз не?
Шешендік сөз дегеніміз ол – белгілі бір оқиғаға байланысты, тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және оны жұртшылық қабылдайтын, елге тараған үлгілі ойлар мен тұжырымдар.
Ал енді Төле би бабамыз айтқандай,
- Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір үйдің атасы болма,
Бір елдің данасы бол.
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал бол.
Досыңа адал бол. (Балаларға оқытып, дәптерлеріне жаздыру.)
Достарыңызбен бөлісу: |