Өсімдіктердің оң мыңдай түрі улы болып келеді екен. Мұны өсімдіктер әлемін зерттейтін ғалымдар айтып отыр. Алайда, улы өсімдіктердің бәрі бірдей қатерлі емес. Олардан бағалы дәрі-дәрмек жасалады. Улы өсімдіктер гүлімен ғана емес, хош иісімен де назар аудартады. Мысалы, маржангүлдің (ландыш) хош иісіне елдің бәрі қызығады. Бірақ, маржангүл салынған суды ішкен адам уланып қалады.Мендуана да өте улы өсімдік.
Тірек сөздер негізгі ойды жеткізуге көмектеседі. Сол арқылы әңгіменің мазмұнын еске түсіруге болады. Олар маңызды мәселені есте сақтап қалуға көмектеседі. Тірек сөздерді кілт сөздер немесе негізгі сөздер деп те айтады.
2.«Менің інім» деп аталатын әңгіменің тірек сөздері беріліп отыр. Оларды пайдалана отырып, әңгіме құрастыр.
Менің інім Анам, бөпе, перзентхана, әкем, іні, бесік, кіп-кішкентай, тербетемін, жыламайды.